Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЫЛДЫ ЖЕМІСТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

13.12.2013
ЖЫЛДЫ ЖЕМІСТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
FacebookWhatsappTelegram

Өткен сейсенбіде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс бабымен Тарбағатай ауданында болды. Аудандағы тірек ауылдарының бірі болып саналатын Жәнтікей ауылына ат басын тіреген облыс басшысы осындағы жоғары білімді маман Жаннұр Төлендина ұйымдастырып, 11 адамды жұмыспен қамтамасыз еткен, 22 балалық «Айгерім» жеке меншік балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. Сонымен қатар облыс әкімі осы ауылдағы жеке кәсіпкер Бақытбек Ожаевтің тауық фермасында болып, ондағы жұмыс жағдайларымен танысты.

Хамза СӘТИЕВ,

“Семей таңы”.

 

Екпін ауылындағы кәсіпкер азамат  Болат Қойбағаров ұйымдастырған 50 балалық «Балбөбек», Ақсуат ауылындағы жеке кәсіпкер Қализада Олжас  ашқан 50 балалық «Ақбота», Ақжар ауылындағы іскер азаматтардың бірі-Серік Ибраев ашқан «Айгөлек» жеке меншік балалар бақшасының пайдалануға берілу сәтіндегі қуаныштарына да облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ортақтасып, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу тұжырымдамаларына сай «Балбөбек» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысып жатқан іскер азамат-тарға ризашылық сезімін білдірді.

 

Облыс әкімінің Тарбағатай ауданы активімен Ақсуатта өткізген жиыны биыл-ғы шаруашылық жылын табысты қорытындылау, жыл аяғына дейінгі қалған уақытты тиімді пайдалану мәселелеріне арналды. Елбасы алға қойған тапсырмаларды орындау жолында облыс бо-йынша атқарылып жатқан жұмыстарға, экономикалық-әлеуметтік салалардағы жетістіктерге жан-жақты тоқталған өңір басшысы ортақ іске тарбағатайлықтардың да айта қаларлықтай үлес қосып отырғанын атап көрсетті.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы биылғы жылдың жетістіктері, жылды қорытындылау болжамдары Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаевтың жасаған баяндамасында кеңінен көрініс тапты. Аудан бойынша жоспарлы істердің негізгі көрсеткіштері орындалғанмен, өнеркәсіп, инвестиция тарту салаларының көңілдегідей болмай отырғаны айтылғанда облыс әкімі ескерту жасап, инвестиция мәселесіне дұрыс есеп жүргізілмей отырғанын сынады.   Мысалы, біреу өз қаражатына үй тұрғызса, қымбат көлік сатып алса, ол да ауылға келген инвестиция. Демек, қолда барды есепке алып, көрсете білсе, бұл саланың да өз жетістіктері айқындалатыны мәлім болды.

Жиынды қорытындылай сөйлеген сөзінде облыс әкімі Елбасы тапсырмаларын орындау, ол үшін ең алдымен өндірісті дамыту, аудан жағдайында мал басын өсіру мен мал тұқымын асылдандыру, суармалы егістіктің көлемін көбейту, шағын және орта бизнеске кең жол ашу, «Жұмыспен қамту-2020» бағдар-ламасы туғызып отырған мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін де баса айтты.   Биылғы жылға жоспарланған құрылыс-тарды жыл аяғына дейін толықтай бітіру, мал сатып алып өсіру үшін жеке азаматтар мемлекеттен алған несие ақшаның қайтарылымын қадағалау, мектептердегі жас ұрпаққа білім берудің сапасын арттыру, шәкірттерге ыстық тамақ, бал мен сүт беру, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалап, қылмыстың алдын алу жөніндегі міндеттерге де өңір басшысы  кеңінен тоқталды.

Іскерлік жұмыс сапары аясында облыс әкімі Ақсуаттағы және Ақжардағы арнайы ашылған ардагерлер үйлеріне баруға да уақыт тауып, аға ұрпақ өкілдерімен жүздесті, пікірлесті. Аудан басшысының ақ сақалды ел ағаларымен, өмір көрген тұлғалармен тіл табысып, олардың арыз-армандарын ескеріп, ақыл-кеңестерін тыңдап, ынтымақта жұмыс жүргізіп отырғанын жақсылықтың нышаны ретінде бағалайтынын айтты

Связанные новости

В области Абай проходят масштабные торговые акции ко Дню Республики

22.10.2026
В области Абай проходят масштабные торговые акции ко Дню Республики

В преддверии Дня Республики у жителей области Абай появилась возможность совершать покупки на выгодных условиях. С 17 по 27 октября...

Читать далее ...

В Семее проводится вакцинация против гриппа

20.10.2026
В Семее проводится вакцинация против гриппа

С октября 2026 года в городе Семее проводится вакцинация населения против сезонного гриппа. Об этом на брифинге в Региональной службе...

Читать далее ...

В области Абай число ДТП сократилось на 41%

19.10.2026
В области Абай число ДТП сократилось на 41%

В области Абай за отчетный период зарегистрировали 465 дорожно-транспортных происшествий. Это на 41% меньше по сравнению с аналогичным периодом прошлого...

Читать далее ...

Ответы на часто задаваемые вопросы для средств массовой информации

19.10.2026
Ответы на вопросы, часто задаваемые населением через информационную систему «е-Otinish»

Что делать, если выявлено завышение цен на социально значимые продовольственные товары (СЗПТ)? Социально значимые продовольственные товары (СЗПТ) — это основные...

Читать далее ...

Берик Асылов поздравил Еркина Габбасова с победой на Азиатских параиграх

19.10.2026
Берик Асылов поздравил Еркина Габбасова с победой на Азиатских параиграх

Председатель Казахстанской федерации спортивной стрельбы Берик Асылов поздравил казахстанского спортсмена Еркина Габбасова с завоеванием золотой медали на Азиатских параиграх в...

Читать далее ...

Проект, который популяризирует национальные ценности через игры

13.10.2026
Проект, который популяризирует национальные ценности через игры

Победитель гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары» в направлении «Креативная индустрия» Асхат Куандыкович Муханов разрабатывает интерактивный проект, который поможет детям изучать казахские традиции...

Читать далее ...

Новости

В области Абай проходят масштабные торговые акции ко Дню Республики

11 часов назад

В Семее проводится вакцинация против гриппа

2 дня назад

В области Абай число ДТП сократилось на 41%

4 дня назад

Ответы на часто задаваемые вопросы для средств массовой информации

4 дня назад

Берик Асылов поздравил Еркина Габбасова с победой на Азиатских параиграх

4 дня назад

Проект, который популяризирует национальные ценности через игры

1 неделя назад

Астана это следующие Дубаи или Сингапур — заявил Баладжи Сринивасан на конференции в Сингапуре

1 неделя назад

В Казахстане увеличилось производство и экспорт риса

2 недели назад

В области Абай планируется реализовать 51 инвестиционный проект в сфере туризма

2 недели назад

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС