Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕМЕЙЛІКТЕР ИММУНДЫҚ ПЛАЗМА ДОНОРЫ БОЛУДА

07.10.2020
FacebookWhatsappTelegram

Иммундық плазма – адам қанының қандай да бір инфекциялық агенттерге қарсы антиденеден құралған бөлігі. Мысалы, коронавирус инфекциясымен ауырған адамдардың плазмасында бұл аурумен күресуге көмектесетін антидене болады. Коронавируспен ауырған адамдардың иммундық плазмасын қайта құю кезінде реципиентте пассивті иммунитет қалыптасып, оған бұл дертпен күресуге көмектеседі. Коронавируспен ауырғандардың бәрі бірдей иммундық плазма доноры бола алмайды. Тек коронавирус инфекциясына антиденесі жеткілікті адамдар ғана донор бола алады. Иммундық плазманы қайта құю науқастарды емдеу және сауықтыру процесін жылдамдатады.

Шығысқазақстандық дәрігерлер COVID-19 инфекциясынан сауығып шыққан азаматтарға иммундық плазма доноры болуға ұсыныс тастағаны белгілі. Дәрігерлердің айтуынша, емделіп шыққан адамдардың қан плазмасын ауыр жағдайдағы науқастарға құйса, иммуни­теттері нығайып, асқынған аурудан айығуына мүмкіндік беретін көрінеді. Бұл медицинада енді ғана дәлелденіп келеді.

Қазақстанда қан плазмасын әзірлеу сәл кейін басталған болатын. Бүгінгі таңда облыстық Қан орталығында қаннан антидене плазмасын алу үшін тәжірибелі мамандар жұмылдырылған. Бұл тәжірибе әлемде тұңғыш рет жасалып жатқандықтан, облыстағы медицина қызметкерлеріне жоғары жауапкершілік жүктеліп отыр.

— Донор болу үшін адамның денсаулығы мығым, салмағы 50 келіден кем болмауы керек. Жас мөлшері 18 бен 55 жас аралығындағылар қан тапсыра алады. Олай дейтінім — адамдардың жасы ұлғайған сайын қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек ауруы сынды созылмалы аурулар пайда болады. Мұнымен қатар қан аппараттық плазмафарез арқылы дайындалатындықтан күре тамыры анық көрінуі керек. Алдымен білектегі күре тамырдан қан алынып, аппаратқа түседі. Аппаратта қандағы плазма бөлініп алынады да, қанның жасушасы қысыммен донорға қайта құйылады, – дейді бұл орайда Семей қалалық қан орталығының мамандары.

Ал арнайы тексеруден өткен донордың антиденелі плазмасы жеке қапта сақталады. Айта кетерлігі, аурудан айыққан адам екі аптадан кейін ғана қан тапсыра алады. Екі айдан асып та кетпеуі керек. Өйткені екі айдан соң қандағы антидене әлсірей береді.

Донор болуға ниеттенген адам әуелгі кезекте қан сараптамасынан өтеді. Ол бір тәуліктен бірнеше тәулікке дейінгі уақыт аралығында дайын болады. Қан құрамы арнайы аппараттың көмегімен анықталатындықтан, көп уақытты алады. Бір жағынан, қанның сапасына, құрамына жіті мән беріледі.

Мамандардың айтуынша, қан құрамына жасалатын тексеру бірнеше параметрлер бойынша жүргізіледі: биохимиялық, клиникалық, иммунологиялық көрсеткіштер тек­серіледі. Қорытындысында G иммуноглобулині, B, С гепатиті сынды аурулардың бар-жоғы анықталады. Ең бастысы, азаматтардың денсаулығында донорлыққа қарсы ешқандай кінәрат болмауы керек. Оны қан талдамасына қарап, терапевт дәрігер анықтайды. Дәрігер мамандардың айтуынша, қан құю да адамға бөтен ағза салумен, яғни трансплантациямен тең процесс саналады.

Қазіргі күні қан плазмасын тапсыруға келетін семейлік азаматтар арасында әр түрлі мамандық өкілдері — мұғалімдер, әскери сала қызметкерлері, қарапайым азаматтар мен дәрігерлердің өздері де бар екен.

Қан орталығы мамандары әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жүргізілген түсіндіру жұмыстары оң нәтиже бергенін айтады. Қан тапсыруға келушілердің саны күн сайын артып келеді. Плазманың бір донациясы осы әлемдік инфекциядан зардап шеккен үш науқастың жағдайын жеңілдетуге көмектеседі екен.

Мамандардың айтуынша, Семей қаласы бойынша бүгінгі таңда иммундық қан плазмасының доноры болу үшін 872 адам қан тапсырыпты. Осы қарқынмен жалғасар болса, алдағы уақытта бұл көрсеткіштің әлі де жоғарылай түсетіні анық.

Ал қазіргі таңда облыс бойынша иммунды плазманың 1484 дозасы бар. Жағдайы ауыр науқастар үшін иммундық плазма дайындаудың маңыздылығы коронавирус инфекциясының екінші толқыны қарсаңында тіптен жоғары болып тұр. Бұл орайда біздің облысымыздағы 1484 қан плазмасының дозасы жалпыреспубликалық көлемнің 47 пайызын құрайды екен. Яғни, еліміз бойынша Шығыс Қазақстан облысы өзге аймақтар арасында алдыңғы орында келеді.

«Коронавируспен ауырған облыс тұрғындарын қан плазмасын тапсыруға белсенді қатысуға және қан құрамындағы антиденелердің деңгейін тексеруге шақырамын», — деген еді бұл орайда өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында облыс әкімі Даниал Ахметов.

Өз тілшіміз{jcomments off}

Связанные новости

В Мангистау нашли следы древнего города, связанного с Римом и Китаем

12.05.2026
В Мангистау нашли следы древнего города, связанного с Римом и Китаем

Учены продолжают исследовать древнее городище Каракабак, которому около двух тысяч лет. В древности это место было одним из важных торгово-ремесленных...

Читать далее ...

ВВП Казахстана на душу населения превысил 17 тысяч долларов

12.05.2026
ВВП Казахстана на душу населения превысил 17 тысяч долларов

Международный валютный фонд выпустил мировой экономический обзор за апрель. ВВП на душу населения в номинальном выражении. ВВП на душу населения...

Читать далее ...

«Чистый город – чистая среда»: в поселке Водный города Семей прошла экологическая акция

12.05.2026
«Чистый город – чистая среда»: в поселке Водный города Семей прошла экологическая акция

В рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» в поселке Водный города Семей состоялась экологическая акция «Чистый город – чистая среда». В...

Читать далее ...

В трех районах Абайской области пройдут антитеррористические учения

12.05.2026
В трех районах Абайской области пройдут антитеррористические учения

В период с 12 по 15 мая 2026 года на территории Бескарагайского, Жанасемейского и Бородулихинского района Восточно-Казахстанским, Павлодарским и Абайским...

Читать далее ...

Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

11.05.2026
Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

На сцене Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры состоялась премьера социальной драмы «Қарағай» молодого драматурга Жәнібек Әлікен. Постановщиком спектакля выступил...

Читать далее ...

Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

10.05.2026
Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

Сегодня, во второе воскресенье мая, Казахстан отмечает День матерей. В этом году значимая дата выпала на 10 мая. Ранее в...

Читать далее ...

Новости

В Мангистау нашли следы древнего города, связанного с Римом и Китаем

22 минуты назад

ВВП Казахстана на душу населения превысил 17 тысяч долларов

46 минут назад

«Чистый город – чистая среда»: в поселке Водный города Семей прошла экологическая акция

2 часа назад

В трех районах Абайской области пройдут антитеррористические учения

3 часа назад

Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

1 день назад

Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

2 дня назад

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

3 дня назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

3 дня назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

3 дня назад

В области Абай широко отмечают День Победы

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС