Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«МЕН АБАЙДЫ ОҚИ-ОҚИ «УЛАНЫП» ҚАЛҒАН АДАММЫН…»

12.02.2019
FacebookWhatsappTelegram

Республиканың шығыс аймағында – Семей өңірінде, оның ауыл-аймақтарында жазушы, сыншы-ғалым абайтанушы аяулы досым Төкен Ибрагимовтың есімін білмейтіндер кемде-кем.

Төкеннің барлық азаматтық саналы өмірі ұлылар дүниеге келген қасиетті туған өлкеміз Семей жерімен, халқымыздың мақтанышы, классикалық қазақ әдебиетінің алып тұлғасы Абайдың атымен тығыз байланысты. Оның әдебиет саласындағы қалам тартқан ауқымды шығармаларын, музыка саласына да нота тербеткен ән-күйлерін, ақындығын айтпағанда, Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайын 33 жыл басқарғаны – аңыз қылып айтарлық еңбек.

Қара сөздің ақпа шебері Төкен Ибрагимов мұражайдың бағына біткен шынайы шығармашылық тұрғыдағы біртуар білікті басшы болды. Абай есімін қарадүрсін құр мақтап қана қоймай, оның өлмес рухани құндылықтарын – философиялық, әдеби-поэтикалық баға жетпес бай мұрасын жалықпай өмір бойы насихаттап, дәріптеп кетті. Осы жылдар ішінде Абай арқылы өзінің де Төкен Ибрагимов деген дүбірлі аты жалпақ елге жайылған Қазақстанның зиялы қауымына, әдеби жұртшылығына кеңінен танымал қайраткер тұлға болып қалыптасқаны да күмәнсіз шындық. Аяулы досым, замандасым, жерлесім, жағы талмай сұлу сөздің майын тамызатын тілі буынсыз шешенім, аңқылдаған қайран Төкеніміз де бүгін арамызда жоқ!

1976 жылы Абай музейіне келгенде ондағы жәдігерлер саны жұтаң, 3,5 мыңдай ғана болған екен. Ал Төкең директорлық еткен 33 жылда құнды ескерткіштердің саны 20 мыңға жетіп жығылған. Абайға қатысты бір нақты дерек, затты дерек табыла қалса, елеңдеп, естіген бойда іздеп барып, барған жерінен қымбатты жәдігерді қоярда-қоймай қалап алып қайтатын. Өзі үшін емес, Абай мұрасы, оның аруағы, халқымыздың кейінгі ұрпаққа үлгі-тәрбие болатын құндылықтары үшін төрдегі басын жерге иетін фанат еді марқұм. Небір алпауыт азаматтардың атақ — дәрежесі, мансабына қарамай, «Әй, осы сен не білесің?!» немесе «Ой, сен түк білмейді екенсің!» деп «көңілін қалдырып, өзіне «дұшпан» етіп алатын даңғаза бағасының ақиқаты да бар болатын. Себебі Төкен секілді Абайды тереңнен бойлап оқып, беріліп зерттеп, Абайды, оның шығармашылығын шын сүйген Төкенмен терезесі тең тұлға шындығында кемде-кем екендігін қасында жүрген біздер білетінбіз. Қай отырыста болмасын, Абайсыз сөйлеп, Абайсыз ас ішпейтін Төкен ақынның даңқты мұрасына мейлінше адал еді.

Көзі тірісінде Абай мұрасын зерттеуге, жазбаша да, ауызша да іскерлікті насихаттауға қосқан өлшеусіз еңбектері үшін бұйырған лайықты бағасын да алды. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының Семейдегі бөлімінің төрағасы болған абайтанушы ардақты Төкеңе «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы да тегін берілген жоқ. Абай мұрасы, Абай есіміне қатысты барлық әдеби-мәдени, ғылыми тағылымды іс-шараларға тұяғы мұқалмайтын қара жорғадай шапқылап жүретін боздағымыз азды-көпті марапат, сый-сияпаттарды маңдай терімен, еңбегімен алған тұлға болатын.

Жалпақ жұрттың алдында сағаттар бойы бір сөзді он синониммен сырлап, нақтылап, жалықпай ағызып сөйлеуге бар Төкен досымыз ойын-той, отбасылық қызықтарымыздың да әдеби ақпараттардың темір қазығындай отырыстарымызды қыздырған сәні болатын. «Жеті шал, бір кемпір» деген тобымыздың гимніне айналған әннің сөзінің авторы еді (музыкасын жазған — Жамбыл досымыз).

Алдымен Абай мұрасын жалықпай дәріптеуші деген атқа лайық болып, білімділік, қара сөздің қайтпас шебері, зиялылық, турашылдық тұрпатымен қай кезде де замандастарынан биік тұрды. Сән-салтанатты өмірді, байлық пен мансапты мұрат тұтпаған Төкен ұлттық құндылықтарымыздың асқар шыңы хакім Абайды, оның даналық мұрасын ғана насихаттауды мұрат тұтты. Өмірдің рухани рақатын содан алды. Басқа дүниауи тірлікке қызыққан жоқ.

Ұлыларды ұлықтау – ұлдарының парызы. Ақпа тілді оратор Төкен Ибрагимов — Абайдай ұлыны шын мәнісінде тиісті деңгейде адалдықпен ұлықтап өткен арда ұлдардың бірі. Қазақтың тамаша ақын қызы Фариза Оңғарсынова ЮНЕСКО деңгейінде өткен Абайдың 150 жылдық мерейтойында: «Тобықтының туын көтерген Төкен, мұражайды мінсіз мұрағаттап, Абайды әлемге паш еткен Төкен!»- деп риза болғаны есімізде. Ал атақты композитор Еркеғали Рахмадиев: «Ауыздыға сөз бермей, тоқтамай сөйлейтін сөзіңе қарағанда сенбеп едім, апыр-ай, айтқаныңның бәрі рас екен ғой!»- депті Абай мұражайын көргенде, ақынға және оның айналасына қатысты әрбір шежірені Абаймен бірге жүріп, бірге тұрғандай төгілтіп әңгімелей білетін Төкеңнің еңбегіне риза болып. Аяулы досымыз, зиялы замандасымыз, абайтану ғылымының практикалық танымал қайраткері марқұм Төкен Ибрагимов шығармашылық уағызды ерен еңбегімен талайларды осылайша тамсандырды.

Осы тұста Абай мұражайының бүгінгі директоры Төкен сынды төредей қайраткердің жасап кеткен жасампаз істерін салиқалы сабақтастықпен жалғастыстырып келе жатқан, оны ақтық сапарға шығарып салғанда атқарылатын рәсімнің барлығын жаны қалмай ойдағыдай өткізген алтындай азамат, зиялы да білімді жақсы ініміз Болат Жүнісбекұлына үлкен ризашылығымды білдіре отырып, марқұмның жылдық асында оған мынадай қолқа салдым.

Абай мұражайына қара нардай қажырлылықпен, қайыспай зор еңбек сіңіріп, өмірін сарп еткен нар тұлға Төкен Ибрагимовтың ескерткіш тақтасын келешекте тура мұражайдың көрнекі ауласына орнатылса. Бұл ұсыныс жүзеге асса, кейінгі ұрпақтың ұлыларды ұлықтауының ұлағаты, нақты дәлелі болар еді. «Әй, Төкеннің бейнесі Абай мұражайының алдында неге тұр?!»- деп бірде-бір адамның сөкпейтіндігіне, бұл құрметті көпсінбейтіндігіне кепілдік берер едім. Себебі Төкен де, Абай сүрген ғасырда өмір сүрмесе де, ақын сөзін қасиетті Құран сөзіндей қастерлеп, насихаттап өткен «Абай айналасындағы» танымал тұлғалардың қатарында тұрған даралардың бірі. Азаматтық абыройға сын осы шара жүзеге асса, ұлылардың ұлысы Абайдың да, дарқан тұлғалы Төкеннің де аруағы — рухы риза болар еді… Оның ескерткіші ол тұрған көшеде қарауытып тұрғаннан гөрі өзінің күллі мағыналы өмірін арнаған мұражайдың алдында тұрғаны жарасады!

Бүгінде өмірде жоқ, орны опырайып тұрған Төкен досымыздың қайтпас ұлы сапарға аттанғанына көзді ашып-жұмғанша 2 жылдай уақыт өтті. Аңқылдаған асыл азамат туралы айтар естеліктер көп, оның барлығын шағын қағаз бетіне сыйдыру мүмкін емес… Бірақ оның бейнесі – санамыздан өшпейтін, ойымыздан кетпейтін, жүрегімізде жатталып қалған жарқын бейненің бірі!

Белгілі жазушы, сыншы, әдебиет пен өнер зерттеушісі, абайтанушы ғалым Ибрагимов Төкен Смайылұлы, адал жолдас, біртуар асыл азамат, аяулы досым тірі болса, осы жылдың 15-ші ақпанында 80 деген сеңгір жасқа келіп, ағыл — тегіл сый-құрметке бөленіп, ақ тілектер мен ат-шапанға, мерейлі марапаттарға қарқ болып, кәрі қыранымыз төредей болып төрде отыратын еді. Өзіне арналған мерейлі жиынның өзіне сөз арасында «Абайдың тұла бойы  тұнып тұрған мұң»,- деп өз қуанышы мен мұңын ұмытып, әңгімесін тағы да ақынның асыл арнасына бұрып жіберетініне кәміл сенімдімін.  Себебі Төкен өзі айтқандай, «Мен Абайды оқи-оқи уланып қалған адаммын…». Ақиқатында солай еді. Өлілер ұмытылып, тіріге де зымырап жатқан уақыт сағымында абайшыл қайраткер Төкеннің жарқын бейнесі жүректерде мәдени мұрағаттай мәңгілік сақталады.

Нәдірбек ӘПСӘЛӘМОВ,

экономика ғылымдарының докторы, профессор.{jcomments off}

Связанные новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Перераспределение ролей в новой политической системе

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

В условиях трансформации политической модели и появления новых институциональных элементов, включая должность вице-президента, происходит функциональная перестройка системы государственного управления. В...

Читать далее ...

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

А.Дадебай рассматривается как одно из доверенных лиц Главы государства, что придает его назначению дополнительный политический вес. В этом контексте формирование...

Читать далее ...

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Принятие Новой Конституции обозначает завершение этапа политического транзита и окончательное закрепление отхода от прежней модели общественно-политического устройства. В этой связи...

Читать далее ...

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Назначение А.Дадебая председателем партии выстроено в логике институциональной преемственности реформ. С учетом того, что инициатива конституционных преобразований исходила от Главы...

Читать далее ...

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Создание партии Adilet логически вытекает из институциональных изменений, связанных с принятием Новой Конституции. Ядром новой политической силы выступают члены Конституционной...

Читать далее ...

Новости

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

19 часов назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

19 часов назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

19 часов назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

19 часов назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

19 часов назад

Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

19 часов назад

В области Абай летние оздоровительные лагеря находятся под строгим санитарным контролем

2 дня назад

Глава государства вручил награду сыну «Халық қаһарманы» Кенжебая Маденова

2 дня назад

Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания силовикам

2 дня назад

Токаев: Наша страна может в полной мере полагаться на мощь Вооруженных сил

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС