25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СҰЛУЛАР СЫНҒА ТҮСКЕН САЙЫС

31.03.2014
СҰЛУЛАР СЫНҒА ТҮСКЕН САЙЫС
FacebookWhatsappTelegram

Сұлу да көркем, кербез де көрікті, өнерлі де қылықты қыздар қазақтың мақтанышы ғой. Баян Сұлу мен Қыз Жібектің, мың бұрала билеген Шараның, дархан даланы күйімен тербеткен Динаның, қазақтың анасына айналған Айғаным мен Зере, Ұлжан аналардың ізбасарлары да қазақтың қаракөздері.

Рымбек Байсейітов атындығы қаржы-экономикалық колледжінде тәлімді тәрбие көрген, бір бойында тұнып тұрған өнері бар студенттері Наурыз мерекесі қарсаңында білімі мен өнерін, тапқырлығы мен талғамын ұштастыр-ған, сұлулығы мен сымбатын сынға салған «Колледж аруы — 2014» байқауына қатысып, бұрымдылар өзара мықтыны анықтады.

Бұл шараны аталмыш оқу ордасының ұжымы ұйымдастырған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр курс және түрлі топтардан 30 үміткер байқауға қатысуға ниет білдірген. Олардың 16-сы соңғы сынға жолдама алған екен. Үміткерлерді іріктеу барысында ең басты талап – білім сапасы болды. Сонымен қатар, колледж өміріне, қоғамдық жұмысқа белсенді түрде араласып жүрген бұрымдылар таңдалған. Шараның мақсаты да аруларды инабаттылыққа, кішіпейілділікке, қазақ қызына тән игі қасиеттерге тәрбиелеу.

Ұйымдастырушылар  атап өткендей,  колледждің аруы атануға лайықты қыз салт- дәстүрді, әдет – ғұрыпты жетік білу міндеті де бар. Байқау шартына белгіленген бес бөлімде  осы жайттар жан-жақты қамтылған. Айта кетерлігі, мұндай шара биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Тек өткен жылмен салыстырғанда салт-дәстүрмен ғана шектелмей, қыздарға өздерін таныстыру барысында заманауи технологиялардың көмегіне жүгініп, әрлеу жасауға мүмкіндік берілген.

Қазақтың ұлттық нақыштағы көйлектерін киіп, сұлулана түскен Баян Сұлудың, Қыз Жібектің бүгінгі жалғасы іспетті арулар сахна төріне шыққанда қошемет көрсетпеген көрермен болмады. Үкілеген үміттеріне дем беріп отырғандардың дені қатысушылардың топта бірге оқитын достары, туыстары, ұстаздары еді.

Бес белестің алғашқысы – «Таныстыру» сайысы ерекшеліктерге толы болды. Үміткерлер өздерінің қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін, қарым-қабілеттерін арнайы әзірленген бейнеролик арқылы байқатты. Ал «Өнер» бөлімде қыздар шығармашылық мүмкіндіктерін паш етті. Әр ұлттың биі биленді, қос шынашақтан күй төгілді, тіпті,  тыңдаушысына поэзиядан үзінді оқып тамсандырған арулар да болды.

 

{jcomments on}Қыздардың түр-сымбаттары мен ұшқыр қиялдарын, шеберліктерін сынға салған «Сән үлгісі» сайысы екені даусыз. Бұл кезеңнің басты талабы – қиялға ерік бере отырып, қатысушылардың өздері қолдан тіккен киімдерін көпшілікке ұсыну. Талапты жоғары дәрежеде орындаған үміткерлер сән үлгісін көрсетіп, жиылған жұртты таңдандырды. Төртінші бөлімде қыздар қазақтың ұлттық тағамдары мен олардың дайындалу әдістеріне тоқталды.

 

Қорытынды кезең «Колледж аруы — 2014» атағына лайықты қатысушыны анықтауда орасан зор рөл атқарды. Салт-дәстүрімізден сыр шерткен сайыс сұрақ-жауап арқылы өрбіп, арулар «көрімдік беру», «шашу», «жар-жар» айту сияқты бірқатар дәстүрлердің және ұлттық ойындар мен тағамдардың тарихына тоқталып, мән-мағынасын ашып айтты. Қатысушылардың қазақы дәстүрден сусындағанын аңғару қиын емес еді. Байқау салт-санамызды ұлықтауымен де ерекше болған сыңайлы. Жоғары дәрежеде өткізілген      сайысқа төрелік еткен әділқазыларға жеңімпазды анықтау оңай болмады.

Көрерменіне көтеріңкі көңіл күй сыйлаған сайыстың қорытындысында «Колледж аруы -2014»  тәжі Әмина Серікқазиеваға бұйырса, сәл ғана ұпай айырмасымен жиылған жұртты мың бұралған биімен, қазақ қызына тән қылығымен тәнті еткен Айнұр Асанова бірінші орынды жеңіп алды. Назерке Темірбаева мен Қарлығаш Ахметханова тиісінше екінші және үшінші орынды бөлісті.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС