25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДІН МЕН ДӘСТҮР – ЕГІЗ ҰҒЫМ

20.03.2014
ДІН МЕН ДӘСТҮР – ЕГІЗ ҰҒЫМ
FacebookWhatsappTelegram

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабының тұсаукесері өткен аптада қаладағы Достық үйінде өтті. Аталмыш кітаптың тұсаукесеріне   Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Смаиылова, осы бөлім басшысының орынбасары   Айдар Садырбаев, ҚМДБ – сы Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай бастаған мешіт имамдары және ардагерлер қауымы қатысты.

 

«Дін мен дәстүр» — еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Маямеровтің бастамасымен жарық көрген кітап. Кітапта ата-бабаларымыздан ұрпаққа мұра болып қалған салт-дәстүрлер мен дәстүрлі Ислам дінінің өте ұқсастығы мысал келтіріліп, талқыланып жазылған. Жиында Айдар Садырбаевтың кіріспе сөзінен соң, алғашқы болып ҚМДБ Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай сөз алып, кітапқа тереңірек түсінік беріп өтті.

— Кітаптың алғы сөзінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреті: «Ата-бабамыз сан ғасырдан бері аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізудің арқасында халқымыз өзінің дәстүрлі мәдениетіне, тілі мен дініне толыққанды ие болып, сол арқылы оларды заманға сай дамуға мүмкіндік алды. Мақсатымыз ұлттық табиғатымызбен сабақтас шариғатттағы масхабымызбен, танымдық мектебімізбен тұғырлап, асыл дінімізді жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрімізді қалпына келтіру, қолымыздағы кітап сондай игі бастаманың жеңісі мен жемісі» деп айтқан-ды. Бұл еңбекте дәстүр туралы түсінік, дәстүрдің діндегі орыны, қазақ халқының имани дәстүрлері, имани қарым-қатынас, тілдегі айғақтар және басқа да Ислам мен дәстүріміздің қабысатын тұстары жайлы жан-жақты мағлұматтар берілген, — дей келе, — Әрбір ұлттың өзіндік дүниетанымы бар. Түрлі халықтың тарихын зерттеген ғалымдар жер бетінде ешқандай дінсіз, наным-сенімсіз ел болмағанына анық көз жеткізуде. Адамзат түрлі ұлттар мен ұлыстардан тұрады. Әрқайсысының өзіне тән ұлттық ерекшеліктері, тілі мен дәстүрі, діни нанымдары бар. Мұндай алуан түрлілік Алла-Тағаланың хикметі, — деді М.Алтыбай.

 

{jcomments on}Сонымен қатар, Мақсат Қуанышбекұлы қасиетті Құран — Кәрім араб тілінде түсірілгенімен, мұсылмандардың араб болуы міндетті емес екенін, жалпы жер бетінде 2 млрд. мұсылман болса, арабтар соның аз-ғантай бөлігін ғана, яғни, 300 миллионын құрайтынын айтты. Сондай-ақ, мекендерінің орналасуына қарай дүниежүзіндегі мұсылман елдерінің тілдері мен мәдениеттері өзгеше болса, оның бәрін шариғатқа қарсы қоюға болмайтынын да атап өтті. Егер қазақтың санасына сіңген салт-дәстүрін, ұлттық өнері мен мәдениетін шариғатта жоққа шығарып жүргендер болса, олар арам пиғылды діни ағымдардың өкілдері екенін өкіл имам баса айтты.

 

Ал, ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов болса,  кітаптың қарапайым әрі түсінікті жазылғандығын атап өтті.

— Дәстүріміз бен дінімізді сабақтастырып, адамға ой салатын кітап жеңіл жазылған екен. Өз басым осы кітапты қолға алғалы көп мағлұмат алдым. Бұл кітаптың біздердің рухани тұрғыдан дамуымызға көп септігі бар. Әсіресе, жас ұрпаққа өте пайдалы дүние. Сондай-ақ, кітаптың әрбір қазақ отбасының төрінде тұруы керек деп ойлаймын, — деп атап өтті өз сөзінде.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,       «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС