25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫНА» ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

17.04.2014
«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫНА» ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Алыптар аламаны  «Қазақстан барысы» атты ел Президентінің жүлдесіне арналған республикалық турниріне жуырда қалалық іріктеу жарысы өтті. Іріктеу жарысында кіл мықты деген 16 балуан бақтарын сынады.

Жарыстың ашылу салтанатында қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, ШҚО қазақ күресі федерациясының вице-президенті Амантай Хазымұлы және аталмыш жарыстың бас төрешісі, халық-аралық дәрежедегі төреші, қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Шыңғыс Тұрсыновтар сөз алып, барлық балуанға сәттілік тіледі. Жарыс басталмас бұрын «Қазақстан барысы» және «Еуразия» барысы турнирлерінің қатысушысы, биылғы турнирдің үміткері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және әлем кубогінің иегері Мұхит Тұрсыновпен сұхбаттасқан едік.

— Қазір қызу жаттығу үстіндеміз. Мақсатымыз  «Қазақстан барысына» және ел чемпионатына қатысу. Одан кейін Азия чемпионаты мен әлем чемпионаты күтіп тұр. Алайда, әзірге бабындамыз деп айтуға да болмас. Дайындығымыздың қаншалықты деңгейде екенін алдағы ел чемпионаты көрсетер. Дамылсыз дайындық қана  биік белесті бағындырудың кепілі, — деген Мұхит, — Семейдің балуандарының қай-қайсысы болмасын, осал емес. Мысалы, Ерлан Конкеев, Ерлан Сапарғалиев, Мереке Тұрашев сынды балуандарды ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар, Әділ Оразбаев сияқты бауырларымыздың да бозкілемде өрісі кеңейіп келеді, — дейді.

 

{jcomments on}Әділ Оразбаев расымен де осал емес екен. 1995 жылы туылған Әділдің қазіргі салмағы 110 келі. Оның спортпен айналысып жүргеніне 7 жыл болса, осы уақыт ішінде қазақ күресінен және самбо мен дзюдодан спорт шебері, самбодан Қазақстан чемпионы атанған. Ал, қазақ күресіне бет бұрғанына 2 жылдай уақыт болған. «Мақсатым:  «Қазақстан барысына» қатысу. Сол үшін барымды салып жүрмін. Әрине, үмітсіз шайтан. Дегенмен, алтын алмасам да, бастысы қатысқым келеді», — дейді Әділ.

 

Ал, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2006 ж), Азия чемпионы (2007 ж) Ерлан Конкеев те Семей балуандарының ішінде орны бөлек, тәжірибелі спортшылардың бірі. Бозкілемде жүргеніне биыл 12 жыл болған. 18-ге толып, жігіт жасына жетіп барып, спортты кеш бастаса да, Ерлан жетістіктен кенже қалмаған. Енді «Қазақстан барысында» бағын сынап көрмек. Алайда, «күш атасын танымас» деген аталы сөз бекерге айтылмаса керек. Себебі, іріктеу жарысындағы финалдық кездесуде Ерлан Конкеев пен Әділ Оразбаев белдесіп, нәтижесінде Ерлан інісіне жол беріп алды. Жалпы, жарыс қорытындысы бойынша бұл жұп ІІ және ІІІ орындарды өзара бөлісті. Ал, І орынды қанжығаға байлаған Мұхит Тұрсынов «Семей барысы» атанды. Бұл үздік үштік 10-12 мамыр аралығында Өскеменде өтетін облыстық іріктеу жарысына жолдама алды. Ол жарысқа Шығыс өңірінің барлық аудандарынан құрыш білекті, апайтөс балуандар сынға түспек. Солардың ішінен іріктеліп, жаурыны жер иіскемей, шашасына шаң жұқтырмаған 2 балуан ғана 29 маусым күні Астана төрінде өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде Шығыстың намысын қорғамақ. Ал, былтырғы жылы «Қазақстан барысы» атанған жерлесіміз Айбек Нұғмаров биылғы турнирге еш іріктеусіз қатысуға жолдама алған болатын. Ұлттық рухымызды асқақтататын бәсі мықты байрақты бәсекеде бақ сынайтын Шығыстың шымыр      балуандары жеңіс тұғырынан көрінсін деп тілейміз.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ, «Семей таңы».

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

7 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС