Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫН АЛУҒА КӨМЕКТЕСУДЕ

16.07.2020
FacebookWhatsappTelegram

Қазіргідей күрделі жағдайда халқымыз жұдырықтай жұмылып, бірлігін көрсетіп келеді. Індеттің екінші толқыны басталғалы бері республикамыз бойынша қайырымдылық акциялары кең көлемде етек алып, халық қолдан келгенше көмек беруде. Семей қаласының белсенді азаматтары да тыс қалған жоқ. Қайырымдылық қорын ашып, қаладағы ауруханаларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтамасыз етуге кірісті.

Белсенді топтың ұйымдастыруымен жуырда ғана Семей қаласында «Халық көмек» атты қайырымдылық акциясы бастау алды. Аз уақыт ішінде қордағы есепшотқа 27 млн теңгеден астам қаржы жиналып, алғашқы 65 өкпені жасанды желдету аппараты қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына, «Хакім» емханасына, хосписке, туберкулез диспансеріне, перинаталдық орталыққа және өзге де емханаларға тапсырылды.

— Қазіргі күні бұл аппарат өте қажет. Ауыр жағдайдағы нәрестелер мен аналардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Қолдау көрсеткен барша қала тұрғындарына алғысымызды білдіреміз,- дейді қаладағы Перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Ермек Баймұхаметов.

— Бұл аппараттарға пульманологиялық бөлімдегі жан сақтау және интенсивті терапия бөлімінде жатқан науқастар аса зәру болып отыр. Қайырымды жандарға алғыс білдіреміз,- дейді туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Ерлан Шәкенов.

Алдағы уақытта Мәскеуден тағы 150 құрылғы жеткізілмек. Айта кету керек, аппараттардың барлығы зауыттан биылғы жылы шыққан. Үш жыл сапа кепілдігі бар. Жалпы қызмет ету мерзімі он жылдан кем емес. Бір оттегі аппаратының құны 420 мың теңгені құрап отыр.

— Жасанды желдету аппараттарымен қоса, дәрі-дәрмектерді, қорғаныш киімдерін ауруханаларға тегін таратудамыз. Біздің ең басты байлығымыз —  адам және адамның өмірі. Осындай сын сағатта халыққа қызмет етіп, көмек көрсету – туған ел алдындағы перзенттік парызымыз. Акцияға атсалысқан барша азаматқа ризашылығымызды білдіреміз. Көмек көрсетуді әлі де жалғастыра береміз, — дейді қала тұрғыны Дәурен Кульчигишев.

Қазір әлемде коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеудің түрлі тәсілдері зерттелуде. Солардың бірі COVID-19 вирусынан емделгендердің қанынан жасалатын иммунды плазманы ауырған адамдарға құю әдісі. Шет елдерде оң нәтиже көрсеткен тәжірибе елімізде де қолданыла бастады. Қазір Семей қаласындағы қан орталығы донорларды қабылдау үстінде. Дәрігер-трансфузиолог Ботагөз Қалибекованың айтуынша, донор болатын адамның COVID-19 вирусынан айыққанына кем дегенде он төрт күн өтуі және қан құрамында белгілі мөлшерде антиденелер болуы қажет. Сонымен қатар ВИЧ, геппатит, ПТР анализдерінің қорытындысы тексеріледі. Қан тапсырған адамдарға жеті айлық есептік көрсеткіш, яғни 19 446 теңге көлемінде төлем төленеді. Қажет болған жағдайда донар болуға ниетті адамдарды орталықтың қызметтік көлігі тасымалдауға әзір.

— COVID-тан жазылып шыққан қала тұрғындарын донор болуға шақырамыз. Қан тапсыру арқылы өзге науқастардың ауруынан жазылып шығуына мүмкіндік сыйлауға болады. Сондықтан бұл мәселеге бейжай қарамай, белсенді болғанымыз жөн. Індетпен күресуге әрбіріміз жауапкершілік танытуымыз қажет. Біз үшін әрбір адамның өмірі маңызды,- дейді Ботагөз Қалибекова.

Құрметті оқырман, «Халық көмек» акциясына атсалысқыңыз келсе, Kaspi.kz қосымшасы арқылы көрсетілген есепшотқа қаржы аудара аласыз. Kaspi Gold: 5169 4971 3514 2598. ЖСН: 5406 0940 01 88 немесе 8 701 472 15 77 телефон нөмірі арқылы аударым жасауға болады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 часов назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС