25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН МЕРЕЙЛІ ШАРА

16.03.2014
МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН МЕРЕЙЛІ ШАРА
FacebookWhatsappTelegram

Халықаралық әйелдер күні – жылылығын өзімен бірге ала келетін көктем мезгілінің адам баласы үшін аса үлкен мәнге ие мерекелерінің бірі. Жыл сайын осы мейрам қарсаңында ана-  ларға, аруларға деген құрметімізді паш етуге арналған салтанатты жиындар ұйымдастырылады. Бұл игі дәстүр биыл да жалғасын тауып, Абай театрында 8-ші Наурыз күніне орай   мерекелік кеш өтті.

Салтанатты шара барысында ардақты аналарды, аруларды атаулы күнмен Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов құттықтады. Айбек Мүталапханұлы өз сөзінде қазіргі таңда 8-ші Наурыздың аналарды, аруларды дәріптейтін, жалпы әйел затына деген құрмет көрсету дәстүріне бойлай түсетін мереке ретінде маңызы артып отырғанын атап өтті.   Сондай-ақ, қала басшысы аналарымыздың жүздері күндей нұрланып жар-қырап жүрсе, қыздарымыз еркін бой жетсе одан асқан бақыттың жоқтығын жеткізді.

— Ананың мейірімі, жардың сүйіспеншілігі, арудың назы, қарындастың еркелігі өмірдің мәні мен сәнін арттыратын ғажайып күш. Біз аналарын ардақтап, аруларын аялай алатын, қарындасты қорғаштап, қыздарды қадірлей білетін халықпыз. Дәуірлер өтіп, заман жаңарса да біздің бұл ұстанымымыз өзгермек емес. Елбасымыз ханымдарға: «Сіздер – отбасының, мемлекеттің тірегісіздер. Еліміздің болашағы қандай болатыны балаларымызға қандай тәрбие бере-тіндеріңізге тікелей байланысты»,-деген болатын. Әйелдерге деген құрмет, нәзік жандыларға деген қамқорлық осы бір ауыз сөзге сыйып тұрған сияқты», — деп айтты қала басшысы.

Сондай-ақ, мерекелік құттықтауында қала әкімі халқымыздың ежелден қыз баланың тәрбиесіне аса үлкен мән бергенін айта келе, болашақ ұрпақтың ұлттық болмысын жоғалтпай ер жетуіндегі аналардың үлкен рөл атқаратынын тілге тиек етті.  Себебі, төл мәдениетін бойына сіңіріп өскен арулар балаларын туған елінің патриоты етіп тәрбиелеуге қабілетті болмақ.

— Экономикалық көрсеткіштер, әрине, әр кезеңдерде әр түрлі болады. Бірақ та, ұлттық сипатын сақтаған дүниежүзілік бәсекеге дайын елдің көсегесін көгертетін болашағы — ұрпақ тәрбиелеуде әйелдер қауымына артатын үмітіміз зор. Елбасының биылғы Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес, қазақтың мәңгілік ғұмырын, ұрпақтың мәңгілік болашағын қалыптастыруда абыройлы міндет біздің аналарымызға, қарындастарымызға жүктелген, — деді Айбек Кәрімов.

Сонымен қатар, қала әкімі елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап аналарға үлкен көңіл бөлініп келе жатқандығын да атап өтті. Соның бір дәлелі ретін-де аналарға төленетін жәрдемақы көлемінің  өсуі екендігін баса айтты. Аналардың тұрмыстық жағдайымен қатар, денсаулығы  қашан да басты назарда болуы керек екендігін жеткізді шаһар басшысы салтанатты жиында. Осыған орай соңғы жылдары қаламызда көп балалы аналардың саны артып, ана мен бала өлімі  азайған көрінеді. Құттықтау сөзінде қала әкімі Гүлмайрат Қажыбаева, Ғайша Қалиева, Гүлбану Қыдырбекова, Майра  Оразбаева сияқты  алтын құрсақ аналардың аттарын ерекше атап, жиналған жұртқа үлгі етті. Еліміздің демографиялық өсіміне қосқан үлестері мен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне сіңірген еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

 

{jcomments on}Қазіргі таңда нәзік жандылар жанұядағы аналық, жұбайлық парызын лайықты деңгейде  атқара жүріп, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосуда. Мемлекеттің саяси және қоғамдық өміріне белсенді араласып, тамыры тереңде жатқан адамгершілік принциптеріне негізделген азаматтық позициялары мен қажыр-қайраттарын көрсетіп, әр түрлі салада қызмет атқаруда. Бұл Елбасы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың бір нышаны деуге болады. Осы орайда қала басшысы өсіп келе жатқан жастарға үлгі боларлықтай еңбек еткен   ардагер аналарды ерекше атап өтті.     Атқарған істері үшін шын жүректен алғысын айтып құрмет көрсетті.

 

Сондай-ақ, қала басшысы бүгінде нәзік жандылардың құқыққорғау саласы мен қарулы күштер құрамында ер азаматтармен бірдей абыройлы қызмет атқарып келе жатқанын айтты. Аталмыш салаларда ерен еңбектерімен көзге түскен бірнеше арудың аттарын ерекше атады. Қала әкімі әйелдер қауымы өкілдерінің еліміздің қауіпсіздік органдарында да асқан ұқыптылық пен еңбекқорлықтың, отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетіп қызмет етіп келе жатқандығын да сөз етті.

Айбек Кәрімов өз сөзінде қоғамдағы тұрақтылықтың берік орнап мемлекеттік саясаттың насихатталуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын да назардан тыс қалдырмады. Билік пен бұқараның арасында байланыстың қалыптасуына тікелей ықпал ететін құралдардың негізгілері теледидар мен баспасөз болса, осы екі салада абыройлы қызмет атқарып, халыққа ақпаратты сауатты жеткізу жолында жұмыс    жасап жүрген журналист қыздардың еңбегін де атап өтті. Жай ғана аттарын айтып қана қоймай, болашақтағы қызметтеріне шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектес екендігін жеткізді.

Сөзінің соңында Айбек Кәрімов  аналар мен аруларға зор денсаулық, мол бақыт тілеп, жылы лебізін «Өмірдегі әйел жаққан шырақ ешқашанда сөнбесін» деген тіркеспен түйіндеді.

Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара қаламыздың өнер ұжымдары әзірлеген мерекелік концертке ұласты.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС