Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ» АЯСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

12.11.2020
FacebookWhatsappTelegram

{jcomments off}

Аймағымызда «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 765 жоба аяқталды. Аталған бағдарлама шеңберінде облыста 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Бүгінде облыс көлемінде ғимараттарды қайта жөндеу, жаңа нысандар салу, көшелерді абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Соның нәтижесінде аймақтың келбеті ажарланып, көркейіп келеді. Әлемдегі жағдай барлық елдердің экономикасын баяулатқанына қарамастан, биыл Шығыс Қазақстан облысында 819 жоба қолға алынып, оның 787-сін осы жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Бұл жобалар, қалалармен қатар, аудандар мен шалғайдағы ауылдардың дамуына да оң әсер етеді. Жаңа ғимарат салынып жатқан жерде тұрғындар үшін жайлы және заманауи орта қалыптасса, еңбек етуге ниетті азаматтар үшін жаңа жұмыс көздері көбейеді.

— Қараша айында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 27 жобаны аяқтау қажет. Алты ірі жоба, атап айтқанда Өскемен қаласындағы әуежай, Үржар ауылындағы аэровокзалдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту, Семейде Қарағайлы шағын ауданына, Өскемендегі Есенберлин даңғылынан Жібек жолы көшесіне және Қазыбек би даңғылынан Алматы трассасына дейінгі аралықта инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу, сондай-ақ Онкология және хирургия орталығының реанимация, маммология және гинекология бөлімшелерінің операциялық блогын жаңғырту сияқты жобалар келесі жылға қалдырылады,– деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Айта кетейік, облыста «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 247 шақырым жол жөнделген. 14 ауруханада және 262 мектепте күрделі жөндеу жүргізілген. Барлық негізгі жобалар, оның ішінде кварталішілік су құбыры тораптары мен кәріздерінің, сондай-ақ 19 шағын ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы бітті. Семей қаласындағы үлкен көпірді жарықтандыру және Абай ауданы Қарауыл ауылындағы Ұлы ақын атындағы саябақтың жобасы аяқталуда.

Сонымен қатар 2024 жылға қарай ШҚО халқы орталықтандырылған ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілмек.

— Бұл — біздің алдымызда тұрған стратегиялық міндеттердің бірі. Бүгінде облыста елді мекендерге тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспарлар әзірленген. Жалпы, қазіргі уақытта өңір тұрғындарының 90,5%-ы орталықтандырылған су беру жүйесімен жабдықталған, оның ішінде 683 елді мекеннің 462-сі бар.

Жыл басынан бері тағы 139 жоба іске қосылды, оның 92-сі желтоқсан айының соңына дейін мәресіне жетуі керек. 51 ауылда блокты-модульдік станция орнатылады. Жалпы, биыл ауылдық елді мекендердің 20 мыңнан астам тұрғынын таза ауыз сумен қамтамасыз етеміз,- деді облыс басшысы аймағымыздың ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтау мәселелері және 2021 жылға арналған жоспарлы жобалар барысы талқыланған жиында.

ШҚО әкімдігі мәліметі бойынша әзірленді

Связанные новости

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

27.08.2026
Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

Из шести кандидатов от области Абай, выдвинутых партией «Әділет», трое вошли в состав Курултая. Один из них — Шалкар Заманбекович...

Читать далее ...

Новости

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

7 дней назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад

«Европейский результат»: иностранные эксперты о явке граждан на выборах в Курултай

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС