Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕКІНШІ ТОҚСАНДА ОҚУ ҮРДІСІ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ?

12.11.2020
FacebookWhatsappTelegram

 

Бірінші тоқсанның аяқталғанына да біраз уақыт өтті. Ал екінші тоқсанда семейлік оқушылар қалай оқиды? Жалпы, мектептердегі эпидемиологиялық жағдай қандай? Бұл жөнінде аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко айтып берді.

Соңғы уақыттарда оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары жиі тіркеле бастаған. Семейде бүгінгі күнге дейін 80 оқушы коронавирус індетін жұқтырған. Олардың 14-і сауығып шықса, қалғаны амбулоториялық ем қабылдауда. Инфекцияға шалдыққан оқушылардың  54-і - қашықтықтан білім алғандар. Олар мектепке мүлде келмеген, яғни ауруды үй жағдайында, отбасында жұқтырған. Сол сияқты кезекші сыныптарда да мұндай жағдайлар кездесіп отыр. Кезекші сыныптардан 26 бала коронавирус жұқтырды. Бүгінгі күні 5 бала сауығып шықса, 21 бала амбулатория жағдайында емделуде.

Н.Фесенконың айтуынша, бүгінгі таңда қаламызда КВИ-дің бірнеше жағдайы тіркелген 8 мектеп жұмысын тоқтатқан.

Брифингте сонымен қоса білім ошақтарындағы санитарлық талаптардың орындалуы жайлы да айтылды. Қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко бүгінде барлық мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып отырғанын мәлім етті.
- Әр мектепте тексеру-өткізу пункті бар, онда оқушылар мен мұғалімдердің дене қызуы тексеріледі, бәрі де дезинфекциялық төсеніштер арқылы өтеді. Егер дене қызуы бар бала анықталса,  оқшаулау бөлмесіне жіберіліп, медициналық қызметкердің тексеруінен өтеді және денсаулық жағдайына байланысты үйіне немесе ауруханаға жіберіледі. Барлық мекемелер дене температурасын өлшеуге арналған термопрепараттармен, дезинфекциялық кілемшелермен және антисептиктермен, бактерицидтік шамдармен қамтамасыз етілген, сонымен қатар әр оқушыға берілетін бірнеше рет қолданылатын маскалар, қамту қызметкеріне арналған маскалар мен қолғаптар бар. Әр сабақтан кейін кабинеттер бактерицидті шаммен өңделеді, тазалық жұмыстары жүргізіліп, желдетіледі. Сондай-ақ қолды жылы сумен жуу үшін су жылытқыштар сатылып алынды. «Бір бағыттағы қозғалыс» ережесі бойынша әлеуметтік арақашықтықты сақтау  үшін мектеп ішінде және аумағында белгілер қойылған, - деді Наталья Фесенко.

Білім бөлімі басшысының айтуынша, мектептерде оқушыларды қашықтықтан оқыту кезінде белгілі бір бағдарламалар немесе платформалармен айналысуға ыңғайлы болу жағы да қарастырылыпты. Осыған орай жыл басындағы педкеңестерде мұғалімдер тарапынан түрлі ұсыныстар түсіп, оқытуға қолайлы платформаларды өздері таңдаған. Қаламыздағы мектептердің дені Online mektep платформасын таңдаса, бірқатар мектептер Daryn.online платформасын қолдануда. Ұстаздардың пікірінше, бұл платформалармен жұмыс істеу өте ыңғайлы екен.

Ал балалардың компьютерлермен қамтамасыз етілуі — қазіргі оқыту жағдайындағы басты мәселелердің бірі. Айта кету керек, кез келген отбасыда кем дегенде бір байланыс құралы, ноутбук, планшет немесе смартфондар, бар. Соған қарамастан, оқу жылының басында мектептерде қолда бар компьютерлік техникаға түгендеу жүргізіліп, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 900 дана компьютер таратылған. Оған қоса жергілікті бюджет арқылы 1 500 дана ноутбук, 1 300 дана компьютер, сонымен қатар республикалық қаражат есебінен 1 100 дана планшет сатылып алынған.

Ал алдағы тоқсанда мектептер оқытуды онлайн режимінде жалғастыра ма, жоқ па, ол әлі белгісіз.

— Облыс аумағында шектеу шаралары күшейтілгендіктен, біз бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын күтеміз. Оқушылардың екінші тоқсанда білім алуы қалай ұйымдастырылатыны осыдан кейін белгілі болады, — деді Наталья Фесенко.

Абылай МАҚСҰТБЕК,

«Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

27.08.2026
Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

Из шести кандидатов от области Абай, выдвинутых партией «Әділет», трое вошли в состав Курултая. Один из них — Шалкар Заманбекович...

Читать далее ...

Новости

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

7 дней назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад

«Европейский результат»: иностранные эксперты о явке граждан на выборах в Курултай

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС