Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БЕЙБІТ КҮН ЖАСАСЫН ӘЛЕМДЕ

12.05.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жеңістің 70 жылдық мерейтойы Бесқарағай ауданында айрықша аталды. 9 мамыр күні таң сәріден орталық алаңда әскери әуендер ойнап, мерекеге бет алған адамдар қарасы алыстан көрінді. Аудан әкімі Нұрлан Сыдықовтың қолдауымен бір ай бұрын басталған «Жеңіс керуені» акциясы дәл осы күні аудан орталығында мәресіне жетті.

{jcomments on}Мерекелік шара соғыс ардагерлерін арнайы безендірілген көліктерде, ерекше қошеметпен, салтанатты түрде қарсы алумен басталды. Мерекенің құрметті қонақтары, ардақты ардагерлерді аудан әкімі Н.Сыдықов бастаған жергілікті билік өкілдері қарсы алса, оқушылар батыр аталарына гүл шоқтарын ұсынып, қолтығынан демеп, мерекенің төріне жайғастырды. Халық “Барлығы майдан үшін! Барлығы Жеңіс үшін!” деген ұранмен өмір сүріп, еңбек етіп келгендіктен тыл еңбеккерлеріне деген құрмет те бұл күні ерекше еді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің де осы күні аттары аталып, аудандық әкімдік пен барлық ұйымдар мен мекемелер, дербес бөлімдердің қызметкерлері орталық алаңда орналасқан ескерткіш бастарына гүл шоқтарын қою рәсімі жүргізіліп, шейіт болған боздақтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Мерекелік митингте сөз алған аудан әкімі Нұрлан Сыдықов:

— Барша бесқарағайлықтарды Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Сонау Жер ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер — бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайық. Сондықтан да оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамақ емес. Керісінше, «тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек, — деп көпшілік алдында аға буынға деген өзінің ыстық ықыласын білдіріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, саяси, қоғамдық өміріне етене араласып жүрген бірқатар азаматтар мен азаматшаларға алғыс хатын тапсырды.

 

Осыдан соң жүзден артық оқушылардың қатысумен мерекеге жиналған қауымның назарына ұсынылған флешмоб көпшілік көңілін көтерсе, Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шеру болып өтті. Әскери шеруде сапты Ауған соғысының ардагерлері бастап, соңынан аудандық қорғаныс бөлімі, шекара қызметкерлері, өрт сөндіру бөлімі мен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, әскери міндеттегі медбикелер, Борас орта мектеп бақшасы және Үлкен Владимировка орта мектептерінің жас мектеп инспекторлары әскери киімде қаз-қатар сап түзеді. Содан соң асқақ армандары орындалмағанымен, балалары, немерелері, шөберелері батыр аталарының суреттерін ұстап, «Ерлігі өшпес батальон» атты шеруге қатысып, орындарынан тұрып, қошемет көрсеткен жерлестерінің ыстық ықыластарына бөленді. Бұдан кейінгі кезек кешегі қан майданда от пен оқтың ортасында күн кешіп, қыршыннан қиылған боздақтарымыздың ерлігін болашақ ұрпаққа жеткізер театрландырылған жеті тарихи көріністерге келіп жетті. Аудандық Мәдениет үйі әртістерінің сүйемелдеуімен әскери әуендер орындалып, әр көрініс көрермен жүрегіне жол тартты. Алғашқылардың бірі болып ортаға «Айналайын» балабақшасының ұжымы «Со-ғыстың тоғыстары» атты көрініспен шықса, өзге мекемелер мен бөлімдердің қатысуымен «Әлия Молдағұлова», «Отан Ана шақырады», «Рейхстагты жаулап алу», «Жеңіс күні» атты көріністер де кезекпен көрсетілді. Орталық алаңда басталған мереке бүгінгі бейбіт өмірде алаңсыз өмір сүрген жас ұрпақтың ақ көгершін мен шарларды ұшырып, барша бесқарағайлықтардың қосыла шырқаған «Жеңіс күні» әнімен қорытындыланды.

 

Мерекелік шара аяқталысымен орталық алаңға жиналған барша қауым, аудандық ипподромда Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған дәстүрлі ат жарысын тамашалауға жол тартты. Ал мерекелік кеш болса, орталық алаңда өткізілген «Өз алауыңды жақ» акциясымен әрі жастар орталығының жетек-шілігімен ұйымдастырылған мерекелік би ке-шімен, әсем отшашумен тәмамдалды.

Әсел ҚАСЫМҒОЖИНА,

«Семей таңы»

Связанные новости

В Семее проводится вакцинация против гриппа

20.10.2026
В Семее проводится вакцинация против гриппа

С октября 2026 года в городе Семее проводится вакцинация населения против сезонного гриппа. Об этом на брифинге в Региональной службе...

Читать далее ...

В области Абай число ДТП сократилось на 41%

19.10.2026
В области Абай число ДТП сократилось на 41%

В области Абай за отчетный период зарегистрировали 465 дорожно-транспортных происшествий. Это на 41% меньше по сравнению с аналогичным периодом прошлого...

Читать далее ...

Ответы на часто задаваемые вопросы для средств массовой информации

19.10.2026
Ответы на вопросы, часто задаваемые населением через информационную систему «е-Otinish»

Что делать, если выявлено завышение цен на социально значимые продовольственные товары (СЗПТ)? Социально значимые продовольственные товары (СЗПТ) — это основные...

Читать далее ...

Берик Асылов поздравил Еркина Габбасова с победой на Азиатских параиграх

19.10.2026
Берик Асылов поздравил Еркина Габбасова с победой на Азиатских параиграх

Председатель Казахстанской федерации спортивной стрельбы Берик Асылов поздравил казахстанского спортсмена Еркина Габбасова с завоеванием золотой медали на Азиатских параиграх в...

Читать далее ...

Проект, который популяризирует национальные ценности через игры

13.10.2026
Проект, который популяризирует национальные ценности через игры

Победитель гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары» в направлении «Креативная индустрия» Асхат Куандыкович Муханов разрабатывает интерактивный проект, который поможет детям изучать казахские традиции...

Читать далее ...

Астана это следующие Дубаи или Сингапур — заявил Баладжи Сринивасан на конференции в Сингапуре

12.10.2026
Астана это следующие Дубаи или Сингапур — заявил Баладжи Сринивасан на конференции в Сингапуре

А ещё он отметил, что Астана очень красивая, ухоженная и невероятно чистая, удивительная (amazing) - и это отзыв о нашей столице...

Читать далее ...

Новости

В Семее проводится вакцинация против гриппа

20 часов назад

В области Абай число ДТП сократилось на 41%

2 дня назад

Ответы на часто задаваемые вопросы для средств массовой информации

2 дня назад

Берик Асылов поздравил Еркина Габбасова с победой на Азиатских параиграх

2 дня назад

Проект, который популяризирует национальные ценности через игры

1 неделя назад

Астана это следующие Дубаи или Сингапур — заявил Баладжи Сринивасан на конференции в Сингапуре

1 неделя назад

В Казахстане увеличилось производство и экспорт риса

2 недели назад

В области Абай планируется реализовать 51 инвестиционный проект в сфере туризма

2 недели назад

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

2 недели назад

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС