Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАУІПСІЗДІК — САПАНЫҢ БАСТЫ ӨЛШЕМІ

09.07.2020
FacebookWhatsappTelegram

«БЖЗҚ» АҚ ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің аудитін жыл сайын табысты өткізіп келеді – бұл ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын жəне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасының дəлелі. Сондай-ақ Қордың Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңында белгіленген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестігі туралы аттестаты бар, ол Қордың Қазақстан Республикасының қауіпсіздік стандарттарына сəйкестік бойынша мемлекеттік аттестаттаудан өткенін дəлелдейді

Біз «БЖЗҚ» АҚ-ға ақпараттық қауіпсіздік деген не жəне ол қалай жұмыс істейді деген сауалымызға қарапайым жəне түсінікті тілде жауап беру туралы өтінішпен жүгіндік. Біздің сауалымызға «БЖЗҚ» АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалы директорының міндетін атқарушы Лəйлə Сабырқызы жауап береді.

— Лəйлə Сабырқызы, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қор қандай қауіпсіздік шараларын қабылдауда?

— Киберқорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қор жаңа жəне ең сенімді болып танылған құралдарды пайдаланады. Біз үнемі даму үстіндеміз, себебі салымшылардың жеке деректерінің қауіпсіздігі – жұмысымыздағы ең басты бағыттардың бірі. Қор салымдардың сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, зейнетақы шоттарының иелеріне қатысты деректердің құпиялылығы үшін де жауап береді. БЖЗҚ ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мен жаңа жобалардың іске қосылуына ерекше назар аударады, сондықтан біз деректерді қорғаудың қабатты мультиплатформалық (көп деңгейлі) жүйесін құрдық.

— Аты айбынды естіледі екен. Ол не?

— Қабатты қорғаныс – бұл заманауи ақпараттық ортадағы көп векторлы, үнемі өзгеріп отыратын қауіптермен күресудің тиімді тəсілі. Біздің Қор үш сайтты бірдей қамтуға болатын бір метрокластер сақтау жүйесін құрастыру жұмысын аяқтады. Апат орын алған жағдайда, осы метрокластер қамтып отырған үш сайттың бірінде əрдайым деректердің толық көшірмесі сақталып қалады. Деректерді өңдеудің осындай резервтік орталықтары Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында бар, ол өз кезегінде БЖЗҚ-ға тіпті жаһандық немесе табиғи апаттар қауіп төндірген жағдайда да ақпараттық зейнетақы қызметтерін үздіксіз ұсынуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мұндай резервтік орталықтар ешқандай ақаусыз жұмыс істеуде жəне олардың үздіксіз жұмыс істеу көрсеткіші 99,98%-ды құрайды.

— Сіздің сайтқа шабуыл жасалса ше?

— Біздің жүйеде ол да қарастырылған. 2019 жылы біз Қордың WEB-серверлері мен қосымшаларының қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында Web Application Firewall бағдарламалық-аппараттық кешенін өнеркəсіптік пайдалануға енгіздік, ол – веб-қосымшалар үшін желіаралық экрандау. Бұл біздің негізгі сайттың ғана емес, сондай-ақ ұялы қосымша клиенттерінің сұраныстарын өңдеу сайты мен чатботтарға түсетін сұраныстардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында аталған WEBсерверлер мен Қордың қосымшаларын кешенді кибершабуылдардан, сайттардың бұзылуынан, жүйеге хакерлік шабуылдардан, web-сайтқа зиянды кодты енгізуден, Қордың Web ресурстарын заңсыз пайдаланудан жəне басқа да қауіптерден қорғау шаралары іске асырылды. Өнеркəсіптік пайдалануға енгізілген сəттен бастап БЖЗҚ-ның қауіпсіздік жүйесін бұзуға немесе салымшылардың (алушылардың) дербес деректерін жария етуге ниеттенген 105 млн-нан астам түрлі желілік шабуылдар жасалса да, біз оған тойтарыс беріп отырдық.

— Ал сіздер пошта мекенжайларына көп жіберілетін зиянды хабарламалармен қалай күресесіздер? Шынымды айтсам, бұл бəрімізді шаршатты.

— Сіз дұрыс айтасыз, бұл — қазіргі кездегі киберқауіптердің ең негізгісі. Ол «фишинг» деп аталады, мақсаты – пайдаланушылардың құпия деректеріне (логиндерге жəне парольдерге) қол жеткізу немесе фишингтік хаттарды салымшылардың да, Қор қызметкерлерінің де электрондық поштасына жаппай жіберу. Осыған байланысты біз «БЖЗҚ» АҚ-ның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына жəне электрондық ақпараттық ресурстарына қатысты киберқауіпті анықтау жəне оның жолын кесу бойынша тиісті мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасты үнемі қолдап отырамыз.

— Менің білуімше, қазір Қор қызметкерлерінің көпшілігі қашықтан жұмыс істейді. Қызметкерлердің жүйеге кіруін қалай қамтамасыз етіп жатырсыздар?

— Иə, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жəне пандемияға байланысты ҚР Президентінің Жарлығымен Алматы жəне Нұр-Сұлтан қалаларында ТЖ режимі жарияланған кезде Қор қызметкерлері (кезекші операционистерден басқалар) жұмыстарын өзін-өзі оқшаулау жағдайында жалғастырулары керек болды. Ол үшін қысқа мерзім ішінде көп факторлы аутентификация орнатылған сенімді байланыс арнасы (VPN), желіаралық экрандар мен IDS-тегі қауіпсіздік саясатының тиісті баптау-лары жасалып, жұмыс орындарына қашықтан кіру ұйымдастырылды жəне физикалық қолжетімділік пен сақтықты бақылау күшейтілді. Бұл ауқымды жұмыс салымшыларға қызмет көрсету процесін бір күнге тоқтатпастан, жедел жəне кəсіби түрде жүргізілді.

— Осы бағыттағы болашақ жоспарларыңыз туралы айтып өтсеңіз…

— Жоспар көп. Қор қол жеткізген табыстармен шектеліп қалмайды, алда салымшылар туралы ақпаратты қамтитын криптографиялық деректерді қорғау құралдары мен тетіктерін, оның ішінде қызмет көрсету орталықтарын, мобильді кеңселер мен барып қызмет көрсететін мамандарды қоса алғанда Қордың корпоративтік желісінің барлық байланыс арналарын шифрлеу құралдарын одан əрі дамыту бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Сондай-ақ Қор киберқауіпсіздікті күшейту мақсатында БЖЗҚ ақпараттық жүйелерінен құпия деректердің шығуын болдырмау технологиясын дамыту, салымшылар мен қызметкерлердің олармен жұмыс істеу сəтінде жүйені қолданушыны тану жəне оған қандай да бір өкілеттілік құқығын беру процесін күшейтуді жоспарлап отыр. Киберқорғауды күшейту жөніндегі тағы бір шара – Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жөніндегі операциялық орталықты (SOC) құру. Тағы қайталап айтайын, Қордың басты міндеті – ақпараттық қауіпсіздік жəне салымшылар деректерінің құпия сақталуы!

— Сұхбат бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз!

Сұхбаттасқан Қуаныш ҚОЖАЕВ{jcomments off}

Связанные новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 часов назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС