Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІ ТІРКЕЛДІ

03.12.2020
FacebookWhatsappTelegram

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қазанда Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді.

Семей округінің қалалық сайлау комиссиясы, Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сай, сайлауға дайындық жұмыстарымен айналысуда. Қазіргі күні Семей округінде 149 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Әр учаскелік сайлау комиссиясының құрамында 5, 7 немесе 9 адамнан құралған комиссия бекітілген.

Қалалық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, биылғы сайлау жүйесінің ерекшелігі — пропорционалды жүйеде өтуі. Яғни Қазақстанда тіркелген барлық партиялар сайлауға қатысуға құқылы.

— Мәжіліс сайлауына қатысатын 6 саяси партияның өкілдері біздің қалада да тіркелген. Атап айтатын болсақ: «Adal» партиясы («Бірлік» партиясы), «Ақжол» партиясы, «Ауыл» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Халық партиясы және «Nur Otan» партиясы. Осы уақытқа дейін алты партияның төртеуі қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлерін ұсынды: «Adal» партиясы — 3 адам, «Ақжол» партиясы — 12 адам, «Ауыл» партиясы 4 адам, «Nur Otan» партиясы — 37 адам. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Халық партиясынан жауап күтіп отырмыз. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлерді облыстық, Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді Орталық сайлау комиссиясы тіркейді, — дейді Зейнолла Тоқаев.

Сайлау кезінде әр сайлаушыға 3 бюллетень беріледі. Яғни сайлаушылар қалалық және облыстық мәслихатқа, сондай-ақ Мәжіліске үміткер саяси партияларға дауыс бере алады. Бұл орайда дауыс жеке адамға емес, саяси партияға берілетінін атап өткен жөн.

Партиялардың үгіт-насихат жұмыстары 10 желтоқсаннан басталады. Бүгінгі күні үгіт-насихат материалдарын жариялау, ілу орындары, сайлаушылармен кездесу ғимараттары белгіленді. Үгіт-насихат жұмыстары 2021 жылдың 9 қаңтарында сағат 00:00-де аяқталады. – Сайлау науқаны басталғанда сайлаушылардан сайлау учаскесі жайлы сұрақтар туындауы мүмкін. Мәселен, кейбір қала тұрғындары мекенжайының ауысуына байланысты, жақын орналасқан сайлау учаскесінде дауыс бергісі келеді. Бірақ ,заң бойынша, бұл мүмкін емес. Дауыс тұрғылықты мекенжай бойынша беріледі. Егер сайлаушылар тарапынан қандай да бір сауалдар туындаса, Call-орталығына 52-03-71 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады. 21 желтоқсан күні қала әкімі әр учаскелік сайлау комиссиясындағы сайлаушылар тізіме қол қояды. Осы кезден бастап әр сайлаушы сайлау комиссиясына барып өзінің тізімде бар-жоғын біле алады. Егер сайлаушы сайлау күні іссапарға байланысты қаладан тыс жерге кететін болса, алдын ала өтініш беруі керек,- дейді қалалық сайлау комиссиясының төрағасы.

Сайлау күні әр саяси партия сайлау учаскелеріне 3 бақылаушыдан қоюға құқылы. Сонымен қатар шетелдік бақылаушылар да болады. Қоғамдық ұйым мүшелері мен БАҚ өкілдері де бақылаушы ретінде шақырылады. Әр сайлау комиссиясындағы қоғамдық тәртіптің сақталуын ішкі істер басқармасынан бөлінген екі қызметкер қадағалайтын болады.

— Миллионға жуық бюллетень әр сайлау учаскесіне бөлінеді. Бюллетень ерекше құжат түріне жататындықтан, саны мен сапасы өзгеріссіз болуы керек. Өткен сайлауда қаламыздағы сайлау учаскелерінде шетелден келген бақылаушылар көп болды. Биыл қанша бақылаушы болатыны әзірге белгісіз. ШҚО бас санитар дәрігерінің шешімін күтеміз. Комиссия мүшелері тиісті санитарлық-гигиеналық заттармен қамтамасыз етіліп, сайлаушыларға бір реттік қалам беріледі. Індетке байланысты, биыл әр учаскедегі сайлаушылар саны азайтылды. Сондықтан сайлаушылардың алдын ала жоғарыда айтып кеткен Call-орталыққа хабарласқандары жөн,- дейді З.Тоқаев.

Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де тиісті жағдайлар қарастырылып, арнайы белгілер орнатылыпты. Дегенмен 149 сайлау учаскесінің 30-ы екінші қабатта орналасқандықтан, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы әлі де қарастыратын тұстар бар екенін, сайлау учаскесіне келе алмайтын қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың саны анықталып жатқанын жеткізді. Олар үйінде дауыс беретін болады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

31.08.2026
В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы Национальной компании «Қазақстан темір жолы» по модернизации вокзальной инфраструктуры...

Читать далее ...

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

29.08.2026
Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

В области Абай 29 августа в рамках республиканской экологической акции «Таза жағалау» прошла масштабная санитарная очистка территорий у водоёмов. В...

Читать далее ...

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

27.08.2026
Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

Из шести кандидатов от области Абай, выдвинутых партией «Әділет», трое вошли в состав Курултая. Один из них — Шалкар Заманбекович...

Читать далее ...

Новости

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 день назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 день назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 день назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

2 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

4 дня назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

6 дней назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад

Цифровая трансформация государственного сектора: workshop для специалистов цифрового управления по профессиональному применению ИИ от резидентов Semey Hub

1 неделя назад

27 августа 2026 года в городе Семей Абайским областным оперативным штабом по борьбе с терроризмом планируется проведение антитеррористического учения

1 неделя назад

«Европейский результат»: иностранные эксперты о явке граждан на выборах в Курултай

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС