25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰБТ-ДА ӨЗГЕРІС БОЛМАЙДЫ

21.04.2014
ҰБТ-ДА ӨЗГЕРІС БОЛМАЙДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Биылғы Ұлт-тық бірыңғай тестілеу қашан және қалай өте-ді? Түлектердің түн ұйқысын төрт бөлген сынақтарын тапсыруларында  қандай да бір өзгерістер болады ма? Міне, ҰБТ және білім саласына қатысты өзге де сауалдарға Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова, орынбасары Наталья Фесенко және тәрбие жөніндегі сектордың меңгерушісі Сәуле Дүйсенбекова Семей ақпарат орталығында  арнайы өткен баспасөз мәслихатының барысында жауап берді.

Алдымен Гүлжан Қайырханқызы биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қалай, қашан және қай жерде өтетіні жайлы айтып өтті.

— Айтарлықтай өзгеріс жоқ. Барлығы бұрынғысынша болады. Тек жалғыз ерекшелік, ұлттық бірыңғай тестілеу екі жерде емес, бір-ақ жерде өтеді. Ол, Әріп Тәңірбергенов көшесінің бойындағы Семей қаласының  Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің ғимараты. Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге ниет білдіргендердің санына келсек, алдын-ала мәліметке сәйкес, қала бо-йынша болашақта мектеп бітіретін  1935 түлектің 70 пайызы осы сынаққа қатысуға өтініш берген. Айта кететін бір жайт, биыл мектеп бітірушілердің саны былтырғымен салыстырғанда 100 балаға кем. Құжаттарды қабылдау 10-шы сәуірден басталды және осы айдың 25-іне дейін жалғасады. Жалпы Ұлттық бірыңғай тестілеу маусым айының  1-і мен 15-сі аралығында 4 ағымда өтеді,- деді білім бөлімінің басшысы. Сондай-ақ, Гүлжан Алтынбекова сынақ нәтижелеріне сәйкес, гранттар тағайындау шілденің 23-і мен 31-і арасында жүзеге асатынын айтты. Биыл “Алтын белгіге” үміткерлердің саны 36 болса, “Үздік аттестатқа” тәмамдайды  дегендер 22-і екен. Білім бөлімі басшысының айтуынша, бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда сәл төмендеу көрінеді. Яғни, 2013 жылы  “Алтын белгіге” жалпы үміткерлердің саны 39-ға жетсе,  “Үздік аттестат” алам дегендер 24 болған. Алайда, Гүлжан Қайырханқызы алдын-ала тексеру сынақтарының нәтижесі оқушылардың жалпы білім деңгейінің артқандығын көрсететінін атап өтті.

Жиын барысында Наталья Фесенко бесінші пән ретінде оқушылардың басым бөлігі география, физика және биологияны таңдап жатқандығын айтты. Бұл да алдын-ала сынақтардың нәтижесі бойынша жасалып отырған қорытынды. Сондай-ақ, ол Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық аясында ата-аналар үшін арнайы консультативтік шаралардың ұйымдастырылғанын айтты.

Баспасөз мәслихатында көтерілген тағы бір мәселе қала мектеп-теріндегі орындардың жетіспеуші-лігіне қатысты болды. Бұған байланысты Гүлжан Қайырханқызы мынадай жауап берді:

 

{jcomments on}- Орын аздығы 19-шы, 22-ші, 39-шы мектептерде байқалып отыр. Әсіресе, Юность кентінде орналасқан 19-шы мектепте  тұрғылықты халық санының көбеюіне байланысты оқушылардың да саны артып отыр. Сондай-ақ, Степной кентіндегі мектептің жоқтығы қиындық тудырып тұр. Біз, Білім және ғылым министрлігі мен Өңірлік даму ми-     нистрлігіне арнайы ұсыныстар жасадық. Сондықтан бұл мәселелер бір-екі жылда шешімін табады деген үміттеміз. Нақтырақ айтқанда, Степной және Бобровка кенттерінде жаңа мектеп салу көзделіп отыр. Сондай-ақ, Юность кентінде салалық мектеп салынады деп жоспарлап отырмыз.

 

Оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне келгенде Гүлжан Қайырханқызы қаламыз бойынша көрсеткіш 100 пайызға жуық екенін атап өтті. Демек, уақытында шешімін тапқан азын-аулақ қана түйткілдерді айтпағанда бұл бағыттағы жұмыс дұрыс жолға қойылған. Әрі оқулықтардың сапасы министрліктің тарапынан қатаң тексеруден өткізіліп, мектептердегі оқулықтар қоры  жыл сайын жаңартылып отыратын көрінеді.

Білім беру саласындағы тағы бір маңызды мәселе балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру болып табылады. Бұл орайда тәрбие жөніндегі сектордың меңгерушісі Сәуле Дүйсенбекова биыл да қала сыртындағы «Түрксібке 50 жыл», «Жас қанат» және «Радуга» атты үш лагерьдің жұмысы жалғасын табатынын айтып өтті. Оларда 2500-дей оқушы жазғы демалысын өткізеді деп жоспарланып отырған көрінеді.

— Былтыр осы үш лагерьде демал-ған аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың саны 645 шамасында болатын. Биыл да  сол деңгейді сақтап қаламыз деген үміттеміз. Сондай-ақ, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қаламыздың 68 мектебінің жанындағы лагерьлер мен Жастар сарайында балалар алаңқайы жұмыс істейтін болады. Биологиялық орталықта құрылған экологиялық лагерь 800-ге тарта оқушының әртүрлі шараларға қатысуын қамтамасыз етеді деп жоспарлап отырмыз, — деді Сәуле Дүйсенбекова.

Тағы бір сұрақ түлектердің мектеп бітірулеріне байланысты ұйымдастырылатын салтанатты кештерге қатысты болды. Бұл орайда Гүлжан Қайырханқызы мұндай шараларды мейрамханаларда ұйымдастыруға тыйым салынатынын қадап айтты.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

“Семей таңы”

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

7 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС