Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМА СЫРҚАТТАРДЫҢ ӨМІРІН САҚТАЙДЫ

18.09.2020
FacebookWhatsappTelegram

Осыған дейін шығысқазақстандық дәрігерлер COVID-19 инфекциясынан емделіп шыққан барша өңір тұрғындарын иммундық плазма доноры болуға шақырғаны белгілі. Бүгінде бұл бағыттағы шаралар оң нәтиже беруде. Иммундық плазма доноры болуға ниет білдіріп жатқан семейліктер саны күн санап артып келеді.

Осыған дейін айтылғандай, коронавирустан жазылған адамдардың қан плазмасын науқастарға құю арқылы иммундық жүйені нығайтуға болады. Бұл әдістің нәтижелілігі зертханалық және клиникалық тұрғыдан толықтай дәлелденгені белгілі. Қазіргі таңда аталмыш ем-шара жайында еліміздің барлық тұрғындары, әсіресе донорлар толық хабардар десек те болады.

Сөз орайында айта кетсек, семейліктер иммунды плазмаға қан тапсыруда жоғары деңгейде белсенділік танытты. Біз хабарласқан мамандардың айтуынша, қаламызда орын тепкен Қан орталығына өз еркімен келіп плазма тапсырғандар көп екен. Қазіргі күні де телефон арқылы қоңырау шалып, тілек білдіріп жатқандар бар. Әйтсе де Қан орталығында бүгінде барлық топтағы плазма түрі жеткілікті. Бұл — жергілікті азаматтардың белсенділік танытуының нәтижесі.

Қан плазмасын тапсырғандар арасында әр саланың мамандары, атап айтсақ ұстаздар, әскери қызметкерлер, тіпті сол Қан орталығының дәрігерлері де бар екен.

Солардың бірі жерлесіміз Эльмира Қойшыбаева – қатардағы əскери қызметкер. Ол коронавирусқа шалдығып, аталмыш дерттен құлан-таза жазылып шыққан. Өз басынан өткергендіктен, кеселдің ауырлығын өте жақсы біледі. Сондықтан науқастанған өзге адамдарға көмек беру үшін иммундық плазма тапсыруға арнайы келіпті.

— Əр адамның бойында өзіндік патриоттық сезім бар. Әркім өз халқына мүмкіндігіне қарай көмек бергісі келеді. Мен де COVID-19-ға қарсы күресте өз үлесімді қосуды ойлап, қан плазмасын тапсыруға осында келдім. Бір жағынан, өзім толқып та тұрмын, — дейді пікір білдірген Эльмира Қойшыбаева.

Коронавирустан жазылған кез келген адамның иммундық плазмасы жарай бермейді. Дəрігерлер алдын ала сараптама жасайды, аурудан айыққан адамның бойында дертке қарсы антиденелер табылған жағдайда ғана ол донор бола алады. Бүгінге дейін 100-ге тарта семейлік қан тапсырған. Ерікті түрде келіп жатқандар əлі де көп.

— Халықтың белсенділігі жақсы. Қазіргі күні де хабарласып жатқан азаматтар бар. Донорлар көптеген сырқаттанған адамдардың өмірін сақтап қалуға көмек көрсете алады, — дейді бұл ретте терапевт дәрігер Ботагөз Қалибекова. 

Коронавирус дертін емдеуде иммундық плазманы қолдану — еліміз бойынша тəжірибеге енгізілген əдіске айналып отыр. Аталмыш тəсіл өз тиімділігін көрсетті. Бұл орайда COVID-19 індеті басталғалы бері дертті жұқтырғандарды плазма құю арқылы емдеуді Шығыс Қазақстан дəрігерлері алғашқылардың бірі болып іске асырғанын айта кету керек. Сол тәрізді Қан плазмасы банкін құру бастамасы да біздің аймағымызда облыс басшылығы тарапынан алғашқы болып көтерілген еді.

Қалалық Қан орталығы дәрігерлерінің айтуынша, коронавирустың орташа және ауыр түрімен ауырып, одан сауығып шыққан кез келген кәмелеттік жасқа толған адам донор бола алады. Ең бастысы, аурудан айыққанына кем дегенде екі апта өтсе болғаны. Плазма доноры болу үшін жергілікті мекенжай бойынша ОДА-ға барып, антиденеге тест өткізу керек.

Бұдан соң емханалық-биохимиялық көрсеткіш пен қан тобыңызды анықтатуыңыз қажет. Егер сараптама қорытындысы оң болса, қан тапсыруға жібереді. Плазма доноры болуға ынта білдірген әр азамат Қан орталығына хабарласып, қосымша ақпарат ала алады.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Связанные новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 часа назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

7 дней назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС