Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ

10.09.2020
FacebookWhatsappTelegram

АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, жақсы іске жаны іңкәр азаматтар — Ернат Мэлсұлы, Дәулетқали Асауов пен Жасұлан Үкеев Нұр-Сұлтан қаласынан Жидебайға дейін мың шақырымдық жолды велосипедпен жүріп өтуге бел буған. Басты мақсат – дана, дара ақынның мерейтойына ерекше тарту жасай отырып, ұлылар мекенінен ұлағаты мол рухани қазына алып қайту. Олар жол бойы зиялы қауыммен кездесулер өткізіп, мәңгі өлмес мұра қалдырған ұлы ақынның шығармаларын жастарға насихаттамақ.

Жидебайға дейінгі веломарафонның бастамашысы елордалық ағылшын тілі мұғалімі, «Qazaq English» орталығының директоры және журналист Ернат Мэлсұлы екен. Бұл идеяны Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Жасұлан Үкеев, «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Дәулетқали Асауов қолдап, үш азамат жолға бірге шыққан.

2 қыркүйек күні бас қала әкімдігінің алдындағы Абай ескерткішінің жанынан салтанатты түрде сапарға аттанған веломарафоншылар бір күнде 160 шақырымнан астам жерді жүріп өтіп, Ерейментауға табан тіреген. Одан кейін Павлодар қаласына тоқтап, 7 қыркүйекте Бесқарағай ауданына ат басын бұрған. Ал 8 қыркүйек күні Семей қаласына келіп жетіп, Абай Құнанбайұлы мен Әлихан Бөкейхановтың ескерткішіне тағзым етті.

Веломарафоншыларды қалалық спорт бөлімі мамандары мен жас велошабандоздар Қарағайлы ауданынан күтіп алды. Олар Абай алаңына келіп, Семей қаласы әкімдігінің, Қалалық Мәдениет үйінің қызметкерлерімен жүздесті.  Алаңда Қалалық Мәдениет үйінің әртістері Абай рөлін сомдап, мағынасы терең өлеңдерін оқыған соң салтанатты жиынға қатысушылар ақын рухына тағзым етіп, ескертікішіне гүл шоқтарын қойды.

Ернат Мэлсұлының айтуынша, ол 5 жылдан бері велоспортпен белсенді айналысады. Бастапқыда үйден жұмыс орнына дейін қатынап, физикалық дайындықты арттырған соң бірқатар қалааралық веломарафондарға қатысқан. Ұлылар мекеніне саяхат жасамас бұрын марафоншылар қашықтық пен жол бойындағы елді мекендердің, асханалардың орналасуын мұқият зерделенген.

— Біздің басты мақсатымыз — ұлы бабамыз Абайдың асыл мұрасын насихаттауға өзіміздің кішігірім азаматтық үлесімізді қосу. Осы веломарафон аясында біз жастардың назарын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына аударуды, сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтауға шақыруды мақсат етіп отырмыз. Менің ойымша, велосипед тепкен кез келген өз адам денсаулығын жақсартуға жол ашады,- дейді Ернат Мэлсұлы.

Бұл ойды қуаттаған Жасұлан Үкеев:

— Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей даналарды өмірге әкелген киелі топырақтан рухани азық алып, салауатты өмір салтын насихаттауды көздедік. Абай әлем мойындаған қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған жазушылардың көш басында тұр. Оның шығармаларын терең зерделеп, тағылымынан тәлім алу — бүгінгі ұрпақтың міндеті,- деп толықтырды.

Веломарафоншылардың сапары, ақын мұрасын насихаттаудан бөлек, тың туындылардың жарық көруіне жол ашпақ.

— Қытай халқы Конфуцийді қалай насихаттаса, дәл солай  біз Абай идеясын ұлттық деңгейге көтеруіміз керек деп ойлаймын. Біз ақын туған қасиетті топыраққа барып, рухына тағзым етуді, ол өлкеден ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер жинап қайтуды көздеп отырмыз. Бас қалаға оралған соң Абай әлемі жайлы көлемді жолжазба дайындауды мақсат еттім,- дейді «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Дәулетқали Асауов.

Абай еліне саяхаттауды мұрат еткен ұлтжанды азаматтар Семей қаласынан Жидебайдағы Абай — Шәкәрім кешеніне бет алды.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 часа назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

7 дней назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС