Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМА: ДОНОРЛАР САНЫ АРТУДА

02.10.2020
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстан әлем елдері арасында алдыңғылардың бірі болып коронавирусты емдеу үшін иммундық плазма әдісін қолдана бастады. Еліміздегі трансфузиология саласы бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми-өндірістік шаралар бұған толық мүмкіндік береді. Жуырда Семей қалалық қан орталығында болып, дәрігерлерден осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс жайында сұхбаттасқан едік.

Қаламыздағы Қан орталығының терапевт дәрігері Алиса Валерьевнаның айтуынша, қазіргі күні иммундық плазма тапсыру үшін қан сараптамасын өткізуге келетіндер саны біртіндеп артып келеді. Күніне ең кемі он адам антидененің бар-жоғын анықтау үшін көк тамырдан қан тапсырады екен. Кейбір күндері келушілер саны 15-17 адамға дейін жетеді.

— Мәселен, коронавирус инфекциясынан айыққан адам плазма тапсырды делік. Егер оның қанының құрамында антидене жеткілікті мөлшерде болмаса, оны ауруханаларға иммундық плазма ретінде бере алмаймыз. Ол қарапайым плазма ретінде ғана қолданылады. Қан құрамында антидененің аз мөлшерде болуы науқастың коронавирустық инфекцияның жеңіл түрімен ауырғанын білдіреді, — дейді білікті маман.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, иммундық плазма доноры болғысы келетіндер бар, бірақ көп емес. Осы орайда Қан орталығының қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы ақпарат таратып, азаматтарды барынша хабардар етуде. Дегенмен көбінесе осы дерттің жеңіл түрімен ауырғандар хабарласады екен. Олардың ішінде тұрақты донорлар да бар. Алайда, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, антидене бәрінен бірдей табыла бермейді. Ауырған адамды емдеуге пайдалану үшін қан құрамында антидененің айтарлықтай көп болуы маңызды.

Плазма донордан арнайы аппарат — қан сепараторы арқылы алынады. Бұл процедура плазмаферез деп аталады. Шамамен 50-60 минут ішінде донордан тек қан плазмасы ғана алынады, ал өзге қан компоненттері қайта құйылады.

Жалпы, дәрігерлер бір процедурада 600 мл плазма ала алады. Ең алдымен плазманың не екенін түсіндіріп өтейік. Ол — қанның сұйық бөлігі. Егер қаннан жасушалар (қызыл қан жасушалары, лейкоциттер, тромбоциттер) алынып тасталса, плазма ғана қалады. Оның құрамында ақуыз көп. Плазма ақуыздары көптеген қан функциясына қатысады, олардың кейбірі ауруларға қарсы антидене саналады.

Коронавирус дүние жүзіне тарап жатқанда дәрігерлер қанның плазмасын қолдануды жөн санаған болатын. Вирусқа қарсы ем әлі шықпады, сондықтан дәрігерлер осы амалға жүгінген.

Плазма алмас бұрын донорда коронавирусқа қарсы антидененің қанша мөлшерде екенін анықтап алу міндетті. Одан кейін гемоглобин мөлшері, инфекцияның бар-жоғы (АИВ, гепатит, сифилис) анықталып, қан тобы, резус-факторы тексеріліп, терапевтің тексеруіне жіберіледі. Плазманы алған соң инактивация жасалып, қолданысқа дейін мұздатылған күйінде сақталады.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймағындағы қан орталықтарында плазма алуға қажетті құралдар жеткілікті. Соның ішінде Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығы мен Семейдегі қалалық қан орталығынан арнайы иммундық плазма банкін құру жоспарланған болатын. Қазіргі күні аталмыш бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр.

— Осыған дейін біздің орталық бойынша тек 500 доза иммундық плазма әзірлеу жоспарланған болатын. Бұл меже семейліктердің түсіністік танытып, белсенді атсалысуының нәтижесінде уақытында орындалды. Одан кейін қосымша тағы да 500 доза қан плазмасын жинау туралы шешім қабылданып, қазір донорларды қабылдаудамыз,- дейді Қан орталығының мамандары.

Сөз орайында дәрігерлер қауымына «адамның қан тобы коронавируспен ауыруына немесе ауырмауына әсер етеді» деген ақпарат қаншалықты рас?» деген сауал қойдық.

— Адамның қан тобы оның коронавирусты жұқтыруына еш әсер етпейді. Бізге иммундық плазма тапсыруға келгендердің ішінде барлық төрт қан тобындағы адамдар бар. Алайда төртінші (АВ) қан тобындағы адамдардың көп келгені жақсы, себебі олардың плазмасы кез келген адамға құюға жарамды, — дейді бұл ретте сұрағымызға жауап қайырған мамандар.

Көз жеткізгеніміздей, Қалалық қан орталығына барып, қан талдамасын тапсыруға келіп жатқандардың қатары көп екен. Олардың арасында семейліктер ғана емес, қалаға іргелес өзге де аудандар мен ауылдық елді мекендер тұрғындары бар.

Коронавирус сырқатымен ауырып жатқан азаматтарға көмек беру үшін плазмалық  донор болуға ниет білдірсеңіз, 8-775-458-39-30, 8-7222-42-15-34 телефон нөмерлері бойынша хабарласуға болады.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Новости

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 час назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

7 дней назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС