Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

55 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

17.08.2020
FacebookWhatsappTelegram

Бірлігі мен берекесі артқан Бесқарағай өңірі күн санап көркейіп, ай санап абаттанып, тұрғындарының да әлеуметтік ахуалы жақсарып келеді. Жылдар бойы жөндеу көрмеген жолдар асфальтталып, көшелер жарықтандырылды. Білім саласы бойынша да қыруар жұмыстар атқарылып, жас ұрпақтың алаңсыз білім алуына жағдай жасалуда. Қай саланы алсақ та тарих қойнауына кеткен жылдармен салыстырғанда ілгерілеушілік басым.

Сөзімізге дәлер ретінде айтсақ, ағымдағы  жылдың бірінші жарты жылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 115,5 пайызға, яғни 6,9 млрд теңгеге орындалды, тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 105,6 пайызға, тұрғын үйді пайдалануға беру 2,2 есеге артты.

Бесқарағай ауданы үшін биылғы жыл бұрынғыдан өзгерек болғаны рас. Республикалық, облыстық деңгейде қаржыландыру бірнеше есеге артты.

— 2016 — 2019 жылдар аралығында аудан бюджетіне бір жобаға барлығы 354,5 млн теңге бөлінді, ал 2020 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша 55 жобаны іске асыруға 1 873 млн теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 1 341,9 млн теңге сомасына 28 жоба және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 531,2 млн теңгеге  27 жоба іске асырылды. Нақтырақ айтсақ, таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 14 жоба қолға алынды. 1 022 млн теңге қаржыға Долон, Қарағайлы, Қарабас, Бірлік, Қара-Мырза ауылдарында жұмыстар жүргізілсе, Глуховка ауылында су құбырының құрылысына ЖБТ әзірлеу аяқталды және конкурстық рәсімдерді өткізуге аудандық бюджеттен 500 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ Мостик, Жетіжар, Ерназар және Бөдене ауылдарында су құбыры желілерін салу үшін 37,8 млн теңгеге 4 жобаға жобалық-сметалық құжат әзірлеу жұмысы басталды,- дейді аудан әкімі Шалқар Байбеков.

Аудан басшысы сол сияқты ауылдық елді мекендерді таза ауыз сумен қамту мақсатында Лесной, Старая Крепость, Стеклянка, Черемушка, Беген сынды 5 ауылда блокты-модульдік тазарту және су тарату станцияларын орнату жұмыстары қазан айында аяқталатынын және оған облыстық бюджеттен 52,5 млн теңге бөлінгенін тілге тиек етті.

Білім саласында жылдар бойы қордаланып қалған мәселелер Шалқар Заманбекұлы қос шылбыр, бір тізгінді қолға алғалы шешім  тауып жатқанын айта кеткен ләзім. Білім беру саласы бойынша жалпы сомасы 134,7 млн теңге қаржыға 14 жоба жүзеге асырылды. Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің ішін, едендерін ағымдағы жөндеу, жасанды жабыны бар футбол алаңын орнату, Глуховка және Березовка орта мектептерінің терезелері мен есіктерін ауыстыру, Қара-Мырза негізгі мектебінің шағын орталығын ағымдағы жөндеу, Борас орта мектеп-бақшасының жылу трассасы мен едендерін ағымдағы жөндеу және қазандығын жөндеу, Мостик орта мектебінің шағын орталығын ағымдағы жөндеу, Өндіріс орта мектебінің жылу трассасын жөндеу, Бөденелі орта мектебін жылумен, сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесін жөндеу, Сосновка орта мектебінің спорт залының едендерін ауыстыру, Беген және Долон орта мектептерінің қазандығын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қоса мәдениет саласын дамытуға да көңіл бөлініп отыр. Бесқарағай ауылының Мәдениет үйі және Канонерка ауылындағы клуб үйі ғимараттары ағымдағы жөндеуден өткізілді, бұл 2 жобаға 41,1 млн теңге қаржы жұмсалды.

Кентішілік көшелер мен кірме жолдарды орташа жөндеуге жалпы сомасы 506,8 млн теңге бөлініп, 15 жоба бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Аталған жобалар бойынша Глуховка ауылында 3 көшені асфальттау, Бесқарағай ауылында 8 көшені және Сейфуллин көшесінің тротуарын жөндеу, Канонерка ауылының бір көшесіне қиыршық тас төсеу, Қарағайлы, Өндіріс және Беген ауылдарына кіретін жолды жөндеу жұмыстары атқарылады. Сонымен қоса Бесқарағай ауылындағы Абай, Қалтаев көшелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге жалпы сомасы 44,6 млн теңгеге қосымша бюджеттік өтінімдер тапсырылды.

Қара — Мырза, Қарағайлы және Глуховка ауылдарында жалпы сомасы 39,1 млн теңгеге жасанды жабыны бар футбол алаңдары орнатылды. Көше жарығын орнату бойынша жалпы сомасы 106,7 млн теңге қаржыға 9 жоба іске асырылды. Жетіжар ауылында 7 көше, Кривинка ауылында 3 көше, Глуховка ауылында 11 көше, Бесқарағай ауылында 6 көше, Беген ауылында 2 көше, Старая Крепость ауылында 1 көше жарықтандырылды.

55 жобаның 31-і жүзеге асырылды, қараша айына дейін 21 жоба бойынша межелі жұмыстар еңсеріліп, сумен жабдықтау бойынша 3 жоба 2021 жылға ауысады деп жоспарлануда.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 часа назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

7 дней назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС