Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМА ДОНОРЫ БОЛУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

18.09.2020
FacebookWhatsappTelegram

Соңғы кездері коронавирусты қан плазмасымен емдеу туралы жиі айтып жатырмыз. Ауыр халдегі науқастың өмірін сақтап қалуға донорлық плазманың әсері мол. Яғни бұған дейін коронавирус инфекциясымен ауырып, оны жеңген жандардың қанының құрамындағы антидене өзге науқастың өмірін сақтап қалуға жол ашады. ШҚО әкімі Даниал Ахметов 19 қыркүйекке дейін коронавирустан сауығып шыққан әрі антиденесі бар адамдардың қан плазмасынан жабдықталған банк ашуды тапсырған болатын. Аймақ басшысы атап өткендей, банкте кем дегенде 1000 доза болуы керек.

— Біз қазан айындағы коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек. Шығыс Қазақстанда 4409 адам коронавирустық инфекциямен ауырып, жазылып шықты. Ол адамдардың қан плазмасы арқылы өзге жандардың аурудан сауығып кетуіне көмек бере аламыз,- деді Даниал Кенжетайұлы.

Ең алдымен плазманың не екенін түсіндіріп өтейік. Ол — қанның сұйық бөлігі. Егер қаннан жасушаларды (қызыл қан жасушалары, лейкоциттер, тромбоциттер) алып тастаса, плазма ғана қалады. Оның құрамында ақуыз көп. Плазма ақуыздары көптеген қан функциясына қатысады, олардың кейбірі ауруларға қарсы антидене саналады.

Коронавирус дүние жүзіне тарап жатқанда дәрігерлер қанның плазмасын қолдануды жөн санаған болатын.

Мамандардың пікіріне сүйенсек, «COVID-19 жұқтырған адамның плазмасында инфекциямен күресетін антиденелер бар. Бірінші шарт — COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетіп, екі апта ішінде барлық симптомнан құтылу. Дәрігер қан плазмасын тапсыратын адамның осы шарттарға сәйкес келетінін анықтауы керек.

Бір донор бірден үш науқасқа көмектесе алады. Түрлі аурудың бар-жоғына тексерулер жүргізілгеннен кейін донорлық плазма коронавирус симптомдарының ауыр және орташа деңгейіндегі науқастарға құйылады.

Дүние жүзінде індетті жұқтырғандарды емдеу үшін аурудан жазылғандардың қан плазмасын бірінші болып Қытай дәрігерлері қолданған. Ақпан айының ортасында Уханьдағы Цзинтан ауруханасының меңгерушісі Чжан Дингюй алғаш рет науқастарға плазма құйғанын және оның оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған. Сол кезде ол аурудан жазылғандарды плазма доноры болуға шақырған еді.

Қытайлық дәрігерлердің бақылауы бойынша, қан құйылғаннан кейін клиникалық көрініс бірнеше сағатта өзгереді. Бір күннен кейін қабыну процесінің көрсеткіші едәуір төмендейді. Қандағы лимфоциттердің үлесі артып, оның оттегімен қанығу деңгейі көтеріледі, вирустың ағзаға түсетін жүктеме көрсеткіштері де жақсарады.

Қан плазмасын тапсыру аймағымызда, оның ішінде Семей қаласында қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Қан орталығының директоры Айгүл Әлжанованың айтуынша, қаламыздағы бірқатар азаматтар сырқаттардың сауығып шығуына үлес қосып жатыр. Ізгі ниетті жандардың бірі – кәсіпкер Қанат Соғымбаев.

— Қан орталығының мамандары хабарласып, донор болу арқылы індетке шалдыққан жандарға көмек көрсете алатындығымды айтты. Қолдан келгенше адам баласына көмек қолын созған дұрыс деп ойлаймын. Оның үстіне өзіміз де ауырғандықтан, бұл дертпен жақсы таныспыз. Коронавирус инфекциясынан айығуымызға мүмкіндік беріп, медициналық көмек көрсеткен барлық медицина қызметкерлеріне алғыс айта отырып, қолдан келген көмекті аяуға болмайтындығын айтамын,- деген Қанат Соғымбаев жерлестерімізді донор болып, игі іске атсалысуға және тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы дерттен ада болуға шақырды.

Айта кетсек, донор болатын адамның жасы 18-ден асқан, салмағы 50 келіден артық болуы керек. Сонымен қоса жұқпалы және созылмалы аурулармен ауырмауы, қандай да бір аурумен дәрігерлік есепте тұрмауы тиіс.

Коронавируспен ауырған науқастарға қол ұшын бергісі келетін барша ізгі ниетті жандар облыстық Қан орталығына: 8(7232)70 38 38 немесе 87057520964 телефон нөмірі арқылы хабарласып, қосымша ақпарат ала алады.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

{jcomments off}

Связанные новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 часа назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

7 дней назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС