25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

31.03.2014
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ
FacebookWhatsappTelegram

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз үшін елімізде ешбір кедергінің болмауы керектігін айтып өткен болатын. Қазақ елінің азаматтарының осы бөлігінің алдындағы бөгеттерді алып, жан-жақты әрі толыққанды өмір сүрулеріне қажетті шарттарды орындау үшін алдымен олардың көкейлеріндегі ойларын, өмірге, қоғамға деген өзіндік пікірлерін біліп алған жөн.

Жас мөлшеріне қарай мүмкіндігі шектеулі жандардың қиыншылықтары, өмірге, қоғамға деген көзқарасы, қажеттіліктері де әр қилы болады. Сондықтан,  мақала дайындау барысында осы санаттағы азаматтардың екі буынының өкілдерімен де сұхбаттасқанды жөн көрдім.

Он үш жасар Ақерке Русланқызы сал ауруына шалдыққан. Анасы Айнұр Байтілеуқызының айтуынша, бұл диагноз балдырған қызға осыдан он жыл бұрын қойылған көрінеді. Сондай-ақ, ол Ақеркенің тірек-қимыл аппаратының дамуында ауытқушылық болғанымен интеллектісінің жетілу деңгейі өз жасына сәйкес екенін жеткізді. Дей тұрғанмен, жеткіншектің өзімен тікелей сөйлесіп түсінісу дағдыланбаған адамға қиын болғандықтан сұхбатты оның анасынан алдым. Айнұр Байтілеуқызы Ақеркенің мінезі ашық екенін, адамдармен араласқанды жақсы көретіндігін айтты.

— Үйге келген қонақтармен шамасы жеткенше сөйлескенді ұнатады. Тым шулы жерлерден бас тартқаны болмаса, ешқашан өзінің мүмкіндігі шектеулілігінен ұялып, қысылып көрген емес. Қазір, тіпті әлеуметтік желілердің бірінде арнайы парақшасын ашып, достарымен ғаламтор арқылы сөйлесуге талпынып жүр,- дейді Айнұр Байтілеуқызы. Ақерке бастауыш сыныпты 22-ші орта мектептен оқып бітірген екен. Қазір үй жағдайында инклюзивтік жүйе бойынша білім алып жатыр. Арнайы бағдарлама мен маманның жеке сабақтарының арқасында оқуында жетістіктерге жете бастаған. Өзінің де білімге деген құлшынысы үлкен көрінеді. Егер инклюзивтік жүйемен оқыту ертерек жүргізілсе қазіргіден де көп ілгерілеушілік болар ма еді, деген ойын айтты жеткіншектің анасы. Ақеркенің сүйікті ісі не екендігі, болашақта кім болуды армандайтыны жайында сұрағанымда Айнұр Байтілеуқызы былай деп жауап берді:

— Балам жалпы ермексазбен жұмыс істегенді жақсы көреді. Содан соң музыка тыңдап, ән салғанды қатты ұнатады. Ал, болашақта кім болуды армандайды деген сұраққа келсек, ол жағын маған ашып айтқан емес. Алайда, білген дү-ниесін жанындағыларға түсіндіруге тырысатындығын ескерсем мұғалім болуға қабілеті әбден жететін сияқты.

Айнұр Байтілеуқызына қойған тағы бір сауалым қазіргі қоғамның мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарасына қатысты болды. Бұл сұраққа ол кісі:

— Әрине, қазір осыдан он жыл бұрын-ғымен салыстырғанда жағдай едәуір өзгерген. Алайда, әлі күнге дейін орта және аға буын өкілдерінің менің Ақеркем сияқты балаларға үрке қарайтынын байқау қиын емес. Қуантарлық үлкен бір жайт, жастардың көзқарасы өте дұрыс қалыптасқан. Қоғамдық көлікпен жүрген кездерімде үлкендер бейтарап тұруға  тырысқанда жастар көмектесіп жатады. Олардың мүмкіндігі шектеулі жандарға деген, оның ішінде балаларға деген көзқарастары дұрыс қалыптасқанын осыдан-ақ білуге болады,- деп жауап берді. Сондай-ақ, Айнұр Байтілеуқызы қаламызда сал ауруына шалдыққан балалардың саны 400-ден астам екенін айта келе, егер барлық қоғам мүшелері осындай мүмкіндігі шектеулі балаларға үрке қарамай қолдарынан келген көмектерін беріп жатса, жеткіншектердің қоршаған ортаға тез бейімделіп кетулеріне, тіпті, белгілі бір деңгейде дерттерінен айығуларына септіктерін тигізген болар еді  деген ойын жеткізді.

Өзінің соңғы Жолдауында Елбасы мүмкіндігі шектеулі жандар тұрмыстық қызмет көрсету, тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылығы және бизнес саласында еңбек ете алатындықтарын айтқан болатын. Сондай-ақ, Президент қазіргі күннің өзінде қиыншылықтарға қарамастан мыңдаған мүмкіндігі шектеулі қазақстан Республикасының азаматтарының экономиканың көптеген секторларында жұмыс істеп келе жатқанын тілге тиек еткен еді.

Елбасы сөзінің дәлелі ретінде мақаламыздың екінші кейіпкері Игорь Аньяшиннің есімін атауға болады. Бала ке-зінен сал ауруына душар болғанына қарамастан қазір ол автокөлік салонына қаптамалар  тігу бойынша  жеке бизнестің жетекшісі. Балалық шағын Игорь Викторович езу тартып еске алады, себебі, ол сол кезде ауыр дертке шалдыққанына байланысты көптеген қиыншылықтарға тап болған еді. Кейін есейе келе, табиғатына берілген табандылық пен ерік-жігердің арқасында ол барлығын жеңді.

Он бірінші сыныпты тәмамдағаннан кейін Игорь сервис колледжінде киімнің модельер-құрастырушысы мамандығы бойынша білім алды. Алайда диплом алғаннан кейін мамандығына сәйкес жұмыс таба алмады. Десек те, тумысынан қайратты жігіт бұған да еш     мойымаған екен.

 

{jcomments on}Сол кезде бір жақсы досымның кеңесі бойынша автокөліктердің салондарына арнайы қаптамалар тігумен айналысуды жөн санадым,- дейді Игорь Аньяшин. Балық сұрамай, оны ұстайтын қармақты тауып кәдеге жаратты деген осы болар.

 

Табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жаңа әдістерді үйренді, өзгелердің тәжірибесін сараптап, зейініне тоқыды. Өте үлкен өнімдер таңдауының қалыптасуы мен жеке клиенттер тізімінің пайда болуын осы жұмыстың жемісі десе де болардай.

— Қазірдің өзінде бізде өнімдер таңдауы өте бай. Әртүрлі түстермен тәжірибе жасап, қаптамалардың жаңа модельдерін, яғни, пішімдерін, түрлерін жасаудан қорықпаймыз. Әртүрлі дүниелерді байқап көреміз. Әлбетте, әр адамның талғамы мен таңдауы әртүрлі. Десек те, көбінесе, тұтынушылар өнімдеріміздің сапасына ризалығын білдіріп жатады,- дейді Игорь Викторович.

Игорь Аньяшинге жұбайы Ирина көмектеседі. Керек кезінде ақыл-кеңесін айтып, жарына жәрдемдесуге тырысып жүреді.

— Бір қаптаманы дайындап безендіруге мөлшерімен екі жұмадай уақыт кетеді. Игорь тапсырысты орындап жатқанда қай түсті қалай жасаса жарасатынын айтып,  немесе өнімді қалай ерекше етіп жасауға болатыны жайында кеңес беруге тырысамын,- дейді Ирина Аньяшина.

Кәсіпкердің өз алдына қойған жоспары мен ойлаған ойлары көп. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін қомақты қаражат пен уақыт керек.

— Біздің жоспарымыз көп. Ең алдымен кәсібімізді кеңейтіп, жұмысшы жалдасақ деген ойымыз бар. Сондай-ақ, жаңа құрал-жабдық алып, жақсы бір жұмыс істеуге ыңғайлы бөлмеге орын ауыстырсақ дейміз. Қазір біз ескі тігін құралымен жұмыс істеуге мәжбүрміз. Өкінішке орай, денсаулығыма байланысты қиындықтар бар. Маған жыл сайын тексеруден өтуге тура келеді. Дегенмен ,жоспарларымызды іске асыра аламыз деген үміттемін,- дейді Игорь Аньяшин.

Мақала АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің қаржылай қолдауымен Орталық Азия елдерінде Азаматтық қоғамды дамыту ассоциациясы жүзеге асырып жатқан «Мүмкіншіліктерді дамыту» ақпараттық жобасының аясында «Исток» қоғамдық бірлес-тігінің тапсырысымен жазылды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС