Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДӘРІГЕРЛЕР АЛҒЫ ШЕПТЕ

16.07.2020
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінгі күні «Семей медициналық университеті» КеАҚ дәрігерлері халықтың денсаулығын сақтау жолында бар күш-жігерлерін сала еңбек етіп, коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Осы күндері университеттің бір топ жетекші мамандары жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істеуде, олардың қатарында жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Сәуле Боранбайқызы Мауқаева да бар. Кафедра доценті міндетін атқарушы, м.ғ.к. Ербол Муслимұлы Смайыл, көмекшілері Жанар Бақытжанқызы Исабекова және Варвара Александровна Тренина осымен екінші рет қауіптіліктің «қызыл аймағында» жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, «қызыл аймақта» жұмыс істеу өте ауыр және қауіпті. Соған қарамастан университеттің үздік мамандары халықтың өмірін сақтап қалу үшін осындай батыл қадамға барып отыр. Ақ халатты абзал жандардың бұл шешімдерін ерлікке теңеуге болады. Олар, сөз жоқ, құрметке және алғысқа лайық.

— Алайда коронавирустық инфекциямен күресте тек дәрігерлердің күш-жігері жеткіліксіз. Бұл орайда әрбір азаматтың жауапкершілік танытуы, атсалысуы, бірлік көрсете білуі маңызды. Барлығымыз жұмылып, өз үлесімізді қосуға тиіспіз,- дейді Сәуле Мауқаева.

Семей қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал әлі де қиын. Қалада коронавирустық инфекцияға күдікті пациенттер санының тез өсуіне байланысты жұқпалы ғана емес, провизорлық ауруханалар да көбейіп келеді. Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы базасында да провизорлық аурухана ашылды.

Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының прозизорлық деңгейге көшуіне байланысты қаладағы травматологиялық қызмет Семей медицина универсиетінің госпиталіне ауыстырылып, қабылдау бөлмесі, травматологиялық пункт және травматология бөлімі ұйымдастырылды.

Травматологиялық қызметтің жұмысы қысқа уақыт ішінде ортопедиялық хирургия кафедрасы қызметкерлерінің, атап айтсақ Е.Тоқтаров, Н.Бөкембаев, Т.Жүнісов, А.Мұсабеков, Қ.Қасымов, А.Тлемісов, сонымен қатар «СМУ» КеАҚ басшылығының, Семей қаласының бас травматологі Д.Бақтыбаевтың жедел қызметі арқасында қайта жанданды.

Айта кету керек, кеңейтілген травматологиялық қызмет негізінде алғашқы травматологиялық ота жасалды.

Ұзақ жылғы тарихы бар «Семей қаласының медициналық университеті» КеАҚ қиын эпидемиологиялық жағдайда да білікті дәрігерлер даярлауды жалғастырып келе жатыр. Бүгінде 2019-2020 оқу жылының интернатурасын аяқтаған түлектерге дипломдар мен сертификаттар тапсыру шарасы өтуде. Әрине, барлық санитарлық қауіпсіздік нормаларының сақталуы қатаң қадағалануда.

Бүгінгі күні 172 білікті маман диплом мен сертификаттарға ие болды. Енді жас мамандар отандық денсаулық сақтау жүйесіндегі дәрігерлердің қатарына қосылып, білімдерін іс жүзінде қолдануға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға өзіндік үлес қосуға дайын. Қазірдің өзінде тәлімгерлерімен бірге университет резиденттері де «қызыл аймақтарға» шығуда. Жедел медициналық көмек көрсету кафедрасының резиденттері Ғарап Түсіпбеков, Талаптан Қизатов, Жансая Әукенова және Бекзат Әділбекова «Қарағайлы» шипажайы базасында ашылған провизорлық стационарда жұмыс істеуге кірісті. Осы кафедраның резиденті Азамат Оразай «СМУ» КеАҚ университеттік госпиталінің жақ-бет хирургиясы бөлімшесі негізінде ашылған жұқпалы аурулар стационарында науқастарды емдеуге көмек көрсетуде.

Батылдық, жігерлілік және қауіп-қатерге қарамастан өздерінің кәсіби міндеттерін орындауға, адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс — коронавирустық инфекциямен күресте аға тәлімгерлерімен бірге алдыңғы шепке шығып жүрген жас жігіттер мен қыздарды алға жетелеп отыр. Олардың еңбегі — нағыз ерлік. Өйткені карантиндік стационарларда қазір болып жатқан жағдай соғыспен парапар. Бұл- көзге көрінбейтін, бірақ аса қауіпті жауға қарсы соғыс, өмір үшін күрес.

Осы күресте әрбір қазақстандық қарапайым, бірақ өте маңызды ережелерді сақтау, яғни үйде болу, адамдар көп жиналатын жерге бармау, маска режимі мен жеке бас гигиенасын сақтау арқылы көмек көрсете алады.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 часов назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС