Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАН ПЛАЗМАСЫНЫҢ ДОНОРЫ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

13.10.2020
FacebookWhatsappTelegram

Семейдегі Қан орталығының мамандары COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастардың қанынан  иммунды плазма дайындауды республикамыз бойынша алғашқылардың бірі болып бастап кеткені белгілі. Осы кеселдің орташа немесе ауыр түрімен ауырғандардың қанында ауруға қарсы иммунитет пайда болатыны жайлы БАҚ-та көп айтылып, жазылып та жатыр.

Биылғы жазда коронавирус симптомдарымен ауырып тұрған жасы 18-ден асқан, қан тапсыруға қарсы көрсетілімдері жоқ Семей қаласының тұрғындары осы инфекцияға қарсы иммунитеті барын немесе жоғын білгісі келсе, қалалық Қан орталығында антиденеге тексерілуіне болады. Егер антидене бар болса, қалауы бойынша иммунды плазма тапсырып, оны қалалық Қан орталығының плазма банкісінде сақтап қоя алады. Донор, коронавируспен туысы науқастанса немесе өзі қайталап ауырса, өз плазмасын пайдалануына да болады екен. Плазма бұл жерде 3 жылға дейін сақталады.

Облыстық қан орталығының мамандары соңғы уақытта донорлардың қатары артқанын айтады. Орталық мамандары иммунды плазма дайындау мақсатында COVID-19-бен ауырып шыққан тұрғындарды қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлауға шақырады.

— Біз COVID-19-ды жеңген барлық адамдарды мұқтаж пациенттерге иммундық плазманың доноры болу арқылы көмектесуге шақырудамыз, — дейді бұл орайда Семей қалалық қан орталығының терапевт дәрігері Алиса Валерьевна.

Жақында қаладағы Қан орталығына барып, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген ауруға шалдығып, құлан-таза айыққан, енді плазма доноры болу үшін қан тапсыруға келген тұрғындармен тілдескен едік.

31 жастағы Ольга биылғы жазда бала-шағасымен бірге ауырып қалғандарын айтады. Кәдімгі тұмаудан әлдеқайда ауыр өтіпті. Өзі дәм сезу қабілетінен айырылып, денесін ауырлық басып, бірнеше күн әлсіреп жүріпті. Қан плазмасының сырқаттанған жандарға шипасы тиіп жатса, көмектесуге дайын екенін айтады. Қазіргі таңда антидененің көлемін анықтау мақсатында қан сараптамасын өткізген.

Оның жолдасы — коронавирус белгілерімен сырқатқа шалдыққан 33 жастағы Никита да қаладағы барлық дәріханаларды аралап, сабылып дәрі іздегендердің қатарында болғанын айтады. ПТР тестін тапсырмаған, бірақ белгілері бойынша коронавирусқа ұқсас келетін аурудан ұзақ уақыт үйде емделген. Ол да өзінің денсаулығы донорға қойылатын талаптарға сай келсе, қуана-қуана қан плазмасын тапсырып, аталмыш сырқатқа шалдыққан науқастарға көмектескісі келетінін айтты.

Қан орталығына қол ұстасып бірге келген ерлі-зайыптылар коронавируспен күресте дәрігерлер қауымына осылай көмектеспек.

Мамандардың айтуынша, иммундық плазма тапсырушыларға қойылатын арнайы талаптар бар. Иммундық плазманы ковидпен орташа немесе ауыр деңгейде ауырғандар тапсыра алады. Ал жеңіл түрімен немесе симптомсыз ауырғандар иммундық плазма доноры бола алмайды. Әйелдер жүкті болмаған кезде ғана донор бола алады. Алдын ала тексеруде қан сарысуында ДЖИ класындағы иммунноглабулин міндетті түрде болуы керек. Ол адамның ковидпен ауырғанын бірден көрсетеді.

Бір донордан антиденесі бар 600 миллилитр плазма алу қажет. Дәрігерлер одан өздеріне қажетті бөлігін ғана алады. Ал лейкоцит, эритроцит секілді қосымша қан құрамдары донордың өзіне қайта құйылады. Сондықтан қан плазмасын тапсырған азаматтың иммунитеті әлсірейді деп қорқудың қажеті жоқ көрінеді.

Жалпы, еліміз бойынша коронавируспен күресте антидененің тиімділігі осы сәуір айынан бастап тексеріліп келеді. Бұл дерттен айыққандар әуелгі кезде донор болуға секеммен қараса, бүгінде өз еріктерімен қан тапсырып жатыр екен.

Мамандардың айтуынша, аталмыш вирустың орташа және ауыр түрін бастан кешкендердің иммундық плазмасы 3 науқасқа жетеді екен. Өңделген иммундық плазмаларды зертханалардағы тоңазытқыштарда 3 жылға дейін сақтауға болады.

— Бүгінде адам ағзасында түзілген антиденелер нақты қанша уақыт сақталатынын айту біршама қиынға соғады. Бірақ кейбір ғылыми зерттеулердің нәтижесінен белгілі болғаны — антиденелер 2-3 ай ағзада өмір сүреді. Одан кейін көлемі кеміп кетеді екен. Бірақ бұл әр адамның иммунитетіне де байланысты. Алайда антиденелердің жарты жылға дейін ағзада сақталып, вирусты жолатпайтындай қауқар көрсете алатынын да жоққа шығара алмаймыз, — дейді мамандар.

Иммундық плазма донорлары 18 жастан асқан, салмағы 50 келіден төмен емес әрі ешқандай инфекциялық ауруды бастан кешпеген болғаны жөн. Мұндай донорларға 7 айлық есептік көрсеткіш, яғни 20 мың теңгедей төлем де қарастырылған.

Донор болуға ниетті қала тұрғындары тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханаға немесе Қан орталығына барып, антиденеге тегін қан тапсыра алады. Семей қаласы бойынша қосымша ақпаратты 42-15-34 немесе 87754583930 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

Өз тілшіміз{jcomments off}

Связанные новости

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

27.08.2026
Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

Из шести кандидатов от области Абай, выдвинутых партией «Әділет», трое вошли в состав Курултая. Один из них — Шалкар Заманбекович...

Читать далее ...

Новости

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

7 дней назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад

«Европейский результат»: иностранные эксперты о явке граждан на выборах в Курултай

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС