Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАРБАҒАТАЙ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРЫМЕН МАҚТАНАДЫ

24.12.2013
FacebookWhatsappTelegram

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағалидың:

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер,

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер! — деген жыр жолдары дәл осы біздің Тарбағатай өңіріне арналып жа-зылғандай әсер қалдырады. “Бастаса елдің көсемі, сөйлесе сөздің шешені” дегендей талай-талай талантты ұл-қыздарымен әйгіленген Тарбағатай жері шын мәнінде Қыдыр дарып, құт қонған киелі өңір. Осы өңірдің еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі өсіп-өнген ұрпақтары бұл күндері  оңы мен солын танып, өнер – білім жолына түсіп, талаптың тұлпарын мініп, ірі-ірі  қалаларда жүр. Сондай қалалардың бірі-Семей. Семейдегі жоғары оқу орындарында тарбағатайлықтарды топ-тобымен кездестіруге болады. Оқу бітіріп, мамандық алғандардың көбі «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын қолдай отырып, туған ауылдарына келіп, қызметке араласқан. Солардың өміршең дәстүрін енді іні-қарын-дастары жалғастыруда.

 

Міне, осы дәстүрді қолдау үшін 19  желтоқсан күні Тарбағатай ауданының әкімі  Ділдабек Оразбаев Семей қаласының  Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің мәжіліс залында қаладағы жоғары оқу орындарының және колледж студенттерімен  кездесу өткізді. Жастардың болашағына бағдар беретін осы маңызды басқосуға бұрын ауданымызда әр салада жемісті қызмет істеген зиялы қауым өкілдері де қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.  Кездесуге қала оқу орындарынан жиыны 300-ге жуық жастар қатысты.

 

Жастар –жаңашылдықтың бастауы десек, қазір Елбасының салиқалы саясатының аясында жастарға арналған бірнеше жалпыұлттық бағдарламалар іске асырылуда. Бұл бағдарламалар бойынша ауылға келіп қызмет істеп жатқан жастардың қатары аз емес. Әсіресе, «Дипломмен  -ауылға!», «Ауыл жастары», «Жасыл ел», «Жастар практикасы» сияқты жобалар аясында біздің жастарымыз өз мамандықтары бойынша өмірдегі өз орындарын табуда. Бүгінгі таңда жастарымыздың таңдаған мамандығы бойынша білім алып, қалаған салада еңбек етуіне мол мүмкіндіктер бар. Қоғамдағы аса маңызды мәселеге айналып отырған жастардың еңбек етуін ұйымдастыру  бағытындағы мақсатты көздеген кездесуде аудан әкімі   Д.Оразбаев ауданымыздың түрлі салалары бойынша қажеттілікке айналып,  жетіспей жатқан салаға  кадрларды  тарту мақсатында студенттермен тікелей сұхбаттасуды жөн көрді.

Алдымен  аудан  басшысы жиналған қауым алдында ауданның экономикалық, әлеуметтік өсу деңгейі, атқарылып жатқан жұмыстар турасында жан-жақты мәлімет берді. Шындығында тарбағатайлықтардың мақтаныш етерлік табыстары көп екен. Мысалы, биылғы он бір айдың көрсеткіштері бойынша ауданымыз облыс аудандары арасында даму деңгейі жоғары бес ауданның қатарына қосылыпты.

— Материалдық өндірістің өзекті саласы болып табылатын мал шаруашылығын дамыту, оның тұқымын асылдандыру, мал бордақылау алаңдарын салу көрсеткіштері жағынан біз Қазақстан бойынша тек Балқаш ауданына ғана жол беріп отырмыз. Бірақ, өндірісті  қазіргі қарқында дамыта беретін болсақ алдағы екі-үш жыл ішінде ол ауданның да жетістігін еселеуіміз ғажап емес. Тарбағатай ауданы дамудың барлық түрі бойынша Қазақстандағы ең алдыңғы қатарлы аудан болуы керек. Ол мақсатқа қол жеткізу біздің қолымыздан келеді,- деді аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы.

Баяндамада сондай-ақ, аудандағы 30 мың гектар суармалы жерді тиімді пайдалану, жылыжайларды іске қосып, тамшылатып суару әдісін игеру, мал азығының сенімді қорын жасау үшін екпе шөптерді көптеп өсіру міндеттерінің де маңызды екенін атап айтты. Халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында да атқарылған істер аз емес екен. Мысалы, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша былтыр аудан бойынша 120 миллион теңге игерілсе, биыл ол көрсеткіш 420 миллион теңгеге өсіпті. Алдағы жылы  600 миллион теңге қаржы алу жоспарланған көрінеді. Осы бағдарлама негізінде келер жылы Ақсуат пен Ақжардан бір-бірден шағын сүт өңдеу зауытын салып, мектептер мен балалар бақшасын, ауруханаларды сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге қадам жасалмақ. Аудан әкімі бір жылда өзімізге қажетті 500 тонна сүт өнімдерін алыс қалалардан сатып әкелетіндігімізді мысалға келтірді. 112 мың сиыр малы бар ауданда мал саууды жолға қойып, оны өңдеп, қажетке жаратудың артықшылығын талдап көрсетті. Сондай-ақ, жұмыртқаны да басқа жақтан тасымай, әр ауыл өзін- өзі қамтамасыз ету үшін де құс фермаларын ашып, мақсатты жұмыстар жобаланып отырғанын ескертті. Ауданда үш-төрт жерден қымыз өңдеу орталықтары ашылатыны, қызанақтан томат жасап, қияр тұздайтын кәсіпті жолға қою жоспарлары да кездесуге қатысып отырған ардагерлер мен болашақ мамандарды қызықтара түскендей еді.

Аудан басшысының баяндамасында жастар саясатындағы жаңа бастамалар, атқарылып жатқан игі істер, жастар үшін барлық жағдайлар жасалып жатқандығы, жұ-   мысқа орналасқан жас мамандарға гранттар беріліп, жыл сайын ынталы жастардың көптеп келетіні,  оларға жасалған жағдайлар егжей-тегжейлі әңгімеленді.

-Қазір ұлттық білім жүйесі жаңарып жатыр. Жас мамандардың біліміне, кәсіби шеберлігіне, бәсекеге қабілеттілігіне деген талап арта түсті.  Ендігі жерде жұмысқа тек конкурспен қабылдауы мүмкін. Бәсеке деген сол. Білімді жастар-еліміздің ертеңгі болашағы,  осыған сәйкес студент жастарға айтарым -сапалы білім алып, жоғары құзіретті маман ретінде ауылға келіп, туған жерлеріңізді өркендетуге үлес қосыңыздар, — деді аудан басшысы.

Кездесуде аудан әкіміне ақсақалдар да, студент жастар да өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде сауалдар қойды. Сұрақтардың мазмұны  ауыл мәдениеті, экономикасы, жол мәселесі, жұмыссыздықпен күрес, жұмысқа орналасу, ауданның болашағы туралы болды. Ділдабек Тәжібайұлы әрбір сұраққа нақты жауап бере отырып, көптеген мәселелердің орынды қозғалғанын, ауданның әлеуметтік экономикалық әлеуетін көтеруде мұнда айтылған құнды пікірлердің алдағы уақытта бағдаршам ретінде ерекше мәні болатынын айтты. Кездесу соңында Семейдің жоғары оқу орындарында білім алып жүрген бір топ студентке оқудағы, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін аудан әкімі Алғыс хат тапсырды.

Бұл күні кездесуге қатысқандар тағы бір қуанышты оқиғаның куәсі болды. Аудан әкімі Д.Оразбаев белгілі жазушы, Абайтанушы, «Құрмет» орденінің иегері, жерлесіміз Төкен Ибрагимовке «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілгенін мәлімдеп, салтанатты түрде төсбелгі тапсырды, иығына шапан жапты.  Кездесу  тарбағатайлық өнерпаздардың  шағын концертіне ұласты.

Ш. КӨПШІКБАЕВА.

Суретті түсірген Х.СӘТИЕВ.

Связанные новости

В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

31.07.2025
В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

В Абайском гарнизоне артиллерийские подразделения продемонстрировали свою боевую готовность в ходе комплексной проверки. В частности, в мероприятии приняла участие воинская...

Читать далее ...

До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

31.07.2025
До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

Общая протяжённость автодорог республиканского значения в Абайской области составляет 2 176 километров. Из них 1 592 километра находятся в ведении...

Читать далее ...

Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

31.07.2025
Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

Министерство культуры и информации РК объявило о начале приёма заявок на соискание Государственной молодёжной премии «Дарын». Ежегодная премия вручается талантливым...

Читать далее ...

Вице-премьер ознакомился с подготовкой к юбилею Абая

31.07.2025
Вице-премьер ознакомился с подготовкой к юбилею Абая

Заместитель Премьер-министра РК Ермек Кошербаев в рамках рабочей поездки посетил Абайскую область, где проверил ход подготовки к празднованию 180-летия великого...

Читать далее ...

В области Абай 83,8% населения охвачено медицинским страхованием

31.07.2025
В области Абай 83,8% населения охвачено медицинским страхованием

В регионе доля участников системы обязательного социального медицинского страхования (ОСМС) составляет 83,8%. Об этом сообщил руководитель управления здравоохранения области Абай...

Читать далее ...

В области Абай стартует ночной рейд, родители могут быть привлечены к ответственности

28.07.2025
В области Абай стартует ночной рейд, родители могут быть привлечены к ответственности

С 27 по 29 июля в области Абай пройдёт оперативно-профилактическое мероприятие «Түнгі қаладағы балалар». Об этом сообщил заместитель начальника управления...

Читать далее ...

Новости

В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

8 часов назад

До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

8 часов назад

Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

8 часов назад

Вице-премьер ознакомился с подготовкой к юбилею Абая

8 часов назад

В области Абай 83,8% населения охвачено медицинским страхованием

9 часов назад

Казахстан и Турция укрепляют стратегическое партнёрство: Токаев и Эрдоган подписали ряд ключевых соглашений

9 часов назад

В области Абай стартует ночной рейд, родители могут быть привлечены к ответственности

3 дня назад

Более 24 миллионов тенге возвращено жителям области Абай

3 дня назад

Вниманию сельхозпроизводителей и населения: в Казахстане пройдет сельскохозяйственная перепись

3 дня назад

В селе Калбатау Жарминского района построят новую школу

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС