25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

НАШАҚОРЛЫҚ ҚАУІПТІ ІНДЕТ, АЛДЫН АЛУ – МІНДЕТ

31.03.2014
FacebookWhatsappTelegram

Қала әкімі Айбек Кәрімовтің төрағалығымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Жиында заңсыз есірткі тасымалдау, контрабандамен күресудің және нашақорлықтың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы мәселе сөз болды. Сондай-ақ, аталмыш комиссияның 2013 жылдың 25 желтоқсанындағы хаттамалық шешімінің орындалу барысы талқыланды.

Жиын барысында сөз сөйлеген Семей қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Жұмабек Исаділов соңғы жылдары есірткі заттарын заңсыз сақтау мен сату деректері көбейіп кеткендігін  жеткізді. Мәселен, былтырғы жылы өткізілген «Допинг», «Канал-Кавказ», «Көкнар-2013» жедел алдын алу шараларының нәтижесінде заңсыз есірткі айналымының 84 фактісі анықталған. Олардың 67-сі есірткі заттарын заңсыз сатуға, ал 17-сі сақтауға қатысты.   Жедел алдын алу шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан 58 келі есірткі тәркіленіп, жойылған. Бұл көрсеткіш 2012 жылғымен салыстырғанда 14 келіге артық.  Демек, өткен жылы қоғамның дертіне айналған есірткі тасымалдауға қарсы құқыққорғау органдарының жүйелі жұмыс жүргізгені байқалады.

— Қазіргі таңда «нашақор» категориясы бойынша 262 адам профилактикалық тіркеуде тұр. 2013 жылы осы санатқа 70 адам есепке алынса, 76 адам тіркеуден шығарылған. Алайда, сарапшылардың айтуынша, ресми мәлімет шындыққа сәйкес келмейтін көрінеді. Сондықтан, нашақорлықтың  алдын алу шараларын қарастырған дұрыс. Бұл жерде сөз студенттер мен оқушыларды ерікті немесе мәжбүрлі түрде тестілеуден өткізу жұмыстарын жүргізу туралы болып тұр. Айта кетерлік тағы бір жайт, өкінішке орай, есірткіге тәуелділерді емдеу мен оңалту жүйесі тиімсіз әрі мүлде дамымайды. Мұның бір себебі, ішімдік құмарлар мен  нашақорлардың бір жерде емделуінде. Сондықтан, тек есірткіге тәуелділерді медициналық-әлеуметтік оңалтуға арналған орталық ашу қажеттігі туындап тұр, — дейді Жұмабек Исаділов.

 

{jcomments on}Өз кезегінде қалалық наркологиялық диспансердің директоры Павел Брыжахин Ішкі істер басқармасы басшысының нашақорларды емдеуге арналған бөлек мекеме ашу туралы ұсынысын қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол бұл мақсатта Шүлбі кентіндегі әлеуметтік нысандарды пайдалануға болатынын да тілге тиек етті. Себебі, диспансердегі арнайы бөлінген 70 орын тіркеуде тұрған нашақорларды емдеуге жеткіліксіз көрінеді.

 

Бұл орайда Айбек Мүталапханұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасына есірткіге тәуелділерді оңалтуға арналған мекеме ашу туралы ұсыныс жасау керектігін атап өтті. Сондай-ақ, қала басшысы қалаға келетін есірткі заттарының қайдан шыққанын анықтау жұмыстарын жетілдіру керектігін де ескертті.     Себебі, қала әкімі атап өткендей, еліміздің оңтүстігінен тасымалданатын өсімдік тектес есірткі заттарымен бірге өңірімізге көршілес Ресейден де синтетикалық есірткі заттары әкелінуі әбден мүмкін.

Жиын барысында екінші кезекте 2013 жылдың 25 желтоқсанында өткен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия мәжілісінің хаттамалық шешімінің орындалу барысы сөз болды.  Отырысқа қатысушылар бұл бағыттағы жұмыстардың өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын айта келе, алдағы уақытта олардың тиімділігін арттыра түсудің жолдарын сөз етті.

 

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС