Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«NEET» ТОБЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ САНЫН ҚАЛАЙ АЗАЙТАМЫЗ?

19.11.2020
FacebookWhatsappTelegram

17 қараша күні ШҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «Жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы» Семей қалалық филиалының директоры Эльзира Жунусованың ұйымдастыруымен Zoom платформасында «NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру»жобасының қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа Жолдауында: «Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде»,- деп, жастарды жұмыспен қамту мәселесінің өзекті екенін айтқан болатын.

{jcomments off}Ғылымда NEET термині ағылшын тіліндегі «Not in Empoloyment. Education or Training» сөздерінен құралған. Қазақ тіліне тәржімаласақ, «не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, не өзге де істермен айналыспайтын адам» деген мағына береді.

2020 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, еліміздегі жастар саны 3 765 383 адамды құрайды. Оның 2 125 065-і қалалық, 1 640 318-і ауылдық жастар. Ал Шығыс Қазақстан облысында 244 005 жас болса, оның 147 456-сы қалада, 96 546-сы ауылда тұрады екен.

Брифинг барысында «NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар туралы, сонымен қатар ШҚО-да жастарға арналған «Жасыл Ел», «Дипломмен — ауылға», «Еңбек», «Жастар тәжірибесі» және басқа да бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы айтылып, NEET санатындағы жастардың жағдайын әлеуметтік зерттеудің қорытындылары талқыланды, жастарға ерте кәсіби бағдар берудің маңыздылығы жайлы сөз болды.

Эльзира Жунусованың айтуынша, жоба аясында облысымыздағы «NEET» санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру бағытында көптеген жұмыстар жүзеге асқан. Айталық, 30 қазанда Семей және Риддер қалаларында, сондай-ақ Алтай, Аягөз, Үржар, Глубокое аудандарында жұмыссыз жастарға арналып «Жастарға кеңес» консультациялық орталықтары ашылған. Кеңес беру орталықтарын ашудағы мақсат — жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасудың жолдары және жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беру.

— Семей және Риддер қалаларында, Алтай, Аягөз, Үржар, Глубокое аудандарында ашылған орталықтың қызметіне жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің және Жастар ресурстық орталықтарының өкілдері тартылды. Қазіргі таңда жастар арасында тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселесі өзекті болып тұр. Орталық мамандары жастарға, негізінен, осы мәселелер бойынша кеңес беруде.

Кейінгі жылдары жастар арасында жеке кәсіп ашып, өз ісін дамытуға ден қойғандардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Бұл орайда «Жас кәсіпкер» сынды мемлекеттік бағдарламалардың жақсы қолдау болғанын айта кету керек. Кеңес беру орталықтары халық көп жиналатын жерлерде аптасына бір рет, негізінен, демалыс күндері жұмыс істейді,- деді Эльзира Жунусова.
Брифинг соңында БАҚ өкілдері бұл жобаны одан әрі жалғастыру жайлы ұсыныс айтты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

27.08.2026
Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

Из шести кандидатов от области Абай, выдвинутых партией «Әділет», трое вошли в состав Курултая. Один из них — Шалкар Заманбекович...

Читать далее ...

Новости

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

7 дней назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад

«Европейский результат»: иностранные эксперты о явке граждан на выборах в Курултай

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС