Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАЙҒЫ БӨЛІССЕҢ АЗАЯДЫ

13.07.2020
FacebookWhatsappTelegram

Қалың елдің бөлісіп қаза, мұңын,

Туым түсті, тағы да азалы күн.

Індет, қатер, зілзала, жеті жұттан

Шаңырағын шайқалтпа ҚАЗАҒЫМНЫҢ!

Мерей Қарт

Əлем өң мен түстей жағдайды бастан кешіруде…

Бүкіл адамзат баласының болашағы бүгін Қытайдан жеткен кесапат, Уханьнан тараған удың уытынан тұманданып тұр… ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «…Əр қазақ – менің жалғызым» дегендей, əр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып əкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын…»- деді.

Кеше бүкіл қазақ елі үшін азалы, назалы күн болды. Тұғырынан Ту түсірілді. Марқұмдардың рухына қасиетті Құран сүрелері бағышталды.

Алғашқыда атынан ат үркетін емі жоқ тажал індеттің бар екендігіне де күмəнмен қараған халық енді кесапатпен бетпебет келіп, күресуде.

Аулаға кірген індеттен емделіп шығып жатқандар да бар. Өкінішке орай, мысқалдап кірген дерт тас кенедей жабысып, айырылмай, тырнағына ілінгендердің талайын келместің кемесіне мінгізіп алып кету оқиғасы да аз емес… Көзді ашып– жұмғандай қысқа уақытта кеше ғана арамызда жүрген таныс та бейтаныс талай азаматтар ақтық сапарға аттанды…

Олардың қатарында бүкіл саналы ғұмырын ШҚО-ның өсіпөркендеуіне арнаған СЕЛИХАНОВ ДҮЙСЕНБАЙ МАҒЗҰМҰЛЫ бар. Еңбек жолын қатардағы колхоз зоотехнигінен бастап, аудан əкімі, облыс əкімінің орынбасары, тағы да басқа жауапты қызметтерді атқарып, елінің құрметіне бөленген Үржар ауданының Құрметті азаматы Дүйсенбай Мағзұмұлы 68 жасында бақилық болды. Бұл індеттің бір əулеттен бірнеше адамды əкетіп жатқаны аз емес. Селихановтар əулеті үлкен апайлары Алтынмен Дүйсенбай Мағзұмұлынан бір аптадай уақыт бұрын мəңгілікке қоштасқан болатын.

Үржар өңірі осы қысқа уақытта тағы екі ардақты азаматынан айырылды. Олар Елтай ауылдық округінің əкімі 1964 жылы туған ЖАНБОЛАТОВ СЕРІК ƏЛМИСАҰЛЫ мен Қарабұта ауылдық округінің əкімі 1967 жылы туған ШӨМШЕКОВ МҰРАТБЕК САРҚЫТҰЛЫ.

Індет жас пен кəрі деп бөлмей, талайын жалмап, елді есеңгіретіп тастады.

COVID-19 атты бүкіл əлемді тығырыққа тыққан тажалмен күресте бастарын бəйгеге тіккен талай ақ халатты аяулы жандар бақилық болды… Олардың қатарында: Семей медицина университеті орыс жəне шет тілдер кафедрасында ұстаздық еткен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» ƏДІЛХАНОВ ОРАЛ ƏБДУЛҒАЛЫМҰЛЫ, «Семей медицина университеті» КеАҚ госпиталінің неврология бөлімінде ұзақ жылдар медбике болып қызмет істеген 1962 жылы туған МҰҚАШЕВА ЗЕЙНЕШ ҚАЙНАЗАРҚЫЗЫ,«Семей медицина университеті» КеАҚ госпиталінің жансақтау бөлімінде 30 жылдан артық уақыт медбике болып қызмет атқараған 1958 жылы туған СЕРҒАЗИНА СƏУЛЕ КЕҢЕСҚЫЗЫ, медицина ғылымдарының кандидаты, «Семей медицина университеті» КеАҚ факультеттік терапия кафедрасының ассистенті, университеттік госпитальдың гастроэнтерология бөлімінің дəрігері 1970 жылы туған БАРҚЫБАЕВА НҰРГҮЛ РАМАЗАНҚЫЗЫ, «Семей медицина университеті» КеАҚ госпиталінің жүрек — қан тамырлары хирургиясы бөлімінің меңгерушісі, ангиохирург, кардиохирург, 1974 жылы туған БУЛАНОВ БЕКЖАН СЕРІКБОСЫНҰЛЫ бар.

Міне, бүгін солардың рухына тағзым ететін күн.

Елінің болашағы үшін күн-түн демей қызметте жүрген ішкі істер қызметкерлерінің де еңбегі орасан. Карантин кезінде тұрғындарды олар тəртіпке шақырмаса не болар еді?

Өскемен қалалық полиция басқармасының басшысы 1978 жылы туған ДАУР ИБРАЕВ, Шығыс Қазақстан облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы 1962 жылы туған ДУЛАТ ҚАЗАҚБАЕВ дүниеден өтті.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік құқықтық пəндер кафедрасының аға лаборанты 1969 жылы туған УТЕПОВА ШЫНАР СЕЙПІЛМАЛИКҚЫЗЫ, экономика ғылымдарының докторы, профессор, жүздеген əлемдік деңгейдегі ғылыми мақалалардың жəне бірнеше монографиялардың авторы 1978 жылы туған ЗИЯДИН САЯБЕК ТƏТТІБЕКҰЛЫ қайтыс болды. Саябек Тəттібекұлы 2020 жылдың мамыр айынан бастап Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университінде ғылыми жұмыс жəне халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарған болатын.

Қазақта «бір уыс топырық бұйыртсын!» дейтін сөз бар. Мұсылман баласы қайтыс болған адамға бір уыс топырақ салып, бетін бір сипау үшін ғана жолға шығады. Бір аят Құран мен бір уыс топырақ салу — ғасырлардан жалғасып келе жатқан парыз. Өкінішке орай, Қытайдан қаңғырып келген індет ата-баба салтын сақтауға да мүмкіндік бермей отыр. Бір уыс топырақ салу мүмкіндігінен шектеген бүгінгі жағдайға қарап ішіміз қан жылайды…

Жоғарыда дауасыз дерттің құрбаны болған бірқатар жерлестерімізді атап өттік. Аталмағандары қаншама десеңізші!!! Бүгін қара жамылып қалған бүкіл қазақ еліне қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Аты жаман індет елді есеңгіретіп жіберді. Тек сабыр, күшқуат берсін!

«Семей таңы» газеті редакциясының ұжымы{jcomments off}

Связанные новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 часов назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС