Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЛАМАНДА АЛТАЙ ЖҰЛДЫЗДАРЫ

04.04.2014
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптада қаламызда таланттарымен талайды таңдай қақ-тырған дарынды жастардың «Алтай жұлдыздары» атты II облыстық байқауы өтті. ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған аталмыш игі шараның өтуіне мұрындық болғандар облыстық білім басқармасы мен М. Төлебаев атындағы музыкалық училище ұжымы болды.

 

Екі жылда бір ұйымдастырылатын байқау алғаш рет 2012 жылы облыс орталығында өтсе, биыл ұйымдастырушылар қазақтың мәдени-рухани астанасы   саналатын Семей шаһарында өткізуді жөн көріпті. Тасада жүрген жас таланттардың шарыққа шығуына септігін тигізетін байқаудың берері мол.

— Негізгі мақсат  —  жастар арасында орындаушылық өнерді дәріптеу, өнерпаз  жастарды іздеу және оларға қолдау көрсету. Сонымен қатар, болашақ түлектерге өнер бағытындағы оқу орындарына жөн сілтеу,- деді М. Төлебаев атындағы музыкалық училищесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Сапанов.

Халық аспаптары, вокал, хореография номинациялары бойынша ұйымдастырылған байқауда аудандық іріктеуден сүрінбей өткен 14 жастан асқан (9-11 сынып оқушылары)  300 үміткер өнерлерін ортаға салды. Әділқазылар алқасының мүшелері де өнерді түсінетін қаблетті адамдардан іріктеліп алынған. Есімі елге танымал   Нұрлан Көшеров, Толғанбай Сембев сияқты азаматтар бастаған білікті мамандар жас таланттардың өнеріне тәнті болып, бағасын берді. Шын мықтыны анықтайтын сынның соңғы салтанатты жиыны қалалық мәдениет сарайында өтті.

 

{jcomments on}- «Алтай жұлдыздары» байқауы жаңа таланттарды дүниеге әкеліп, жас жұлдыздардың жарқырап жануына жол ашты. Семей топырағынан шыққан ән атасы Әміре, бұлбұл дауысты Бибігүл, Роза сынды шоқтығы биік жұлдыздардың қатары бүгінгі жеңімпаздармен толығады деп сенеміз, —  деген Талғат Сапанов жүлделі жастар өнердің даңғыл жолынан өз орындарын табатындықтарына сенім білдіре отырып, оларды өнер аламанына қосқан ұстаздарына да алғыс айтты.

 

Байқау қорытындысына  сәйкес,  «Қазақ және орыс ұлттық аспаптары» аталымы бойынша Ғалия Құнтаева   (қобыз аспабымен, Семей қаласы), Тимур   Азбилов (гитара аспабымен, Семей қаласы) ал, «Хореография» аталымында жеке орындаудан Сая Тұрысбекова (Қарақол ауылы), ансамбльдер ішінде «Құралай» тобы (Бесқарағай ауданы), «Ән орындау» аталымы бойынша Айсана    Ғабидоллаева (Семей), Жәнібек Сембаев (Шемонаиха), Бейсенова Айбала (Аякөз) І дәрежелі жеңімпаздар деп танылды. Бұл дарынды жастарға М. Төлебаев атындағы музыкалық училище мен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстандық ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищелерінің оқу гранттарына сертификат табысталды.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики

12.01.2026
Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического блока. Беседа была посвящена вопросам экономического развития, приоритетным отраслям экономики, а...

Читать далее ...

Депутат Мажилиса посетил социальные объекты в селах Абайской области

10.01.2026
Депутат Мажилиса посетил социальные объекты в селах Абайской области

8 января, область Абай. Депутат Мажилиса, член фракции партии «AMANAT» Нуртай Сабильянов в ходе рабочей поездки в Урджарский район области...

Читать далее ...

В области Абай прошла экологическая акция «Берегите природу»

10.01.2026
В области Абай прошла экологическая акция «Берегите природу»

В области Абай в рамках программы «Таза Қазақстан» продолжается системная работа, направленная на улучшение состояния окружающей среды, формирование культуры бережного...

Читать далее ...

К санитарно-защитным зонам предъявлены специальные требования

09.01.2026
К санитарно-защитным зонам предъявлены специальные требования

Жилищное строительство оказывает существенное влияние на окружающую среду и санитарно-эпидемиологическую обстановку. Об этом подробно рассказал заместитель руководителя Семейского городского управления...

Читать далее ...

В МСХ разъяснили введенные ограничения на экспорт говядины

07.01.2026
В МСХ разъяснили введенные ограничения на экспорт говядины

Министерство сельского хозяйства разъяснило порядок применения новых ограничений на вывоз мяса крупного рогатого скота. С 31 декабря 2025 года введены...

Читать далее ...

Интервью Президента: что на самом деле зафиксировано

07.01.2026
Интервью Президента: что на самом деле зафиксировано

Эксперты Казахстанского института общественного развития разобрали январское интервью Касым-Жомарта Токаева, опубликованное в газете «Түркістан», чтобы показать, как меняется логика государственной политики...

Читать далее ...

Новости

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики

21 час назад

Депутат Мажилиса посетил социальные объекты в селах Абайской области

3 дня назад

В области Абай прошла экологическая акция «Берегите природу»

3 дня назад

К санитарно-защитным зонам предъявлены специальные требования

4 дня назад

В МСХ разъяснили введенные ограничения на экспорт говядины

6 дней назад

Интервью Президента: что на самом деле зафиксировано

6 дней назад

Подтвердить стратегию, подчеркнуть приоритеты

7 дней назад

2026 — год институциональной зрелости страны

7 дней назад

Год цифровизации и ИИ в Казахстане — Президент подписал Указ

7 дней назад

Состоялось специальное совещание по реализации задач, озвученных Президентом в интервью

7 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС