Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢА БЕЛЕС БИІГІНДЕГІ БЕСҚАРАҒАЙ

19.05.2015
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қарағайлы өлке Бесқарағай ауданында болып, бірқатар әлеуметтік және ауылшаруашылық нысандарын аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аудан, негізінен, ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді. Астық, сүтті бағыттағы мал шаруашылығы, тұтыну тауарлары мен орман шаруашылығы өнімдері — өңірді өрістетіп отырған негізгі табыс көзі.

Облыс басшысы Бесқарағай ауданына жасаған сапарын алдымен мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру орталығының жұмысымен танысудан бастады. Аумақтық орталықта еңбек ететін елуге жуық қызметкер бүгінде аудан бойынша 260 адамға арнайы әлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі он сегіз жасқа дейінгі жеткіншектер, он сегізден асқан бірінші және екінші топтағы жүйке ауруларымен ауыратын жандар, сондай-ақ мүгедектер мен жалғызбасты қарттар бар. Бұл адамдарды дәрігерге апару, тамағын жеткізу, үй шаруасына көмек көрсету, мүгедек балаларды үйде оқыту – әлеуметтік қызметкерлердің басты міндеті. Бұған қоса психологиялық қызмет  көрсету де — орталықтың негізгі бағыттарының бірі.    Даниал Кенжетайұлын орталықтың жұмысымен таныстырған мекеме директоры Ғалия Байқадамова жеткіншектерді бір мезгіл тамақтандыру мәселесінің шешілгенін, жергілікті бюджеттен тиісінше қаражат та бөлініп отырғанын жеткізді. Бүгінде орталықта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі бөлім де қызмет жасайды. Оған әзірге он бес бала тартылған екен. Осы күндізгі бөлімде еңбек, ән, дене шынықтыру сабақтары өткізіліп, жеткіншектер қолөнермен, гүл өсірумен, бау-бақша жұмыстарымен шұғылданады. Бұл ретте аймақ басшысы Д.Ахметов мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытқаннан гөрі, Семей немесе Өскемен қаласынан арнайы пансионат ашып, осындай жеткіншектерді бір орында оқыту жолын қарастыру қажеттігін атап өтті.

 

{jcomments on}Одан кейін өңір басшысы аудан орталығындағы «Айналайын» балабақшасының жұмысымен  танысты. Жаңа балабақша 90 балаға арналған, олар 4 топқа бөлінеді. Бір қуантарлығы -өнегелі білім мен тәрбие ордасында қазақ балаларымен бірге орыс, неміс, татар балалары тек қазақ тілінде тәрбиеленуде. Әр топ заманауи технологиялармен жабдықталып, барлық қажетті жағдай жасалғанын өз көзімен көрген Даниал Кенжетайұлы  балабақша жұмысын жоғары бағалады. Айта кетуіміз керек, ауданда бүгінде балабақша кезегі жоқ.

 

Сонымен қатар Даниал Кенжетайұлы орталық аудандық ауруханасының материалдық-техникалық базасымен танысып, нау-қастармен жүздесті. Қазір бас ауырып, балтыры сыздаған ауыл халқы қалаға сабылмай, қажет медициналық көмекті жергілікті жерден алуға қол жеткізген. Аудандық ауруханада тәжірибелі дәрігерлер мен мамандар өз жұмыстарын сауатты да тиянақты атқаруда. Білікті де білімді кадрлармен қамтылған ауруханада ана мен бала денсаулығын қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Соның дәлелі — соңғы бірнеше жылда бірде-бір ана өлімі тіркелмеген екен. Ал туу көрсеткіші жылдан-жылға артып келеді.  Сонымен қатар бұл өңірде әлеуметтік   маңызы бар ауруды анықтау және олардың алдын алу шаралары да жүйелі жүргізіліп келеді.

Аймақ басшысы Бесқарағай аудандық ауруханасының жұмысына, ұжымның қызметіне оң бағасын берді. Халыққа қалт-қысыз қызмет көрсетуде аурухана алдағы уақытта да шаруаларын ширата түсуге тілектестік білдірді.

Облыс әкімі сонымен қатар Бесқарағай ауылындағы 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Орталық облыс бюджеті есебінен салынып жатыр. Құрылысты 1 маусымда аяқтау жоспарланып отыр. Құрылысы аяқталуға жақын кешенде бүгінде он бес адам жұмыс жасауда. Қазір сәулетті ғимараттың ішкі және ауласын абаттандыру жұмыстары ғана қалған. Аймақ басшысы мердігер кәсіпорын басшысына жұмысты тиянақты атқаруға тырысқандары аңғарылып тұрғанын айтып, енді кешеннің ауласын көгалдандыруға жіті назар аудару қажеттігін тапсырды.

Бұдан кейін аймақ басшысы Қарамырза ауылындағы Орман тұқымбағы және орман тұқымы станциясы кешені құрылысына арнайы барып, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Өртенген орманды қалпына келтіру бойынша осы шағын ауылда Дүниежүзілік банкінің «Орман қорын көбейту» жобасы жүзеге асырылуда. Яғни, орманшылардың талай жылдан бері армандап келген Орман тұқымбағы және тұқым станциясы кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Швеция технологиясымен қолға алынып, құрылысы 2013 жылдың қазан айында басталған кешен ағымдағы жылдың 30 мамырында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Станцияның жалпы аумағы 17 гектар жерге белгіленген. Бұл жобаға Дүниежүзілік банк 1 миллиард 300 миллион теңге көлемінде қомақты қаржы бөліпті.

Кешенде үш жылдай өсетін көшеттер арнайы тәсілмен жеті-сегіз айда жетілмек. Бұл жанған орманды екі есе жылдам, яғни 15 жылда қалпына келтіруге мүмкіндік беретін көрінеді. Кешеннің құрамында жылыжай, бүршік кептіретін орын, тұқым стансасы, жеке кеңсе, жылу қазандығы болады. Сонымен қатар  қосымша жұмыс орындары ашылмақ.

Жұмыс сапары соңында аймақ басшысы Бірлік ауылындағы ауылшаруашылық жәрмеңкесінде болып, «Балке» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Бесқарағай ауданына қарасты жүзге жуық шаруа қожалығы бар. Солардың бірі- Бірлік ауылындағы «Балке» шаруа қожалығы. 1995 жылы құрылған серіктестік көкөніс өсіру мен сүт өндіру бағытында жұмыс жасайды. Өңірдің экономикасына өзіндік үлес қосып келе жатқан шаруашылық бүгінде 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қожалық басшысы Оралбек Тоқашев кәсібін осыдан 20 жыл бұрын бастаған. Шаруашылық еншісінде 8000 гектар жер бар. Қожалық өткен жылы қазақтың 52 бас ақ бас сиыры мен 22 бас асыл тұқымды жылқы сатып алыпты. Бұл шаруасына қожалық мемлекет тарапынан 11 млн. теңге көлемінде субсидия алған.

Алдағы уақытта  шаруашылық ірі қараны жасанды ұрықтандыру жұмыстарын қолға алып, мемлекет қолдауымен ірі қараның азық-түлік базасын құруды жүзеге асырмақ. Бұған қоса шаруашылықты кеңейту мақсатында, жұмысшылар      санын көбейтіп, қосымша базалар салу жоспарлануда.

Іссапар барысында аймақ басшысы «Лана-2», «Стелла», «Мукинов», «Бестерек» сынды бірқатар шаруа қожалықтарының жұмыстарын көріп, олардың асыл тұқымды ірі қараларды өсіру, көкөністі тамшылатып суғару технологиясымен танысты. Даниал Кенжетайұлы өз кезегінде қазақтың ақ бас сиырының бәсекеге қабілеттілігін, оның ешбір асыл тұқымды ірі қарадан кем емес екенін, сондай-ақ сапалы ауылшаруашылық техникалары мен сапалы тұқым түрлерін алу керектігін атап өтті. Бұл тұрғыда ол жергілікті билік шаруаларға дұрыс бағыт беруде жұмыс жасау қажеттігін жеткізді. Өз кезегінде шаруа қожалықтарының жетекшілері мемлекеттен барынша көмек көрсетіліп келе жатқанын, шаруаларға тек мал басы мен егістік алқабын арттыру мақсатында аянбай еңбектену керектігін атап өтті.

Асан МЫРЗАХАНОВ,«Семей таңы»

 

Связанные новости

Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

08.04.2026
Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

Казахстан занял 18-е место в рейтинге Insider Global Education Index, набрав 0,092 балла и войдя в группу стран с устойчиво...

Читать далее ...

Грантов стало больше: в Казахстане стартовал набор в Академию госуправления

08.04.2026
Грантов стало больше: в Казахстане стартовал набор в Академию госуправления

Приемная кампания в Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан началась 1 апреля и продлится до 1 июня. В этом...

Читать далее ...

Казахстан и Кыргызстан укрепляют взаимодействие в сфере ЧС

08.04.2026
Казахстан и Кыргызстан укрепляют взаимодействие в сфере ЧС

На базе Центра по чрезвычайным ситуациям и снижению риска стихийных бедствий состоялось восемнадцатое заседание Совета Центра под председательством казахстанской стороны....

Читать далее ...

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

08.04.2026
Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

Заместитель Премьер-министра – Министр культуры и информации РК Аида Балаева и министр туризма и спорта Ербол Мырзабосынов проверили готовность туристических...

Читать далее ...

В области Абай обсудили меры по обеспечению защищенности культовых сооружений

08.04.2026
В области Абай обсудили меры по обеспечению защищенности культовых сооружений

В области Абай усилена работа по обеспечению защищенности культовых сооружений, отнесенных к террористически уязвимым объектам. Очередная рабочая встреча собрала собственников...

Читать далее ...

В области Абай вынесено судебное постановление за неустранение выявленных недостатков при ремонте балкона

08.04.2026
В области Абай вынесено судебное постановление за неустранение выявленных недостатков при ремонте балкона

Согласно пункту 4 статьи 35 Закону Республики Казахстан «О защите прав потребителей», недостатки работы (услуги), обнаруженные в ходе ее выполнения...

Читать далее ...

Новости

Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

4 часа назад

Грантов стало больше: в Казахстане стартовал набор в Академию госуправления

6 часов назад

Казахстан и Кыргызстан укрепляют взаимодействие в сфере ЧС

6 часов назад

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

6 часов назад

В области Абай обсудили меры по обеспечению защищенности культовых сооружений

12 часов назад

В области Абай вынесено судебное постановление за неустранение выявленных недостатков при ремонте балкона

12 часов назад

В районе Жанасемей продолжается работа по обеспечению жильём

12 часов назад

В районе Жанасемей поэтапно обновляется система водоснабжения

12 часов назад

В районе Жанасемей усилили освещение улиц и благоустройство

12 часов назад

Казахстан стал лидером в Центральной Азии по ВВП на душу населения, обогнав Россию и Китай

13 часов назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС