Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІ БИЛІКТІҢ НАЗАРЫНДА

04.04.2014
АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІ БИЛІКТІҢ НАЗАРЫНДА
FacebookWhatsappTelegram

Тарихта «мағынасыз соғыс» атанып,  талай жасты қыршыннан қиған Ауған    соғысының аяқталып, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына да биыл 25 жыл. Кеңес Үкіметінің тарихына таңба болып басылған соғыстың алапаты әлі де болса ұмыт болмады. Жүректерінде жазылмас жарасы бар жандар қашан да биліктің назарында.

Қала әкімі Айбек Кәрімов өткен аптада Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті. Қала басшысы Ауған соғысының ардагерлеріне қашан да үлкен құрметпен қарайтындығын, өйткені, олар жалынды жастық шақтарын Отанға арнап, майдан даласына аттанып, қиян-кескі ұрыстарды өз көздерімен көрген, бейбітшіліктің қадірін білетін азаматтар екенін айрықша атап өтті. Сондықтан, олардың бұл ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын да айтқан Айбек Мүталапханұлы    Ауғанстан жерінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің отбасылары да жергілікті биліктің назарынан тыс қалмайтынын жеткізіп, ардагерлердің ұсыныс-тарына, мәселелеріне мән берді.

Қалалық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Боранбай Бегатов өздерінің отыратын кеңселерінің мәселесін айтып өтіп, интернационалист-жауынгерлерді баспанамен қамтамасыз ету, оларға құрылыс салу үшін немесе қандай да бір кәсіппен айналысу үшін жер телімдерін беру және дәрігерлер тарапынан жақсылап көңіл бөлініп, сол сияқты денсаулықтарын оңалту үшін ардагерлердің әрқайсысына еліміздегі шипажайларға жолдама беру жағын қарастырып, осы мәселелерді шешуге көмек көрсетуін сұрады. Сонымен қатар,    Боранбай Бегатов қаладағы Ауған соғысы құрбандарына арналған ескерткіш жайлы да сөз қозғады.

Барлық мәселені мұқият тыңдаған Айбек   Мүталапханұлы әр мәселеге жеке-жеке тоқталып өтті. Мысалы, қалалық әкімдіктің ішінен Ауған   соғысы ардагерлер ұйымына кеңсенің қарас-   тырылғанын атап өтті. Ал, шипажай мәселесі аса қиындық тудырмайтынын, мысалы, «Уба» шипажайы да қызмет көрсету жағынан өзгелерден кем емес екендігін тілге тиек етті. Ал, денсаулық мәселесін дәрігерлерге ғана артып қоймау керек екендігін, оған әр адамның өзі жауапты екенін де айтып өтті. Егер медициналық мекемелер дұрыс қарамаған жағдайда арнайы шара қолданылатынын жеткізді.

Қала басшысы Ауған соғысы құрбандарына арналған ескерткіштен өзінің ешқандай әсер    алмайтындығын да жасырмады. Ал, аталмыш   ескерткіш Семей мемлекеттік медициналық     университетіне қарсы бетте орналасқаны белгілі. Алайда, қала сәулетінің заңдылығы бойынша білім ордасының маңында ондай ескерткіштің болуы көңілге қонымсыз. Кезінде ретсіз қойылған ескерткішті алдағы уақытта басқа жерге көшіріп, қажет болса, жаңадан салу керек екендігі жайлы өзінің ұсынысын айтқан Айбек Кәрімов бұл      тақырып тұрғысында Боранбай Бегатов бастаған Ауған соғысының ардагерлеріне қаланың бас    сәулетшісі Қалдыбек Қоқилановпен кеңесіп,     онымен бірігіп жұмыс жасауды жүктеді. Ал,      ескерткіш маңындағы тәртіптің сақталмауы жол сақшылары жұмысының сылбырлығы салдарынан екендігін атап өтті.

 

{jcomments on}Сонымен қатар, жиында сөз алған ауған соғысының ардагерлері майдан даласында қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналарына қоғамдық көліктерде тегін жүретіндей жеңілдіктер қарастырылса, сондай-ақ, жағдайы төмен Ауған соғысының ардагерлеріне және ардагерлерге коммуналдық төлемдер жағынан көмек көрсетілсе деген ұсыныс-тілектерін де айтты. Жиынға қатысушылардың бірі Рита Қыдырманова баспана мәселесін сөз етті. Оның ұлы Ермек Қыдырманов 1983 жылы Ауған соғысына аттанып, бір жылдан кейін мерт болған.   Қара жамылып қалған ананың айтуынша, ақпан айында оның қаладағы 2 бөлмелі пәтері  өртеніп кеткен. Тілсіз жаудың кесірінен үйсіз қалған 72 жастағы Рита апа денсаулығы сыр беріп, ауруханадан жақында ғана шыққан. Бүгінде қызының қолында тұрып жатқанын айтқан       жалғызбасты ана қала басшысынан көмек сұрай келіпті.

 

Қала басшысы Рита Қыдырмановаға жақын арада пәтер берілетіндігін айтты. Ал, ұсыныс-тілектер бойынша электр жарығынан басқа жылу мен су мәселесіне жеңілдіктерді қарастыратынын да айтқан Айбек Мүталапханұлы қоғамдық көліктерде де жеңілдікпен жүру жағын шешуге көмектесетінін жеткізді.

— Ауған соғысының ардагерлерінің ерліктері жас ұрпақты патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеудегі  маңызы зор. Сондықтан, оларды қай кезде де қолдаймыз. Егер қандай да бір ұсыныстарыңыз болып жаста, қай кезде де көмектесуге әзірміз. Менің өз басым тек қала әкімі ретінде емес, азамат ретінде көмектескім келеді, — деген Айбек Мүталапханұлы  ден-   саулығы қалыпты бола тұра азаматтардың Үкіметке алақан жая беруге де болмайтын-   дығын ескертіп өтті.

Сонымен қатар, Ауған соғысының ардагерлері қаладағы № 40 мектепте өздерінің құрған мұражайлары бар екенін айтты. Айтуларынша, аталмыш мұражайға қарайтын қызметкерге ардагерлердің өздері арнайы жалақы төлеп отырған. Алайда, қаражат жағы қолбайлау болғандықтан, бүгінде мұражайға қарау аталмыш мектептің оқушыларының құзырында көрінеді. Жиын барысында осы мәселе туралы  да сөз қозғаған ардагерлерге қала әкімі жуық арада бұл мәселенің шешімін табатындығын атап өтті.

 

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

09.06.2026
Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

В области Абай к летнему сезону определены 16 официальных мест для купания, усилены меры безопасности на водоёмах и организовано круглосуточное...

Читать далее ...

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

09.06.2026
Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

В области Абай продолжается работа по обеспечению безопасности жителей в период летнего сезона отдыха. Об этом на площадке Региональной службы...

Читать далее ...

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

09.06.2026
Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

С момента запуска института банкротства физических лиц в Казахстане жители области Абай подали свыше 12,5 тысячи заявлений на внесудебное банкротство....

Читать далее ...

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

08.06.2026
Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

В столичной Детской библиотеке №7 прошел информационный час «Экология – табиғат жүрегі», передает официальный сайт акимата Астаны. Мероприятие было организовано...

Читать далее ...

«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

08.06.2026
«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

В Астане в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» прошли очередные работы по очистке территории. Мероприятие, организованное по инициативе акимата района...

Читать далее ...

«Асыл бесік – Ақсуат»: фестиваль, объединивший спорт, искусство и духовные ценности

08.06.2026
«Асыл бесік – Ақсуат»: фестиваль, объединивший спорт, искусство и духовные ценности

В Аксуатском районе области Абай состоялся спортивно-культурный фестиваль «Асыл бесік – Ақсуат», который собрал участников и гостей со всех уголков...

Читать далее ...

Новости

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

1 день назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

1 день назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

1 день назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

2 дня назад

«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

2 дня назад

«Асыл бесік – Ақсуат»: фестиваль, объединивший спорт, искусство и духовные ценности

2 дня назад

В рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» на побережье озера Алаколь состоялся экологический форум «EcoQadam».

3 дня назад

В Аксуатском районе проходит спортивно-творческий фестиваль «Асыл бесік – Ақсуат»

4 дня назад

В области Абай усилены профилактические мероприятия по противодействию наркотикам

5 дней назад

Область Абай активно развивает волонтерское движение

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС