Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

САЯСИ КЕҢЕСТЕ САЛИҚАЛЫ ПІКІР АЙТЫЛДЫ

29.12.2013
САЯСИ КЕҢЕСТЕ САЛИҚАЛЫ ПІКІР АЙТЫЛДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Сейсенбі күні қала әкімі Айбек Кәрімовтің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті.

Саяси кеңестің отырысында «Теплокоммун-энерго» мемлекеттік коммуналдық өндіріс орнының (МКӨ) арнаулы бюджет қорының пайдаланылуын бақылауды күшейту мен жеке сот орындаушылардың коммуналдық қызмет көрсету мекемесіне борышкерлерге шара қолдану жұмыстарын жеделдету және «ШАМ-С» ЖШС-нің қаланы жарықтандыру жұмыстары жайындағы мәселелер қаралды. Қала басшысының кіріспе сөзінен соң бірінші мәселе бойынша «Теплокоммунэнерго» МКӨ-нің қаржы директоры Нұрлан Зейнуллин сөз алып, аталмыш өндіріс орнының жұмысымен қысқаша таныстырып өтті. Нұрлан Зейнуллин өз сөзінде үстіміздегі жылы аталмыш кәсіп-орынның жөндеу жұмыстарына 300 млн. теңге қаржының жұмсалғанын, сонымен қатар, 42 млн. теңгенің игерілгенін жеткізді.

Сонымен қатар, Нұрлан Асанұлы кәсіп-орында еңбек ететін жұмысшылардың қазан-қараша айларындағы жалақыларының жыл соңына дейін толықтай төленетіні жайлы тілге тиек етті. Оның сөзіне сүйенсек, өндіріс орнындағы жұмысшылардың ең төменгі жалақысы 35-40 мың теңгені құрайды екен. Қаржы директорының  мәліметін   тыңдай келе, қала басшысы алдағы уақытта жұмысшылардың жалақысын көтеру мәселесін тапсырып, келер жылы аталмыш өндіріс орнының кейбір жерлердегі құбырларын жаңарту керек екендігін сөз етті. Жиынға қатысушы Саяси кеңес мүшелері тарапынан «Теплокоммунэнерго» МКӨ-нің қаржы директорына бірнеше сауалдар қойылды. Н.Зейнуллиннің бұл кәсіпорында аз ғана уақыт қызмет атқарып отырғандығына байланысты, Саяси кеңес мүшелерін толғандырған кейбір сұрақтарға қала басшысы өзі жауап беріп отырды. Ал, екінші мәселе, яғни, жеке сот орындаушылардың коммуналдық қызмет көрсету мекемесіне борышкерлерге арнайы шара қолдану жұмыс-тарын жеделдету мәселесі бойынша «Теплокоммунэнерго» МКӨ абоненттік бөлімі басшысының орынбасары Ержан Жарымбетов сөз алды. Оның айтуынша, бірнеше жыл бойы қордаланып қалған қарыз 77 млн. теңгені құрайтын болса, үстіміздегі жылы соның 47 пайызы өндірілген. Ал, биылғы жылдың қарызының 7 млн. теңгеден астамы өндірілгенін айтқан Ержан Жарымбетов сот орындаушыларының атқарып жатқан жұмысының нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда биыл қарыздан қайтқан қаржының екі есе артқанын жеткізді. Алайда, Айбек Мүталапханұлы бұл мәселе жөніндегі жұмыстарды әлі де ширату керектігін айтты. Сонымен қатар, жиында тұрғын үйлердің өзін-өзі басқару мәселесі де сөз болды. Бұл тақырып тұрғысында пікірін білдірген қала әкімі Айбек Кәрімов:

 

— ПИК жетекшілерін мемлекеттік органдар емес, тұрғындардың өздері тағайындаулары керек. Ал, Дулатов көшесіндегі 206, 208-ші үйлердегі басқару жағы сылбыр болған соң тікелей қалалық әкімдіктің араласуымен тағайындауға тура келді. Енді ол үйлерді бақылауда ұстаймыз, жағдайдың қалай боларын алдағы уақыт көрсетеді, — дейді.

 

Ал, «ШАМ-С» ЖШС-нің қаланы жарықтандыру жұмыстары жайындағы мәселесі бойынша қалалық қаржы бөлімінің басшысы Роза Кәкімова сөз алып, жиынға қатысушыларды аталмыш кәсіпорын жайлы ақпараттан құлағдар етті. Айбек Мүталапханұлы «ШАМ-С» ЖШС-нің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

— Аманов, Шайжүнісов, Ленин көшелері мен «Турист» қонақ үйі және «Дастан» кинотеатрларының маңайына неге жарық қойылмаған..? Шаһардың орталық көшелеріндегі мұндай жағдайлар қала қонақтарының алдында ынғайсыздық тудырады. Неге өз міндеттеріңізге немқұрайлы қарайсыздар? – деп «ШАМ-С» ЖШС-нің қызметкерлеріне тікелей сауал тастаған еді қала басшысы.

Алайда, аталмыш кәсіпорынның мамандары бұл сұрақтарға мардымды жауап қайтара алмады. Бірнеше жылдан бері мемлекеттік тендерге қатыса алмай жүргендерін, кәсіпорынға қарасты нысандардағы дүниелердің қолды болып жатқанын айтып ақталған олардың дәйексіз сөздері саяси кеңес мүшелерінің көңілдерінен шықпады. Қала әкімі «ШАМ-С» ЖШС-і өздеріне жүктелген жұмыстарды тыңғылықты атқара алмайтын болса, белгіленген нысандарды мемлекетке қайтаруды тапсырды. Жиында белгілі болғандай, он жылдан астам уақыт бұрын жоғарыда аталған көшелердегі жарықтандыру жұмысын өз құзырына алған «ШАМ-С» ЖШС-і мемлекетке 2 млн. теңгеден аса қаржы төлеген екен. Ал, осы нысандарды мемлекетке кері қайтару үшін аталмыш кәсіпорын 30 млн. теңге талап етіп отырған көрінеді. Алайда, қала басшысы қаланы жарықтандыру мәселесіне бей-жай қарауға болмайтындығын айта келіп, «ШАМ-С» ЖШС-і аталған нысандарды мемлекетке қайтаруға қарсылық білдірген жағдайда сот арқылы қайтаруға мәжбүр болатынын жеткізді. «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес мүшелері келесі отырыста қаладағы құрылыс мәселесін талқылауға ұсыныс білдірді. Жиын соңында Айбек Мүталапханұлы қатысушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әр отбасына бақыт тіледі.

Связанные новости

Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

12.06.2026
Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

В соответствии с поручением Президента Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев в рамках программы модернизации вокзальной инфраструктуры национальной компании «Қазақстан темір жолы»...

Читать далее ...

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

12.06.2026
В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

В Департаменте государственных доходов по области Абай продолжают разъяснять нормы налогового законодательства, касающиеся имущественных доходов физических лиц. Об этом сообщила...

Читать далее ...

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

12.06.2026
Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

В Семее вопросы обращения с твердыми бытовыми отходами остаются одними из наиболее актуальных. Об этом сообщили специалисты городского Управления санитарно-эпидемиологического...

Читать далее ...

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

11.06.2026
Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай поступила обращение гражданина К. касательно приобретённого дорогостоящего часа бренда Garmin...

Читать далее ...

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

11.06.2026
В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай  поступило обращение потребителя Ж. из города Алматы по вопросу ненадлежащего...

Читать далее ...

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

11.06.2026
Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

Горожане очистили набережную и территорию исторического объекта «Белый балкон», внося вклад в сохранение одной из главных природных достопримечательностей города. 10...

Читать далее ...

Новости

Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

8 часов назад

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

1 день назад

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

1 день назад

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

2 дня назад

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

2 дня назад

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

2 дня назад

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

4 дня назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

4 дня назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

4 дня назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС