Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕРІКТІ ЖАСАҚШЫЛАР ІСКЕ КІРІСТІ

24.12.2013
ЕРІКТІ ЖАСАҚШЫЛАР ІСКЕ КІРІСТІ
FacebookWhatsappTelegram

Берікхан Тайжігіт,

“Семей таңы”

Үржар ауданының әкімі Серік  Зинабекұлы Зайнулдиннің басшылық қызметтегі ең алдымен қолға алған мәселелерінің бірі қылмысқа қарсы күресті жандандыру болды. Халықтың тұрмысын жақсарту, әлеуметтік –экономикалық ахуалды арттыру  аудан басшысы тарапынан  алдыңғы орынға қойылды. Қазір ауданымыздың облыс көлемінде үшінші орында тұруы көңіл көншіткенімен, әлі де алда атқарылар, шешімін күткен  іс-шаралар  баршылық.  Өңіріміздің рейтингісін көтеру де басты орында тұр. Бұл тұрғыдан әжептәуір жұмыстар жасалуда.

 

Бүгінгі күні ауданымызда мал ұрлығы фактілері де кездесіп қалады.   Үржар ауданы облыс көлемінде  мал ұрлығын жасауда онынышы  орында болса, оның ашылуы бойынша  2- орында. Яғни, алдын алу шаралары жасалып, жұмыс жүргізілуде.  Алайда, аудан әкімінің  пікірінше,  бұл жеткіліксіз. Сондықтан, жуырда аудан басшысы қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күресті жандандыру мақсатында ауыл округтерінде ерікті халық жасақшыларын құру мәселесі жайлы әкімшілікте келелі жиын өткізді.  Жиынға  аудандық мәслихат хатшысы Мұхаметқали Бітімбаев, аудан прокуроры Дәулет  Кенжебеков, ішкі істер бөлімінің басшысы Жеңіс Жүрсімбаев және аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бақтыбай Баймұратов, әкімшіліктің бөлім басшылары, ішкі істер бөлімінің орынбасарлары,  ауыл әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары, БАҚ өкілдері қатысты. Онда  аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Жеңіс Жүрсімбаев, аудан аппараты заңгерлік және құқық бөлімінің басшысы Динара Әмірбаевалар өңірде орын алып отырған жағдай туралы, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеп, марапаттау жайлы айтып өтті. Аудан әкімі Серік Зинабекұлы әр ауылдық округтен келген қоғамдық көмекшілер-халық жасақшыларының кеуделеріне салтанатты түрде жетондар қадап, арнайы куәліктер табыстады.

 

— Бүгінгі күннен бастап, сіздер ерікті халық жасақшыларысыздар. Міне, ауыл әкімдері әр елдімекеннен беделді деген ауыл азаматтарынан   ерікті халық жасақшыларын әкеліп отыр. Мақсат айқын: олар елдімекендерде қоғамдық тәртіпті қадағалайтын, қылмыстың алдын алу жолында жұмыс жасайтын азаматтар болуы керек. Үржар ауданы жалпы әлеуметтік- экономикалық көрсеткіш бойынша облыста алда болуы тиіс. Бұл халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, ел іргесінің  тыныштығы үшін жасалып отырған шаруа. Соны дұрыс түсінуіміз керек. Өз еріктеріңізбен келіп, осындай үлкен іске қол ұшын беріп жатқандарыңызға рахмет. Енді округ әкімдерінің оң қолы болып ауыл тыныштығын қадағалайсыздар.Қылмысты 50 пайызға дейін төмендеткен сарбаздарға арнайы сыйақы болады. Сол үшін біз аудан бюджетінен қаржы қарастырып отырмыз. Әрине, сыйақы жоғарыда айтып өткенімдей тек өз ісіне адал, тынбай шаруа жасаған, сол істен айтарлықтай қорытынды шығара білген сарбаздарға беріледі. Сондықтан, тоқсан сайын жүздесіп отыратын боламыз. Барлық сарбаздарда менің қалта телефонымның нөмірі болсын. Кез келген уақытта ауыл әкімімен бірлесе,    халықпен қоян-қолтық араласа еңбек етіңіздер. Мал ұрлығын тыю үшін елдімекенге кім келіп кетті, қандай шаруамен жүр, осы жағын біліп отырғандарыңыз абзал болады. Ең бірінші, қырағылықты күшейту керек. Келесі жылдың сәуір  айында бір кездесіп, атқарған шаруаларымызға есеп береміз. Жалпы, бұл    облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың арнайы тапсырмасы. Сондықтан,бұған дұрыс көзқараспен қарауларыңызды сұраймын. Ел тыныштығы біз үшін басты мәселе болуы керек,-деді аудан әкімі С. Зайнулдин.

Бұдан кейін жиын өз жұмысын қорытындылап,  жиналған ерікті халық жасақшыларының атынан Үржардағы «Айбын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ауған соғысының ардагері Талғат Әлмұхаметов және бірқатар сарбаздар ел тыныштығын қорғауда сенімге селкеу түсірмейтіндерін айтты.

Связанные новости

В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

31.07.2025
В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

В Абайском гарнизоне артиллерийские подразделения продемонстрировали свою боевую готовность в ходе комплексной проверки. В частности, в мероприятии приняла участие воинская...

Читать далее ...

До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

31.07.2025
До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

Общая протяжённость автодорог республиканского значения в Абайской области составляет 2 176 километров. Из них 1 592 километра находятся в ведении...

Читать далее ...

Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

31.07.2025
Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

Министерство культуры и информации РК объявило о начале приёма заявок на соискание Государственной молодёжной премии «Дарын». Ежегодная премия вручается талантливым...

Читать далее ...

Вице-премьер ознакомился с подготовкой к юбилею Абая

31.07.2025
Вице-премьер ознакомился с подготовкой к юбилею Абая

Заместитель Премьер-министра РК Ермек Кошербаев в рамках рабочей поездки посетил Абайскую область, где проверил ход подготовки к празднованию 180-летия великого...

Читать далее ...

В области Абай 83,8% населения охвачено медицинским страхованием

31.07.2025
В области Абай 83,8% населения охвачено медицинским страхованием

В регионе доля участников системы обязательного социального медицинского страхования (ОСМС) составляет 83,8%. Об этом сообщил руководитель управления здравоохранения области Абай...

Читать далее ...

В области Абай стартует ночной рейд, родители могут быть привлечены к ответственности

28.07.2025
В области Абай стартует ночной рейд, родители могут быть привлечены к ответственности

С 27 по 29 июля в области Абай пройдёт оперативно-профилактическое мероприятие «Түнгі қаладағы балалар». Об этом сообщил заместитель начальника управления...

Читать далее ...

Новости

В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

8 часов назад

До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

8 часов назад

Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

8 часов назад

Вице-премьер ознакомился с подготовкой к юбилею Абая

8 часов назад

В области Абай 83,8% населения охвачено медицинским страхованием

9 часов назад

Казахстан и Турция укрепляют стратегическое партнёрство: Токаев и Эрдоган подписали ряд ключевых соглашений

9 часов назад

В области Абай стартует ночной рейд, родители могут быть привлечены к ответственности

3 дня назад

Более 24 миллионов тенге возвращено жителям области Абай

3 дня назад

Вниманию сельхозпроизводителей и населения: в Казахстане пройдет сельскохозяйственная перепись

3 дня назад

В селе Калбатау Жарминского района построят новую школу

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС