25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ БАР

20.03.2014
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптада Семей қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаеваның төрағалығымен өткен жиынға жастар ұйымдарының және оқу орындарының жетекшілері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында алдымен жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды. Аталмыш тақырып бойынша “Семей қаласы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі” басшысының орынбасары Жанат Нікүшев баяндама жасап, жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалар аясында өткен жылы атқарылған шараларға тоқталып өтті.  Былтыр «Жастар тәжірибесі» бойынша 778 жас маман даярланып, тәжірибе мерзімі аяқталған кезде олардың 239-ы, яғни, 31 пайызы тәжірибеден өткен мекемелерде жұмысқа орналасқан. Одан кейін жүргізілген мониторинг осы бағдарлама аясында білім алған жастардың төрттен үш бөлігі тұрақты жұмысқа тұрғандығын анықтаған. Сонымен қатар, Жанат Нығметұлы кәсіби білім берудің қарқын алып келе жатқанын тілге тиек етті. 2013 жылы техникалық, құрылыс және қызмет көрсету салалары бойынша 357 жас даярлық курстарынан өтіп, олардың 76 пайызы тұрақты жұмысқа ораналасқан. Бұдан бөлек, әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасына қатысқан 326 адамның 60 пайызы тұрақты жұмысқа кірген екен. Өткізілген арнайы жәрмеңкелердің нәтижесінде 37 мүмкіндігі шектеулі жастар бос тұрған жұмыс орындарына орналасқан. Жанат Нікүшевтің айтуынша,  2013 жылы орталыққа көмек сұрай келген жастардың 70 пайызы жұмыспен қамтылған екен.

Екінші кезекте талқыланған мәселе жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және ескерту жұмыстарына қатысты болды. Бұл орайда қалалық ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Зекенов жиналғандарға ақпарат берді. Оның айтуынша, 2013 жылы жүргізілген жедел алдын алу шараларының нәтиже-сінде 4 141 жас арнайы тіркеуге алынған. Бұл 2012 жылғымен салыстырғанда 64,3 пайызға артық. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеру мекемелерінде жүруіне қатысты 1964 дерек тіркелген. Бұл көрсеткіш те 2012 жылғымен салыстырғанда 28,8 пайызға артып отыр. Жалпы алғанда Мақсат Зекенов жастар арасында құқықбұзушылықтың көбейгенін айтты. Сонымен қатар,  көбіне тәртіп бұзатын колледждер мен лицейлердің оқушылары екен.  Осы орайда ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары студенттік отрядтардың санын көбейтіп, олармен тығыз жұмыс жасаудың қажеттігін атап өтті. Қазіргі таңда мұндай ұйымдардың саны алтау болса,  құрамындағы жастардың жалпы есебі 68 адам. Мақсат Зекенов жуық арада қаладағы оқу орындарының барлығында осындай отрядтар құрылып, олардың мүшелеріне арнайы куәліктер берілетінін де жеткізді.

{jcomments on}

 

Сондай-ақ, жиын барысында жастардың белсенділігін арттырып, олардың идеяларын жүзеге асыру үшін оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі комитеттердің жұмысын дамыта түсу керектігі де сөз болды. Себебі, білім ордаларындағы басқа   студенттердің басын қосып, ортақ мақсатқа жұмылдыратын да жастар комитеті. Бұл тұрғыда сөз сөйлеген Семей  Мемлекеттік медициналық университеті жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Шынар Хасенова аталмыш ұйымның жұмысы жайлы айтып, комитет мүшелерінің қатысуымен көптеген халықаралық бағдарламалардың жүзеге ас-қанын жеткізді. Сондай-ақ, осы ұйымның жұмыс жасау жүйесімен таныстырып өтті.

Кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі комитеттердің жұмысын жүйелеу бойынша «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ-ның жас маманы Дастан Жетпісев баяндама жасады. Өзі еңбек етіп жүрген өндіріс ошағындағы жастар ісі жөніндегі комитетінің құрылғанына аз уақыт болса да, біраз шаруаның атқарылғанын тілге тиек етті. Мәселен, осы ұйымның бастамасымен зауыттағы арнайы демалыс бөлмелерінде спорттық жабдықтар, нақтысын айтқанда, теннис үстелдері қойылып, жұмысшылардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасал-ған. Дархан Жетпісев бұл бастамының тек басы ғана екенін, алда көптеген істерді жүзеге асыру көзделіп отырғанын жеткізді.

Жиынға қатысушылар жастар дегенде оқу орындарындағы студенттер немесе мектеп оқушылары деген ұғыммен шектеліп қалмай, кәсіпорындарда да жастар ісі жөніндегі комитеттерді көптеп ашып, олармен тығыз байланыс орнату керектігін атап өтті. Себебі,    осындай ұйымдар жұмысшы жастардың проблемаларын анықтап, дер кезінде шешімін табуға септігін тигізетіні анық.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС