25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУДА ЖАҢА ТИІМДІЛІКТЕР БАР

21.04.2014
FacebookWhatsappTelegram

Апта басында қалалық әкімдіктің үлкен залында мемлекеттік қызметшілердің басын қосқан аппараттық сабақ болып өтті. Танымдық тұрғыдан берері мол бұл жолғы дәріс өңірдегі тұрғын үй құрылысы саласына, анығырақ айтқанда «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының жүргізілу барысы және оның аясындағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қаламыздағы филиалы қызметі жайында баяндалды.

Аппараттық сабаққа қала әкімінің орынбасары  Жағыпарбек Елубаев, қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжалов, қала әкімі аппаратының жетекшісі Шаған Жұмақсанов  қатысты.

Алғашқы болып баяндама жасаған қалалық әкімдіктің құрылыс бөлімінің басшысы Нұржан Жапбаров болды. Өз сөзінде Нұржан Ермаханұлы мемлекеттік бағдарламаның қаламызда жүргізілу барысы жөнінде кең көлемде ақпараттандырып өтті. Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама аясында баспана алу құқығына ие адамдар тобы жайлы да  түсіндірді. Құжаттарды қабылдау жергілікті атқарушы биліктің қатысуымен жүргізілетінін, бұл бағыт бойынша, әсіресе, жас отбасыларды баспанамен қамту ісі алдыңғы кезекке қойылғандығына тоқталды.

Ал, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  қызметіне ағымдағы жылдың сәуір айында біршама өзгерістер енгізілген. Бұл жайында қаламыздағы аталмыш банк филиалының директоры Қайрат Есболатов жан-жақты ақпарат берді:

 

{jcomments on}- Бүгінгі жиынға шақырғандарыңыз үшін өте қуаныштымын. Себебі, бұл өте маңызды да күн талабындағы өзекті тақырып болып табылады. Мемлекеттік «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының жүзеге аса бастағанына біраз уақыт өтті. Осы аралықта Семей қаласында атқарылған жұмыстарды жүйелеп, алдағы уақыттардағы атқарылар шараларды межелеп алу дұрыс. Қаламызда аталмыш бағдарлама аясында жаңа пәтерлер тұрғындар игілігіне берілген. Оның бірі — қала орталығындағы Аймауытов көшесінде, енді бірі — Энергетик кентінде салынған тұрғын үй. Қазіргі кезеңде соңғы үйден баспана алу үшін қалалықтар құжаттарын рәсімдеу үстінде. Дегенмен бұл бағыт бойынша әлі де біршама қиындықтар бар. Айта кетерлігі сол,     салынған тұрғын  үйлердің, пәтерлердің сапа деңгейі өте жақсы. Мәселен, бір бөлмелі пәтердің жалпы көлемі — 56 шаршы метр. Алайда, 2-ші  сәуірден бастап республика көлемінде тұрғын үй құны көтеріліп отыр. Егер де біздің қаламыз бойынша 1 шаршы метрдің бағасы 100 мың теңгеге дейін көтерілетін болса, онда бір бөлмелі пәтердің бағасы бес миллион алты жүз мың теңгеден асады деген сөз. Ал, Семейдегі орташа жалақының көлемі 81 мың теңгені құрайды екен. Яғни, сатып алушы тұрғындарға қиын тиюі мүмкін деген сөз. Бұл мемлекеттік бағдарлама болғандықтан біз өз салымшыларымыз арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Бір мысал келтірейін, тұрақты жұмысы жоқ бір жас жігіт  Аймауытов көшесінің бойында са-лынған үйден бір бөлмелі пәтер алды. Салымшымыз өз қаражатын 6 жыл бойы жинаған, бір жыл күткен. Мұны айтып отырғаным, алдына шындап мақсат қойғандар оған сөзсіз қол жеткізе алады. Бұл бағытта  қала тұрғындарына сабырлылық жетіспей жатады. Көпшілік азаматтар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан арнайы есеп ашқанымен, қомақты соманы жинаған шақта бар қаражатын кері қайтарып алып жатады, — деп тоқталып өтті Қайрат Атамбекұлы.

 

Қ.Есболатов сонымен қатар аталмыш банк саласындағы ағымдағы жылы орын алған өзгерістер жайына да тоқталды. Егер азаматтың келісілген несиеге төлем қабілеті жетпесе, онда пәтерді 8 жылға дейін жалға алуына болады. Яғни, тиісті құжаттары рәсімделіп, өткізілер болса, осы мезгілде пәтерді жалға алу құнын төлеп тұра береді. Осы кезеңде банкте қосымша қаржы жинайды. Бұл аралықта ешқандай пайыз төленбейді. Тек 8 жыл біткеннен кейін ғана, баспана үшін төленуі тиіс қаражаттың қалған жартысына 15 жылға 4 пайызбен несие алады. Тек осыдан кейін ғана пәтер меншікке айналады.

Банк филиалының басшысы сонымен қатар баспана салудың қиындықтарына да тоқталды. Мысалы, өңірдегі тұрғын үй құрылысын іске асырудағы басты кедергілердің бірі — бұл мақсатта қолдануға болатын жер телімдерінің аздығы екендігін де айтып өтті. Жиын барысында бұл тақырыптағы мәселе кеңінен сөз болды. Қала әкімінің орынбасары Жағыпарбек   Елубаев  алдағы уақыттарда аталмыш банк басшылығымен бірлесе отырып, жұмыстар жүргізудің маңыздылығын айтып өтті.

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

7 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС