Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАЛЫҚТАН ҚАЛДЫҚ ҚАЛМАЙДЫ

21.09.2020
FacebookWhatsappTelegram

Балық өсiру мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар Зайсан көлінде де жасалып жатыр. Көл маңындағы балық кәсіпшілігімен айналысатын ауылдардың қатарында Тарбағатай ауданына қарасты Тұғыл және Байтоғас ауылдары да бар.

Жуырда «Шығыс Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-нің басшысы Ділдабек Тәжібайұлы Оразбаев және оның орынбасары Санақбек Кітапбаев жұмыс сапарымен «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі филиалының жұмысы шеңберінде Тұғыл ауылына келіп, «Рыбаки Зайсана» өндірістік кооперативінде болып,  балықшы қауыммен кездесті, жеке азаматтарды қабылдап, тұрғындардың арыздарын тыңдады, олардың көтерген мәселесін заң талабына сай түсіндірді. Балық өңдеу цехын аралап, жұмысшылардың жағдайымен танысты. Балықшылармен кездесуге Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Мауадинов та қатысты.

«Рыбаки Зайсана» өндірістік кооперативі қазіргі таңда толық қуатында жұмыс істеп тұрған ұжымдардың бірі. Бұл кәсіпорын қазіргі заман талаптарына сай қалдықсыз өңдеу технологиясына көшкен. Соның нәтижесінде кәсіпорын балықшылары балықтың сүйегін де кәдеге жаратып, одан жем жасайды екен.

Кәсіпорын басшысы Өтепбай Рүстемов қонақтарды жұмыс цехтарына ертіп барып, жетістіктерін баяндады, жаңадан жұмыс орындары ашылып жатқанын көрсетті, өздерін алаңдатып отырған жағдайларын да айтты. Балықшыларды мазалайтын мәселелердің ең бастысы – көлден балық аулауға жасалған тендердің уақыты аяқталып қалған екен. Бұл жағдайға байланысты облыстық инспекция басшысы Ділдабек Оразбаев түсінік беріп, жергілікті балықшылардың алаңсыз жұмыс істеуіне барлық жағдайдың жасалатынын мәлімдеді.

Өндірістік кооператив басшысының сөзіне қарағанда, кәсіпорында жұмыс көлемін арттыру, қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалану амалдары кеңінен қарастырылып жатқанға ұқсайды. Өтепбай Рүстемов болашақта Құсты өзенінің бойынан шлюз жасатып, сонда балық өсіруді жолға қойсақ деген ойымен бөлісті. Бұл жобаны Шығыс Қазақстан облысы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Ділдабек Оразбаев толық қолдайтындығын айтты.

Сол күні Тұғыл ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында облыстық инспекция басшылары кәсіпорын балықшыларымен кездесу жиынын өткізді. Жиында Ділдабек Оразбаев облыста аталған саланы дамыту мәселелері Өскемендегі ғылыми-зерттеу институты ғалымдарымен әріптестік негізде кеңінен ойластырылып, жаңа жобалар бойынша мақсатты істердің қолға алынғанын айтты. Көл жағасынан орын тепкен Тұғыл ауылының уақыт өткен сайын көркейіп, гүлдене түскеніне қуанышты екенін мәлімдей келе, балықшылардың ата кәсібін алдағы уақытта да алаңсыз жалғастырып, ел экономикасының дамуына үлес қоса беретіндеріне сенетіндігін білдірді.

Жиында облыстық инспекция басшысының орынбасары Санақбек Кітапбаев сөз сөйлеп, шығыс өңірінде балық шаруашылығын дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты баяндап берді. Балық кәсіпшілігімен айналысуға мүмкіндік беретін су айдындарында балық қорын ұлғайтудың тың бастамалары қолға алынғанын мәлімдеді. Облыста балық шаруашылығы жүргізілетін су қоймаларын балықтандыру, балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес, инспекцияның мемлекеттік инспекторларының, жергілікті атқарушы билік органдары өкілдерінің қатысуымен көктем және күз маусымдарында өңірдің өзен-көлдеріне шабақ жіберу шаралары жүргізіліп жатқанын мысалға келтірді.

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңға сәйкес, өзен-көлдерде шаруашылық жүргізетін нысандар балық қорына тигізетін кері әсерінің орнын толтыруға міндетті, кәсіпорындар өздері пайдаланып отырған өзен-көлдерді өздерінің жеке қаражаттарына шабақтандыру ісінің маңызды екенін есакертті. Су қоймаларында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп, заңсыз балық аулайтын тұлғаларды анықтау және оның жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын, балық инспекциясының, ветеринарлық қызмет және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлерінен тұратын арнайы топтар жұмыс істейтінін айтты.

Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған Зайсан көлінің жағасындағы Тұғыл ауылындағы бұл кездесу  балық аулап, оны өңдеу ісінде заман талаптарына сай жаңа технологияны меңгеріп, сүйікті кәсіптерін жалғастырып жатқан ауыл балықшыларының болашаққа деген сенімін арттыра түсті.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

«Чистый город – чистая среда»: в поселке Водный города Семей прошла экологическая акция

12.05.2026
«Чистый город – чистая среда»: в поселке Водный города Семей прошла экологическая акция

В рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» в поселке Водный города Семей состоялась экологическая акция «Чистый город – чистая среда». В...

Читать далее ...

В трех районах Абайской области пройдут антитеррористические учения

12.05.2026
В трех районах Абайской области пройдут антитеррористические учения

В период с 12 по 15 мая 2026 года на территории Бескарагайского, Жанасемейского и Бородулихинского района Восточно-Казахстанским, Павлодарским и Абайским...

Читать далее ...

Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

11.05.2026
Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

На сцене Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры состоялась премьера социальной драмы «Қарағай» молодого драматурга Жәнібек Әлікен. Постановщиком спектакля выступил...

Читать далее ...

Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

10.05.2026
Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

Сегодня, во второе воскресенье мая, Казахстан отмечает День матерей. В этом году значимая дата выпала на 10 мая. Ранее в...

Читать далее ...

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

09.05.2026
В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

В Департаменте государственных доходов по области Абай напомнили жителям региона о правах потребителей при покупке товаров и услуг. Заместитель руководителя...

Читать далее ...

В области Абай усилены меры безопасности на воде

09.05.2026
В области Абай усилены меры безопасности на воде

В регионе в период купального сезона ведётся комплекс профилактических и организационных мероприятий, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций на водоёмах. Об...

Читать далее ...

Новости

«Чистый город – чистая среда»: в поселке Водный города Семей прошла экологическая акция

1 час назад

В трех районах Абайской области пройдут антитеррористические учения

2 часа назад

Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

1 день назад

Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

2 дня назад

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

3 дня назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

3 дня назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

3 дня назад

В области Абай широко отмечают День Победы

3 дня назад

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

3 дня назад

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС