Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

COVID-19: САҚТЫҚ ТАНЫТҚАН ЖӨН

02.10.2020
FacebookWhatsappTelegram

Елімізде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғанына қарамастан, соңғы күндері Шығыс Қазақстан аумағында індет жұқтырған жиырмадан астам науқас тіркелді. Жуырда ғана Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирустың екінші толқынына жол бермес үшін санитарлық талаптарды сақтау шараларын күшейтуді тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігіне жылжымалы медициналық кешендер мен жедел жәрдем көліктерін, қажетті техника мен жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдарын сатып алып, оларды 15 қазанға дейін өңірлерге жеткізу міндеті жүктелді.

{jcomments off}Бұл орайда медицина қызметкерлерінің карантиндік аймақтардағы жұмысы жалғасуда. Семей медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Имдат Эфендиев медициналық топ құрамымен бірге осымен екінші рет университеттің №2 студенттер үйінің базасында орналасқан жұқпалы аурулар ауруханасы қызметкерлерін алмастыру үшін алғы шепке жұмысқа шықты.

— Біз «қызыл аймаққа» әріптестерімізді алмастыру үшін келдік. Алғы шептегі жұмысымды мен бірінші рет жазда, эпидемиологиялық ахуал қиын болған кезде бастадым. Қазір, әрине, жағдай әлдеқайда жақсарып, эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Бұл, көбінесе, адам ағзасында антиденелердің түзіле бастауына байланысты. Көптеген адамдар, өздері де білместен, коронавирустық инфекцияның жеңіл түрімен ауырды. Бұл бағытта біз ауқымды зерттеу жүргіздік. Алдыңғы шепте жұмыс істеген медициналық қызметкерлерді, ЖОО оқытушыларын, интерндерді де тексердік. Жақында жүргізілген 12 адамның талдау нәтижелері бойынша 9 адамның қанынан антиденелер таптық,- дейді Имдат Эфендиев.

Дәрігер Имдат Эфендиевтің айтуынша, пандемия кезінде COVID-19 өте құбылмалы вирус екенін көрсетті. Ағзаның әлсіз тұсына дөп тиеді. Бастапқыда вирус көбінесе егде жастағы адамдарға қауіпті деп айтылғанымен, тәжірибе көрсеткендей, барлық жастағы адамдар COVID-19-ға осал болып шықты.

— Балалар COVID-19-бен сирек ауырады. Бала ағзасындағы вирустың клиникалық белгілері айқын емес, көбінесе ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Оларда ауру ағымы оңай өтеді, алайда ауыр түрі де кездеседі. Қазіргі күні, қолда бар мәліметтерге сүйенсек, вирус жұқтырғандар арасында балалардың саны 10%-ды және COVID-19 клиникалық жағдайлары анықталғандардың ішінде 2%-ды құрайды. Ауру жаңа туған нәрестелерде де тіркелді. Пандемияның бүкіл кезеңінде әлемдік статистикада коронавирус ауруы бойынша балалар арасында жалғыз өлім тіркелген. Көп жүйелі қабыну синдромы деген бар, оны Кавасаки синдромымен салыстырады. Жақында бізге басқа ауруханадан осы диагнозға күдікті бала ауыстырылды. Біз аурудың барлық ерекшеліктерін, емдеу әдісін білгендіктен, қазір науқас балада оң нәтиже байқалады. Жағдайы тұрақты, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ,- дейді И.Эфендиев.

Жоғары санатты дәрігердің сөзіне сүйенсек, көп жүйелі қабыну синдромы коронавирустық инфекциямен ғана емес, басқа вирустармен де көрінеді. Ауру кезінде қабыну процесі бір уақытта бірнеше ағзаға әсер етеді. Көктамыр ішіне иммуноглобулиндер енгізу, гормондық терапия әдістерін қолдану арқылы семейлік дәрігерлер аталған ауруға шалдыққан науқастарды сәтті емдеп шығыпты. «Біздің бұл ауру туралы, онымен күресу жолдарын, емдеу әдістерін білгеніміз – үлкен жетістік», — дейді Имдат Мусаевич.

— COVID-19 вирусы адам ағзасында жасырын жүруі де мүмкін. Егер адам вирустың ауыр түріне шалдықса, сауыққаннан кейін ұзаққа созылатын оңалтудан өтеді. Балаларда да көп жүйелі қабыну синдромы ауыр түрде өтуі мүмкін. Бірақ, баланың ағзасы жас болғандықтан, ауруды дер кезінде анықтап, ауруханаға уақытында жатқызса, барлық қажетті ем-шаралар қабылданса, бала толығымен жазылып, қалыпты өмірге қайта оралады. Біз клиникалық жұмыс барысында бұған көз жеткіздік, барлық науқастарымыз оңалуда, — дейді дәрігер.

Пандемия кезінде отандық дәрігерлеріміз коронавирусқа қарсы әрекет етуде біршама тәжірибе жинақтады. Дәрігерлер ғана емес, медициналық ұйымдар да дайындықтан өтті. Бұл бағытта Семей медицина университеті ұжымы да үлкен үлес қосты. Қазірдің өзінде олар науқастарды университет студенттерінің үйі негізінде құрылған ауруханада емдеп жатыр.

— Қазір көптеген сарапшылар қазан айында ЖРВИ маусымымен қатар келуі мүмкін індеттің жаңа толқыны жайлы айтуда. Егер біз емдеу шараларын дұрыс жасап, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтасақ, өткен кезеңдегідей ауырлық болмайды деп ойлаймын, — дейді И.Эфендиев.

Инфекционист дәрігер айтып өткендей, аурудың алдын алу үшін маскалық режимді, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, қолды жиі жуу керек. Және ЖРВИ маусымы кезінде жақсы тамақтанып, жылы киініп, денсаулықты ерекше күткен жөн.

— Жоғарыда атап өткенімдей, көптеген отандастарымыздың қанында COVID-19-ға қарсы антиденелер қалыптасқан. Бірақ пневмония мен ауыр коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар тұмауға қарсы вакцина алғандары жөн. Өйткені олардың өкпелері әлі толық қалпына келіп үлгерген жоқ. ЖРВИ маусымы оларды айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Облыста вакциналардың жеткілікті мөлшері сатылып алынды, вакцина науқаны жүріп жатыр, — дейді дәрігер.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, сақтық шараларын еш уақытта ұмытпағанымыз жөн.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 час назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

7 дней назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС