Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Дүйсенғазы МУСИН: ШЕКАРАМЫЗДЫҢ ШЕТІН ЖАЛАҢАШ ҚАЛДЫРУҒА БОЛМАЙДЫ

02.11.2018
FacebookWhatsappTelegram

Егемендікке қол жеткізгеннен кейінгі Елбасының ең бірінші қолға алған мәселесі шекараны шегендеп, халықаралық келісімшарттарды мықтап бекітіп алу болған еді. Ол заңды да. Өйткені сырттан келетін шетелдіктер ең алдымен қарсы алдынан шығатын шекаралық ауылдар арқылы Қазақстан деген елмен танысады. Сол ауылдарға қарап, еліміз туралы алғашқы пікірі қалыптасады. Ендеше, бүгінгі дүрбелеңге толы дүниеде шекаралық ауылдар жағдайы, ел шетіне халықты тұрақтандыру мен шоғырландыру — мемлекеттік деңгейде назар аударуды қажет ететін мәселе. Өкінішке орай, даладан қалаға қоныс аударып жатқандардың басым бөлігі — осы шекара маңындағы ауыл тұрғындары. Шекара маңының жалаңаштанып қалуына жол беруге болмайтындығы аз айтылып жүрген жоқ…

Таяуда аймағымызда болып, шекаралық аудандарды аралап қайтқан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусинмен осы тақырыпта сұхбаттасудың сәті түскен еді.

— Дүйсенғазы Мағауяұлы, шека-ралық аймақтарымызды дамыту үшін жан-жақты ойластырылған, тұрғындарды мемлекеттік тұрғыдан қолдайтын арнайы бағдарлама қажеттігі жайлы көптен айтылып жүр ғой… Заң шығарушы органның өкілі ретінде әңгімені осы мәселеден бастасақ...

— Шығыс Қазақстан облысы — еліміздің ең үлкен шекаралық аймақтарының бірі. Шекараның қауіпсіздігі — қай мемлекет үшін де маңызды мәселе. Ал кең-байтақ жеріміз бен татулығы жарасқан елімізге сырттан сынай көз тастап отырғандарға шекара маңының жалаңаш қалғанын көрсетуге болмайды. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар мүлде жоқ деп айтуға болмас.

«Қазақстан — 2050» Стратегиясында Елбасының шекаралық аумақтар мәселесін нақты шешуді ерекше тапсырғаны баршамызға мәлім.

Дегенмен, шекаралық аймақтарда орналасқан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатындағы бірқатар маңызды мәселелер өз шешімін әлі де күтуде. Соңғы жылдары Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан шекара маңындағы ауылдар мәселесі аз көтеріліп жатқан жоқ.

Осыдан бір жыл бұрын Парламент Сенатында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті мүшелері шекарамен шектес аймақтардың бүгінгі жағдайын талқылап, оларды шешу үшін қажетті заңнамалық негіз бағыттарында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа сауал жолдаған болатын. Ағымдағы жылдың тамыз айында өңірлерде болған іссапарымыз барысында Марқакөл мен Үлкен Нарын өңірінің тұрғындары (мемлекет тарапынан шешіліп жатқан жұмыстарды айта отырып) қордаланған мәселелерді көтерген еді.

Әрине, шекара шебіндегі елді мекендердегі миграцияның жағымсыз сальдосына әлемде үрдіске айналған урбанизация, мобильді байланыс пен интернет жұмысы сапасының төмендігі және заманауи коммуникациямен қамту факторларының әсері де аз еместігі баршамызға түсінікті. Шекаралық ауылдардан халықтың көшіп кетуінің тағы бір себебі және ең бастысы деп айтуға болады – инфрақұрылымдардың дұрыс жолға қойылмауы, жұмыссыздық, мектептердің жабылуы болып отыр. Шекарамыз мықты шегеленгенімен, жақын орналасқан елді мекендердің қаңырап бос қалуы, халық санының азайып бара жатқаны көңілде алаңдаушылық туғызады.

— Шекаралық  ауылдардағы халықтың жағдайы туралы, елді мекендердің иесіз қалуына тікелей әсер ететін факторлар туралы таяуда өзіңіздің Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдағаныңызды білеміз.

— Иә, Тәуелсіздік алғаннан бері шекаралық ауылдардағы мектептер жабылып, халық саны жылдан-жылға қатты кеміп бара жатқанын байқаймыз. Таяуда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа осы мәселелерге байланысты менің тарапымнан депутаттық сауал жолданды. Депутаттық сауал жолдауыма Шығыс Қазақстан облысының шекара маңында орналасқан Күршім және Катонқарағай аудандарында ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативі туралы» №1256 қаулысын орындау барысында  халық саны аз ауылдық елді мекендерде мектептердің жабылуы себеп болды. Бұл жалғыз аталған аудандардағы ғана жағдай емес, еліміздің көптеген шекаралық аймақтарына да тән екені даусыз.

Алаңдатарлық статистикалық деректер аз емес. Мәселен, Ресеймен 245, Қытай Халық Республикасымен 45 шақырым бойы шектесетін Катонқарағай ауданы халқының саны соңғы 20 жылда 29 мыңға азайған, 6 ауыл елді мекен мәртебесінен айырылған, 48 елді мекеннің 17-де ұялы телефон байланысы жоқ, сапалы интернет желісі тек аудан орталығында ғана жұмыс істеуде. Осы мерзім ішінде оқушы саны 9261 — ден 3518 балаға дейін азайып, 15 мектеп жабылған.

Сондай-ақ Қытаймен 300 шақырымдай шектесіп жатқан Күршім ауданының 49 елді мекенінің 11-і шекарадан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Соңғы 20 жылда тек Марқакөлдегі халықтың саны екі есеге азайған.

Келтірілген деректерге үңіле отырып, халықтың көшуін тоқтату шараларын қолға алмасақ, шекара маңы таяу жылдары иесіз мекенге айналуы мүмкін деген қауіп бар. Сондықтан бұл үдірісті тоқтату шараларын барынша жеделдету қажет. Елді мекендерді сақтап, жабылу жағдайында тұрған ауылдарға халықты көптеп қоныстандыру бүгінгі таңда стратегиялық маңызы бар мәселе болып табылады.

Шекара шебінде қалыптасқан осы жағдайға терең мән бере отырып, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті жуырда Күршім ауданында өткен көшпелі отырыста шекаралық аймақтарға тән түйінді мәселелер қатарында қысқартылып жатқан мектептер жайын да қозғады.

Бұл орайда Бақытжан Әбдірұлы біздің ұсынысымызды қолдап, тиісті мемлекеттік органдарға сәйкесінше тапсырма береді деген үміттемін.

— Дүйсенғазы Мағауяұлы, елді мекендердің болашағы жоқ ауылдар санатына қосылуының басты себебі мектептердің жабылуынан екендігін жоғарыда айтып кеттік. Шығыс Қазақстан облысы бойынша алсақ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, яғни 1997-2011 жылдар аралығында ғана шекаралық  аудандардағы 45 елді мекен еліміздің картасынан жойылып, 20-дан астам мектеп жұмысын тоқтатқан. Бұл деректердің артында қанша адам тағдыры жатыр… 2012 жылға дейінгі дерекке қарағанда, 15 жыл ішінде шекаралық Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Үржар аудандарынан 85,1 мың адам көшіп кеткен. Мектеп оқушыларының саны тиісті мөлшерден азайып кеткені жиі байқалып отыр. Осы орайда шекаралық аудандар үшін арнайы заң қабылдап, мектеп оқушыларының тиісті шекті мөлшерін кемітуді қолға алу керек сияқты.

— Мектеп санын қысқарту туралы мәселені, жалпы, шекара аймағындағы проблемаларды кешенді түрде шешу арқылы қарастырған дұрыс деп ойлаймыз.

Бұл бағытта ШҚО басшылығы да арнайы жоспар жасап, Үкіметке бірқатар ұсыныстарын жолдаған.

Жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты, Білім және ғылым министрлігі тарапынан білім беру ұйымдары желісінің нормативіне, негізгі және орта мектептердің қызмет етуі үшін, норманы төмендетуге қатысты өзгерістер енгізуді, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы №1289 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014 — 2020 жылдарға арналған шаралар кешені аясында мектептерді қолдау, олардың жабылуын тоқтатуға бағытталған өзгерістер, нақты іс-шаралар қарастырылып, оңтайлы шешімдер қабылдануы қажет деп есептейміз және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған сауалда осы ұсыныс айтылды.

Сонымен қатар, Елбасының кезекті Жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында, шекара аймағындағы мектептер мәселесі елді мекендерді дамыту жоспарларымен ұштастырылып, әзірленетін Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі прагматикалық бағдарламасында және Еліміздің 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасында арнайы шаралар кешені ретінде ерекше орын алуы қажет деп санаймыз.

— Елулікті еңсердік, енді отыз елдің ортасына енеміз деп жатқан уақытта осы шекаралық аудандарды қайта қалпына келтіру күн тәртібіне сұранып тұр емес пе?

— Әрине, бұл орайда елімізде мүлде жұмыс жүргізілмей жатыр деп айтуға болмас. Мысалы, жоғары оқу орындарына арналған Үкіметтің «Серпін» жобасы ішкі көші-қон қозғалысына сенімді  серпін беріп жатқанын байқаймыз. Шекаралық ауылдарда жұмыс орындарын көптеп ашу – кезек күттірмейтін іс. Сондай-ақ дәрігерлік қызмет, бюджеттік қызметкерлер жалақысына  үстеме төлеу, кәсіппен айналысуға талап қылғандарға салықтық жеңілдік жасау, жас мамандардың шекаралық алыс ауылдарға  барып, тұрақтап қалуы үшін түрлі жеңілдіктер қолға алынуы тиіс деп есептеймін.

Яғни, шекарадағы ауылдардың жағдайын жақсарту ұлттық қауіпсіздік кепілі екенін естен шығармағанымыз дұрыс. Сондықтан шекаралық аудандар үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдануы керек дегенге қосыламын және өз өкілеттігімнің шеңберінде аталған мәселемен белсенді айналысу қажет деп ойлаймын. Ел шекарасын күзету тек әскерлердің ғана емес, сол шекараны мекен етіп жатқан ауыл тұрғындардың да қолында. Ендеше, шекарамыздың шетін жалаңаштауға жол бермеу егемендігін алған ел үшін аса маңызды.

— Әңгімеңізге рақмет, Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Сұхбаттасқан Риза МОЛДАШЕВА

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

5 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

5 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

6 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

7 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

7 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

7 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

1 неделя назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

2 недели назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС