Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Еліміздің сот реформалары жалғасуда

13.12.2013
FacebookWhatsappTelegram

Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасы серпінді дамып, Елбасының бастамасымен Сарыарқа  өңірінде сәулетті Астана салынды. Еліміз егеменді ел болғаннан бері дербес сот билігі қалыптасты.

Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сабырлы да салиқалы  саясаты азаматтық қоғам институттарының қалыптасуын қамтамасыз етіп, сот саласындағы реформалардың дамуына үлкен ықпал етті.

 

1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкілхалықтық дауыспен қабылданып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің мүлтіксіз қорғалуының, қоғамда саяси тұрақтылықтың сақталуының, еліміздің әлеуметтік және экономикалық әлеуеті өсуінің заңды кепіліне айналды.

 

2000 жылдың 25 желтоқсанында «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңы қабылданып, тәуелсіз елімізде сот-құқықтық реформасы одан әрі жетілдірілді. Аталған конституциялық заң, сот саласындағы құқықтық реформа шеңберіне үлкен серпін берді. Судьялардың құқықтық мәртебесі көтеріліп, олардың сот төрелігін жүзеге асыруда тәуелсіздігі нығайтылды. Жергілікті судьялар Президенттің Жарлығымен тағайындалды,ол судьялардың мәртебесін жоғарылатып,сот төрелігін жүзеге асыруда тәуелсіздіктің нығаюына жол берді. Соттар материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасы судьяларының съездерінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев үнемі қатысып сөз сөйлеп, сот жүйесіндегі елеулі өзгерістерге тоқталып, мәселелерді көтеріп, басымдылықты тапсырмаларды анықтайды. Мемлекет басшысының судьялардың съезіне қатысуынан оның сот реформаларын алға жылжыту жолдарын белгілеуге ат салысатынын және оның сот жүйесіне аса назар аударатынын көруге болады. Бұл маңызды қоғамдық-саяси шараға мемлекеттік орган басшылары, көптеген отандық және шетелдік делегациялардың өкілдері қатысады. Форумға қатысушылар сот жүйесі үшін маңызды шешімдерді қабылдайды, жалпы сот жүйесін одан әрі дамыту мақсатында стратегиялық маңызды мәселелерді қарайды. Судьялар съезі мемлекеттегі сот қызметінің жандануына әсерін тигізіп, Президенттің жаңа тапсырмалары судьялардың қызметін жетілдіруге ықпал етеді. 2013 жылдың 20 қарашасында өткен судьялардың кезекті YI съезінде Елбасы сот жүйесінің алдағы уақытта дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді.

Тәуелсіз еліміздің сот реформасы жалғасып, өз жемісін беріп, қылмыстық сот ісін жүргізу тәжірибесіне алқабилер институты енгізілді, барлық облыстарда мамандандырылған ауданаралық экономикалық, әкімшілік, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі және мамандандырылған қылмыстық істер бойынша соттар толық құрылып, жұмыс істеуде. Айыпталушыға, сезіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу,тек соттың санкция беруімен ғана қолданылатын болды.

Қазақстан — ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып, кәмелетке толмағандар үшін мамандандырылған жүйе – жасөспірімдердің әділ сотын енгізе бастады.

Елімізде қылмыстық сот төрелігі жүйесінде кәмелетке толмағандармен жұмыс әдістерін өзгерту мақсатында 2001 жылдан бері «Қазақстандағы жасөспірімдер сот әділдігі» жобасының ынта білдіруі бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның мақсаттары, міндеттері мен ұстанымдары белгіленген.

2005 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы соттарының VI съезінде алғаш рет Елбасы елде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандарылған соттар құру міндетін қойды. Сонымен, 2007 жылғы 23 тамызда «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құру туралы» №385 Жарлыққа қол қойылды. Жарлықтың      І-ші тармағында Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қылмыстық істерді, кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және олардың мүдделеріне қатысты азаматтық істерді қарауға уәкілетті кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құру қарастырылған.

Мамандандырылған (жасөспірімдер) соттардың оңды қызмет тәжірибесін тарату үшін оларды республиканың барлық аумақтарында құру мәселесі зерделенген.

Біздің сот «Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты» деп аталады және ол Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында орналасқан.

Семей қаласындағы ювеналдық соттың аумақтық заң құзыретіне әкімшілік-аумақтық шекара шегі: Абай, Аякөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті,Үржар аудандары Курчатов және Семей қалалары болып белгіленген.

Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырыл-ған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімі негізінде 2012 жылғы 2 шілдеде ресми түрде өз жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 4 ақпанындағы №226 «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгертулер енгізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында 2012 жылы кәмелетке толмағандардың істері жөнінде 16 сот құрылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің осы Жарлығына сәйкес, 2012 жылы Республикада кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, атап айтқанда: №1 және №2 Алматы облысында, №1 және №2 Шығыс Қазақстан облысында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызыл-орда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында құрылды.

Жаңа құрылған соттардың заң құзыретіне тиісті облыстардың аумағы шегіндегі ҚІЖК-ның 290-1 бабында, АІЖК-ның 30- бабында және Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 541-бабында көзделген істер санаты жатады.

«Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  деген Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және  мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс» делінген.Сондықтан ювеналдық соттың негізгі мақсаттарының бірі- кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау болып табылады және жазалау тұрғысынан тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттілік болып табылады, яғни, оны қылмыстық әрекеттен алшақтату, ол қоғам үшін де пайдалы.

Бүгінде барлық жерде жаңа ақпараттық технологиялар енгізіліп жатқанда, сотта ҚР СО БААТЖ (Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық- талдау жүйесі) іс жүргізудің автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді, тәжірибеге жаңа және қолданыстағы технологиялар енгізілуде, «Скайп» бағдарламасымен бейнеконференция жүйесі қолданылады, Интернет жүйесін пайдалану ар-қылы сотқа арыздану мүмкін болды, «электронды үкімет» www.egov.kz. порталы арқылы келіп түсетін талап- арыздарды қабылдау жұмысы атқарылуда, сот процестері дыбыс-бейне түсірілімі арқылы жүргізіледі.

Семей ювеналдық соттың тәжірибесіне сүйенсек, қаралатын істердің көпшілігі ата-аналық құқығынан айыру, бала асырап алу, баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы және де қамқоршылық органының дауы мәселелері.

Мысалы: бала асырап алу туралы арыздар сотқа жиі түсуде. 2013 жылдың 10 айында 102 арыз түсіп, оның 88-і бойынша арыздар қанағаттандырылып, сот шешімдері шығарылды. Бұл дегеніміз, баланың өз отбасында тәрбиеленіп, өсіп, мемлекетіміздің толыққанды азаматы болуына жол ашады.

2013 жылдың 9 айында Семей қаласының ювеналдық сотында 600-ге жуық іс қаралды. Сотқа түскен 104 қылмыстық іс бойынша, 72- сі тараптардың татула- суымен қысқартылған. Үкім шығарылып, 22 адам сотталды, оның 18-і кәмелетке толмаған,10- на бас бостандығын шектеу, 2-не тәрбие-лік әсері бар мәжбүрлеу шаралары, 6-на бас бостандығынан айыру  тағайындалды.

Осы мерзімде 396 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл тұлғалардың басым көпшілігі бала тәрбиесімен ата- аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу тұрғысындағы  міндеттерін орындамағандықтан әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот төрелігін жүзеге асыру ол үлкен жауапкершілік екенін ешқашан ұмытпауымыз керек, өйткені судьяның шығарған шешімі адамның тағдырын шешеді. Іс жан-жақты толық қаралып, барлық дәлелдемелер зерттеліп, әділ шешім шығарылуы керек. Осыған байланысты айтып өту керек, сот төрелігін тек сот жүзеге асырады, ол принцип Қазақстан Республикасының Конституциясының 77 бабында бекітілген, оған сәйкес қылмыстық жазаны тек қана сот қолдануға құқылы, сонымен қатар, қылмыс жасаған тұлға тек соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана кінәлі деп танылады.

Айтылған қылмыстық процестің принципі «кінәсіз» деп тану принципімен тікелей байланысты, әрбір айыпталушының кінәсі тек сотта дәлелденуін білдіреді. Біреу-ді «қылмыскер» деп күдіктеніп, оған айып тағу жеткіліксіз. Тағылған айып сотта өз дәлелін табуы керек.

Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңның 1 бабының 3 тармағына сәйкес судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек, Конституция мен Заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.

Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікті  жүктейді. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Сотқа немесе судьяға құрметтеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сот актілері мен судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот актілері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Сонымен, сот төрелігінің тек сотпен жүзеге асырылуы әрбір азаматқа әділ сот  төрелігі жүргізілуіне кепіл береді.

Елімізде сот саласында тә-уелсіздік алғаннан бері жасалып жатқан реформалар өте көп, Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы сот саласындағы өзгерістердің бірден-бірі. Онда еліміздегі сот жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінген.

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің сот жүйесі әлемдік талаптарға сай қалыптасып, халықаралық судьялар қауымдастығының құрамына енді.

Сот жүйесінің халық үшін ашық, қолжетімді және тәуелсіз болуы мақсатындағы жұмысы одан әрі жалғасатын болады.

Р. Құсайынов,

Шығыс Қазақстан

облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі

мамандандырылған

ауданаралық сотының төрағасы.

Связанные новости

В области Абай разъяснили требования к маркировке продукции

24.06.2026
В области Абай разъяснили требования к маркировке продукции

О соблюдении требований к маркировке, сертификации и декларированию пищевой продукции и товаров народного потребления рассказали на брифинге в Региональной службе...

Читать далее ...

В центре внимания — духовное развитие молодежи и информационная грамотность

24.06.2026
В центре внимания — духовное развитие молодежи и информационная грамотность

На тему «Религия, молодежь и вызовы современности» был организован подкаст. Об этом рассказали руководитель отдела анализа и информационно-разъяснительной работы Дарын...

Читать далее ...

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: в области Абай обсудили роль отцов в воспитании подрастающего поколения

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: в области Абай обсудили роль отцов в воспитании подрастающего поколения

В области Абай состоялся региональный форум «Әке өнегесі – өмірлік сабақ», объединивший представителей государственных органов, общественных организаций, экспертов, педагогов и...

Читать далее ...

Безопасность казахстанских врачей находится под строгим контролем — Президент

19.06.2026
Разработать программу поддержки работников ПМСП поручил Токаев

Президент РК Касым-Жомарт Токаев высказался о мерах по защите медицинских работников, выступая в Акорде, передает корреспондент агентства Kazinform. По словам...

Читать далее ...

33 млрд тенге выделено на повышение зарплат медработников в РК

19.06.2026
33 млрд тенге выделено на повышение зарплат медработников в РК

Президент Касым-Жомарт Токаев, поздравляя врачей в Акорде, рассказал о мерах социальной поддержки медицинских работников в Казахстане, передает корреспондент агентства Kazinform....

Читать далее ...

Правительству предстоит провести масштабную реновацию всей инфраструктуры здравоохранения – Токаев

19.06.2026
Правительству предстоит провести масштабную реновацию всей инфраструктуры здравоохранения – Токаев

Президент Касым-Жомарт Токаев поручил Правительству провести масштабную реновацию инфраструктуры здравоохранения и обновить материально-техническую базу отрасли, передает корреспондент агентства Kazinform. Глава государства...

Читать далее ...

Новости

В области Абай разъяснили требования к маркировке продукции

11 часов назад

В центре внимания — духовное развитие молодежи и информационная грамотность

11 часов назад

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: в области Абай обсудили роль отцов в воспитании подрастающего поколения

5 дней назад

Безопасность казахстанских врачей находится под строгим контролем — Президент

5 дней назад

33 млрд тенге выделено на повышение зарплат медработников в РК

5 дней назад

Правительству предстоит провести масштабную реновацию всей инфраструктуры здравоохранения – Токаев

5 дней назад

Разработать программу поддержки работников ПМСП поручил Токаев

5 дней назад

Президент Казахстана рассказал о первых результатах внедрения ИИ в медицину

5 дней назад

В мировом туристическом рейтинге Казахстан поднялся на 28 позиций

5 дней назад

Поддержка семьи и защита от бытового насилия: День открытых дверей прошёл в Семее

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС