25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕМХАНА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

09.05.2014
ЕМХАНА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ
FacebookWhatsappTelegram

Үржар ауданында Барқытбел атты ауылдық округ бар. Талдап, таразылап қарар болса, бекерге «Барқытбел» атанбаған тәрізді. Тарбағатайдың күнгейін қалың жұрт «Барқытбел» атап кеткенкені көпшілікке мәлім. Сірә, табиғатына тамсанып, таңдай қаққан  болар. Осы Барқытбелдің бөктерінді бірлігін жарастырып, тірлігін келістірген, түтіні түзу ұшқан ауылда атқарылып жатқан оңды істердің куәсі болдық.

Ауылдық округтің орталығы Барқытбелге бет бұрып, бара қалсаңыз бірінші көзіңізге дәрігерлік амбулатория түседі. Өткен жылдың қоңыр күзінде халықтың   игілігіне берілген денсаулық сақтау мекемесі бүгінгі күннің заманауи құрылғыларымен жабдықталып, қалтқысыз қызмет етіп тұр. Ауылдық округте Барқытбел ауылынан өзге үш Батпақты, Теректі, Некрасовка сияқты елдімекендер бар.  Ауылдағы ағайынның басы ауырып, балтыры сыздай қалса, аудан орталығына сабылуға енді еш себеп жоқ десе де болады. Мұнда білікті дәрігерлер науқасқа барлық жағдайды жасап, дәрі – дәрмекпен ғана емес, жылы сөзімен де жігер береді.

Амбулаторияның бас дәрігері, білікті маман Роза Марлесқызы Саметбаева.  Роза Марлесқызының айтуынша, бұ- рынғы дәрігерлік амбулатория таршылық етіп, келеңсіздіктер, бірқатар кедергілер де болыпты.

-Ескі амбулаторияда жеке кабинет деген жоқ болды. Ал қазір жағдайымыз басқа. Барлық талаптар сақталады. Кабинеттердің барлығы да құрылғылармен жабдықталған.  Амбулаториядағы барлық құрылғыларды «Родекс» атты фирма орнатып, дәрігер – мамандарды құрылғылармен қалай жұмыс істеу керектігін толық үйретіп, көрсетіп берді. Мекеменің құрылысын іске асырған мердігер «Шарорда» ЖШС демеушілік ретінде құдық қазып, оған насос орнатып берді, — дейді Роза Саметбаева.

Ауылдың бас дәрігері өткен күндерді еске алады. Амбулатория бой көтермеген кезде, ауырып ем іздеп келгендер кезек күтіп далада тұратын кездер болыпты. Ал, қазір барлығы басқаша. Келген  науқасқа барлық жағдай жасалған.

 

{jcomments on}Айтпақшы, маман тапшылығы жоқ мұнда. Тек зертханашы жағы болмаса. Бірақ, зертханашы жоқ деп қарап отырған жоқ. Аудан орталығы Үржардан зертханашылар арнайы келіп, сараптаманы алып, қорытынды нәтижесін жіберіп отырады.

 

Жалпы Үржар ауданында дәрігерлерге сұраныс күн санап артып отыр. Әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан дамудың даң-ғыл жолына түскен аудан үшін әлбетте, бұл қалыпты құбылыс деп қарауға болады. Аудан әкімі Серік Зинабекұлы да Семей шаһарында Үржар ауданынан келіп оқып жатқан студенттермен жүздесіп, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша дәрігерлерді елге қызмет етуге шақырған. Серік Зинабекұлы туған жерге қызмет етуге келетін түлектерге бағдарлама негізінде барлық жағдай жасалатындығын да сол кездесуде атап өткен болатын.  Сәтін салса осы жылдан бастап дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесі біртіндеп шешілуі тиіс.

Емдеу мемекемісіне қайтып оралсақ. Амбулаторияда үш орынға арналған күндізгі стационар, оқшаулау, әйелдерге арналған екпе бөлмелері бар. Тіпті, ауылдың екінші жағына шығып, дәріханаға сабылып қажеті жоқ. Тұрғындар үшін қолайлы қылып, мекеменің ішінен дәріхана да жұмыс жасайды.

Амбулаториядағы  «Алмаг — 2» аталатын магнитпен емдеу  заманауи құрыл-ғысы жүйке жүйелері, құяң, жоғары тыныс жолдары, жүрек қантамырлары, ас қорыту жүйесі ауруларын емдеуге арналса,  «Электрофорбес» аппараты – қабыну, іш – құрылыс, ішкі ағзаларға арналған.

Міне, Барқытбелдегі дәрігерлік амбулаторияның бүгінгі жұмысы осындай. Дер-тіне шипа іздей келген ауылдастарға ақ халатты абзал жандар заман талабына сай қызмет көрсетіп келеді.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

7 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС