25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОЛИМПИАДАШЫЛАРМЕН ЖYЗДЕСТI

16.03.2014
ОЛИМПИАДАШЫЛАРМЕН ЖYЗДЕСТI
FacebookWhatsappTelegram

Ақпан айында өткен «Сочи — 2014» қысқы олимпиадасына қатысып, жақында ғана туған қалаларына оралған семейлік спортшылар – Ердос Ахмадиев, Виктория Ланчакова, Галина Вишневскаяларды сәрсенбі күні тәуліктің екінші жартысында қала басшысы     Айбек Кәрімов әкімдіктегі жұмыс кабинетінде қабылдады. Олимпиадашылармен кездесуге қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен қалалық спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев және жаттықтырушы      Рафаель     Мерсалимов қатысты.

 

Ел намысын қорғап қайтқан семейлік спорт саңлақтарын жетістіктерімен құттықтап, барлық жанкүйер- лер мен спорт жанашырлары олимпиада кезінде олардың өнерін қалт жібермей қарап отырғандығын айтқан қала басшысы, әсіресе, Ердостың Қазақстан туын көтеріп шыққаны үлкен мақтаныш екенін атап өтті. Сонымен қатар, Галинаның олимпиададан кейін әлем чемпионатынан жеңіспен оралғанына қуанышты екенін жеткізген Айбек Мүталапханұлы олимпиадашыларға алғыс айта отырып, олардың басты жетістіктері алда екеніне сенім білдірді.

— Осы уақытқа дейін халықаралық және елішілік турнирлерде көптеген жетістіктерге жетіп жүргендеріңізден хабардармыз. Ал, Сочи олимпиадасы сіздер үшін жаңа бастама болды. Олимпиададан тәжірибе жинақта-  дыңыздар. Енді бұл тәжірибелеріңізді алдағы олимпиадада көрсетерсіздер деген сенімдеміз, — деді А. Кәрімов өз сөзінде.

Сондай-ақ, қала басшысы шаһардағы қысқы спорт түрлерін дамытуда жергілікті билік тарапынан барынша жағдайлар жасалатындығын сөз етіп, елдің абыройын асқақтатып жүрген спортшылардың жетістігі олардың бапкерлерінің орасан зор еңбегі екенін де атап өтті.

Кездесуде спорт туралы ғана емес, тұрмыстық түйткілдер де айтылды. Жаттықтырушы Рафаель Мерсалимов үш спортшының да Семейге Үржар ауданынан көшіп келгендіктен, қазіргі күнде қалада баспаналары жоқ екендігін, әзірше олардың пәтер жалдап тұрып жатқандығын жеткізді. Қала әкімі баспана мәселесін үстіміздегі жылдың аяғына дейін шешіп беруге уәде берді.

— Біз сіздерге жағдай жасап, қолдау көрсетуіміз қажет. Өздеріңізді көрсетіп, Қазақстанды әлемге мәшһүр еттіңіздер. Сонымен қатар, жастармен де үлкен жұмыстар жасау керек. Олар сіздерден үлгі алып, сіздерді мақтан тұтады, — дей келе, — А.Кәрімов, — атқарушы билік тарапынан спортшыларға ұдайы көңіл бөлінуде. Оларға өткен жылы екі пәтердің кілті табыс етілсе, биыл үш пәтер берілмек, — деп атап өтіп, олимпиадашыларға мықты денсаулық, отбасыларына  бақыт тіледі.

 

{jcomments on}Кездесу барысында спортшылар да қала басшысына қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғыстарын жеткізді. Олар үшін Сочи олимпиадасы тек  бастама екенін, алдағы олимпиа-  даларда ел қоржынын жеңіспен толтыруға тырысатындықтарын айтты.

 

— Олимпиадада қолымыздан келгенін жасап, барынша тырыстық. Бірақ, бәрі мұнымен аяқталмайды. Спортта бәрі болады. Сондықтан да, біз бағындырар белестер әлі алда. Сіздерге үлкен рахмет. Бұйырса, алдағы уақытта жетістікті еселей түсіп, жанкүйерлерімізді қуанта береміз деп ойлаймын, — дейді Ердос.

Қазіргі уақытта спортшылар келесі жарыстарға дайындалып жатқандықтарын айтады.

Кездесу соңында олимпиадашылар қала басшысына Сочиден әкелген кәдесыйлары – олимпиадалық қонжық пен Қазақстан құрамасының «Жеңіске бірге жетейік» деген жазуы бар қысқы олимпиадаға арнайы тігілген спорттық киім жиынтығын сыйға берді. Ал, қаладағы құрметке лайық азаматтарға ғана берілетін әрі аса құнды саналатын, саны шектеулі бейбітшілік стелласы түріндегі кәдесыйларды спортшыларға тарту еткен Айбек Кәрімов Галина Вишневскаяның жаттықтырушысы      Рафаель Мерсалимовке қазақтың салт-дәстүрі жазылған кітапты сыйлады.

Кездесуге келген олимпиадашылар қала әкімімен естелік суретке түсті.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС