Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДОНОРЛЫҚ ПЛАЗМА ТАПСЫРЫП, НАУҚАСТАРҒА КӨМЕКТЕСЕЙІК

25.08.2020
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінгі күннің тың жаңалықтарының бірі — COVID-19 – бен ауырған жандар қазіргі күні коронавирусқа қарсы күресте дәрігерлердің таптырмас көмекшісі бола алады. Себебі мұндай жандардың қан плазмасында COVID-19 вирусына қарсы жұмыс істейтін антиденелер бар. Сондықтан да осы кезеңдегі плазма иммундық плазма болады. Егер коронавирус инфекциясын жұқтырған ауыр науқасқа иммундық плазманы құйса, ол донорлық антиденелерді ала отырып және өзінің иммундық жүйесін толық белсендіріп, антиденелер қалыптасқанға дейінгі уақытты ұтымды пайдалана алады. Осы орайда облыстық қан орталықтары коронавируспен сырқаттанып, жеңіп шыққан азаматтарды донор болуға шақыруда.

Ал қан орталығында өз плазмасын тапсырғаннан кейін донор болған адам кем дегенде екі ауыр науқасқа бірден көмектесе алады екен. COVID-19-бен ауырлығы орташа және ауыр дәрежеде ауырып, жазылып шыққан және толық сауыққан сәттен бастап кемінде 14 тәулік өткен 18 жастан асқан адам иммундық плазма доноры бола алады. Рас, мұндай тәуекелге баруға бел буған жандар қатары әзірше сирек, дегенмен Семей қаласында да елінің денсаулығын ойлайтын азаматтар қан плазмасын тапсыруға келісім беруде. Солардың бірі — қаламыздағы Электротехникалық колледждің директоры Азат Сәрпеков.

Ол ең әуелі COVID-19 (IgG класы) бойынша антиденелерінің бар-жоғына қан тексеруінен өтіпті. Содан кейін антиденелерге оң нәтиже алған соң облыстық қан орталығында клиникалық-биохимиялық көрсеткіштерге, қан тобына, В, С гепатиттеріне, АИТВ, мерез, бруцеллезге тексеруден өткен. Осы орайда Азат Сәрпековті сөзге тарттық.

— Біздің білуімізше, Сіз біздің қаламызда ең алғашқы плазма доноры болдыңыз.

— Ия, шынымен де солай! Мен наурыз айында коронавирустық инфекциямен ауырдым. Өзімді нашар сезінгеннен кейін дереу ауруханаға барып, тест тапсырдым. Мені стационарға 14 күнге жатқызды. Біршама уақыт бойы тұрақты түрде ем қабылдадым. Медициналық қызметкерлердің сыпайылығына және біліктілігіне тәнтімін. Дәрігерлер қауымына рақмет, сырқатты дендетпей, емдеп жазды.

— Сіз плазма тапсыру туралы шешімге қалай келдіңіз?

— Мен ауырып жатқан шақта бұл вирустың табиғаты туралы көп оқыдым және қытайлық дәрігерлердің дәл осылай емдегенін білдім. Ауруханадан шыққаннан кейін мен жергілікті қан орталығына барып, антиденелерге тест тапсырдым. Олар да мені іздеген екен. Арнайы тексерулер мен сараптамалардан өттім.

— Демек, коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға көмектесуді ойладыңыз ғой?

— Мен осы вирусты жұқтырғаннан кейін, аурухана қабырғасында жатып емделу барысында өз тарапымнан қандай да бір жолмен өзгелерге көмектесуім керек екенін түсіндім. Қан тапсырудан басқа да бірқатар шараларға атсалыстым. Мәселен, аталмыш аурумен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерге уақытша тұрғылықты жер қажет болғандықтан, қаламыздағы 342-кварталда орналасқан біздің колледждің жатақханасын ұсындық. Сондай-ақ біз өз қаражатымызбен жатақханада тұрған дәрігерлерді тұрақты түрде тамақпен қамтамасыз еттік.

— Сіздің колледжіңізде Бобров тыныс алу аппараттары жасала бастағанын білеміз. Осы туралы тоқталып өтесіз бе?

— Иә, біз дәрігерлерге оттегі баллондарын орналастыруға көмектесіп, арнайы арбалар жасадық. Сонымен қатар Бобров аппараттарын әзірлеуге кірісіп, шамамен 250 дана дайындадық. Жалпы, Бобров аппараты — әртүрлі медициналық ем-шараларды орындауға арналған құрылғы. Бұл — екі қуыс түтік салынған герметикалық резеңке тығыны бар көлемі 0,5—1 литрлік шыныдан тұратын ыдыс. Бобров аппараты ауаны сору үшін (пневмоторакс кезінде) немесе плевра қуысынан сұйықтық алу үшін, қуыстар мен жараларды жуу, оттегі коктейлін дайындау үшін қолданылады. Карантин кезінде бұл құрылғылардың бөлшектерін жинауда біршама қиындықтар болғаны рас. Әйтсе де бұл іс біздің қолымыздан келді.

— Өзіңіз сияқты осынау сырқатты жеңіп шыққан достарыңызды, таныстарыңызды донор болуға шақырдыңыз ба?

— Иә, әрине! Қаламыздағы Көлік колледжінің директоры Айбек Нұғымаровты да плазма тапсыруға шақырдым. Бұл игілікті шараға ол да белсенді түрде атсалысты. Өзге де көптеген достарым мен таныстарым бұл мәселеге бейжай қараған жоқ. Мен бұл жайлы ақпаратты әлеуметтік желілерде өте белсенді тараттым. Менің парақшама жазылушыларым да алдағы уақыттарда осындай игілікті іс жасайды деп үміттенемін. Сондай-ақ аталмыш аурудан айыққан жігерлі қыз-жігіттерді қан плазмасын тапсыруға шақырамын.

— Барлық ауырған жандар донор бола ала ма?

— Өкінішке орай, барлық сырқаттанғандар қан плазмасын тапсыра алмайды екен. Плазма доноры болу үшін организмде белгілі бір мөлшерде антиденелер болу керек. Ал мұның барлығы қан құрамын талдау-сараптау кезінде анықталады.

— Сіз сырқаттанған кезде вирус әлі кең тарай қоймаған еді. Сондықтан болар, көптеген адамдар оның бар екеніне сенбейтін.

— Иә, мені сынға алғандар болды. Тіпті кейбір адамдар маған ақша үшін бейнетүсірілім жасадың деп те айтты.

— Плазманы тапсыру процедурасы қалай жүреді? Ауыр емес пе?

— Жоқ, ешқандай ауырлықсыз өтеді. Тамырдан 615 миллиграмм қан алынады. Бұл тек бір тамшыдай болып көрінуі мүмкін, бірақ ол үш адамның өмірін сақтап қала алады. Жеңіл математикалық әдіске жүгінер болсақ, егер 100 адам қан плазмасын тапсырса, 300 адамға көмектесуге болатынын түсінеміз.

Сөз орайында айта кетсек, донорлыққа қарсы көрсетілімдер болмаған кезде және COVID-19 (IgG класы) антиденелеріне оң нәтиже болған жағдайда, донорды терапевт дәрігердің медициналық тексерісінен кейін аппараттық плазмаферез әдісімен плазманы алу рәсіміне жібереді. Бір донордан 400-600 мл немесе иммундық плазманың 2-3 мөлшерін алуға болады. Тапсырылған плазма үшін ақшалай сыйақы да бар екенін ескере кеткен жөн.

Донор болу және мұқтаж науқастарға көмектесу үшін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына өз ниетіңізді білдіріп, хабарласуыңыз қажет.

— Жастарға қандай кеңес бересіз?

— Менің ойымша, өзін құрметтейтін, қоғамға құрметпен қарайтын әрбір азамат, егер мүмкіндігі болса, денсаулық жағдайы көтерсе, басқаларға көмектесуі керек. Өмірде бір нәрсеге қол жеткізу үшін әр мүмкіндікті пайдалану керек. Мәселен, жақында Nur Otan партиясының бастауыш партия ұйымдары праймериз өткізе бастайды және бұл — біздің жастарымыз үшін өзін танытудың тамаша мүмкіндігі. Қазіргі уақыт – қоғам игілігі үшін  қызмет ететін уақыт. Барлығына қол жеткізуге ұмтылу керек, сонда бәрі де ойдағыдай болады дер едім.

— Сұхбатыңыз үшін рақмет!

Рината ТАХИРОВА

Әлібек КЕМЕЛХАН{jcomments off}

Связанные новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 часа назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

7 дней назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС