25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДӘСТҮРЛІ ДІН – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ КЕПІЛІ

05.04.2014
ДӘСТҮРЛІ ДІН – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ КЕПІЛІ
FacebookWhatsappTelegram

Жуырда қаламыздағы бір мұнаралы Тас мешітте ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат    Алтыбайдың жүргізуімен діни танымдық бағытта семинар болып өтті. М.Қуанышұлы өткізген шараға жергілікті мешіт жамағаты, шариғи ілім алуға ниетті көпшілік пен дін қызметкерлері қатысты.

 

Семейлік имамдар мұндай бағыттағы танымдық дәрістерді қаламыздағы әр мешітте жиі өткізеді. Ондағы мақсат – атадан қалған асыл дінімізді дұрыс түсіну, ғибадат рәсімдерін дәстүрлі Ханафи мәзһабы негізінде үйрену һәм кейбір күрделі мәселелер жайлы түсінік беру, намазхан жандардың таным деңгейін көтеру болып табылады.

«Дін — ғылымның атасы, ғылым — діннің баласы» деп ақиық Мұқағали ақын жырға қосқандай, ұлтымыздың ғасырлар бойы ұлы құндылығы болып келген Ислам – тым терең ,әрі барған сайын күрделене беретін ілімдер жүйесі. Өкіл имам Мақсат Алтыбайдың айтуынша, дін негіздері жалпы сипаты бойынша фиқһ (ғибадат рәсімдерін жүргізу), ақида (сенім, пайым негізі) болып екіге бөлінеді. Ал дін ғалымдарының арасында бұл мәселелер бойынша түрлі пікірлер, тіпті қарама-қайшы ұстанымдар да бар. Ал біз, осынау көп сауалдарға жауапты тек түркі жұртшылығы үшін діни құқықтық мектеп саналатын Ханафи мәзһабы бойынша ғана іздейміз. Бұдан шығар хикмет – бір ұлтта бір мәзһаб қана болуы тиіс. Сонда, дін тұтынушы қауым арасында да ортақ көзқарас, бір түсінік пен ынтымақ-береке қалыптасады. Бұл жайт, әрине, ішкі тұрақтылығымыз бен тыныштығымыздың кепілі.

Қазіргі күні семейлік дін қызметкерлері мешітте өткізілетін дәрістерде осы бағытты негізге ала сабақ өткізуде. Мұнда келген жамағат иманның шарттары, намаздың орындалу реті, сүннетке сай дұға ету сынды мәселелер бойынша имамдардан кеңес тыңдауда. Бір мұнаралы мешіттегі бұл күнгі сауат ашу дәрісін имамдар жүргізді. Аталмыш шара бойынша ҚМДБ өкіл имамы    Мақсат Қуанышұлы түсінік беріп өтті.

— Мұндай дәрістер қала мешіттерінде кешкі ақшам      намазы мен құптан намазы аралығында өткізіледі. Семинарлардың берері мол. Себебі, мешітке келушілер арасында даулы пікірлер кездеседі. Кейбір бауырларымыз Ханафи мәзһабы бойынша бекітілген, намазда қолды кіндіктен төмен байлау, дұғада бет сипау тәрізді сүннетке сай рәсімдерді білместікпен жоққа шығарады. Алайда, көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан, мәзһаб ғалымдарының ортақ көзқарасымен мақұлданған мұндай рәсімдердің орындылығы жайлы мешіт қызметкерлері дәлел мен түсінік беруде. Сауат ашу курсының аясы жыл сайын кеңейіп келеді. Өткен жылы Комсомол кентіндегі Төлеубек қажы мешітінде бір айлық діни сауат ашу курсында 150 адам білім игеріп, сертификат алып шықты. Биыл 25 адам тәмамдады. Сонымен қатар, алдағы мамыр айында жастарды дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру мақсатында ақпараттық насихаттық топ мүшелері бірқатар  шаралар ұйымдастырмақ, — дейді өңіріміздің бас имамы.

 

{jcomments on}Мешіт қызметкерлерінің діни ағарту шараларын жүргізудегі белсенділігі жоғары. Мәселен, сауат ашу курсын бітірген бірқатар шәкірттер Алматы, Астана шаһарларындағы медреселерге жолдама алыпты.

 

Жалпы, бүгінгі күнде имамдардың қайраткерлігі қажет-ақ. Діни ілімге сусаған көпшілік, әсіресе албырт сезімге жылдам ерік беретін жастар көлденең келген «көк атты» уағызшының сөзіне еріп кетпей, көкейлеріндегі сауалдарын мешіт қызметкеріне қойғаны абзал. Бұл ретте дін өкілдерінің жұртшылықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын назарда ұстағаны ләзім. Ал жоғарыда айтылған, ұйымдастырылып жатқан шаралар осы бағыттағы ілкімді істің игілікті бастамасы екені анық. Атадан қалған асыл дінімізді қастерлеу — парыз. Ол бабалар аманаты. Ел іргесінің беріктігі, берекесінің кепілі болар имандылық атты ұлы қасиет ұл-қыздарымыздың бойында қазақы сипатпен көрініс тапса – нұр үстіне нұр болмақ!

 

Қуаныш ҚОЖАЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

7 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС