Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘКІМ ШЫРШАСЫ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕДІ

31.12.2013
ӘКІМ ШЫРШАСЫ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕДІ
FacebookWhatsappTelegram

28 желтоқсан күні қаладағы     Жастар мен  балалардың  шығармашылық сарайында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары және озат оқушыларға арналған қала әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өтті.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Жаңа жылдық шыршаға қала әкімі Айбек Кәрімов бастаған жергілікті билік өкілдері, қаладағы және қала маңындағы ауыл мектептерінің мұғалімдері мен 250-ге жуық оқушылар қатысты. Жастар мен балалар шығармашылық сарайының көрермен залында ине шаншар орын болмады. Ақ ұлпа қар  жамылған шыршалардың сұлбасы қойылып, қабырғаларға жаңа жыл сәні — түрлі жарқырауықтар ілініп, сахна да әдемі безендірілген екен. Мерекелік шараға арнайы тігілген киімдерін киіп,  қатысқан бүлдіршіндер де көрер көзді қуантады. Мысалы, № 32 мектептің 2-сынып оқушысы Ермек Бақты мерекелік шараға Ханның киімін киіп келген.

 

— Хан боп киініп келуімнің себебі, өскенде Президент болғым келеді. Ал, Жаңа жылды шыршамен қарсы алғанды жақсы көремін. Барлықтарыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын, — дейді Ермек.

Қарша қыздың киіміндегі қаршадай қыздардың әдемі биі сахна шымылдығын ашқан соң, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүлдіршіндерге арналған   Жаңа  жылдық құттықтауы  ұсынылды.

— Қымбатты балалар! Бүгінгі күні еліміздің барлық өңіріндегі  балалар Жаңа жылдық шыршаның айналасына жиналды. Жаңа жыл — ең алдымен балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке. Мен сендерді, сендер ар-қылы қазақстандық барша балаларды келе  жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Біздің Ұлы Отанымыз жылдан-жылға өркендей түсуде. Қазіргі таңда дүние жүзі қазақ елін құрметтейді. Сендер осындай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Ата-аналарыңды қуантыңдар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар. Бұған елімізде барлық мүмкіндік бар. Жасампаз істердің барлығы сендердің жарқын болашақтарың үшін жасалуда. Барлық өңірлерде жаңа мектептер салынды. «Өнерлі өрге жүзеді» деген дана халқымыз. Өнер-білімнің кені, өркенді елдің теңі болыңдар. Айналасын алтын арайға бөлеген жасыл шырша – базарлы балалықтың белгісі. Шырайын бермейтін осы шыршадай жайнап өсе беріңдер. Болашақтарың баянды болсын! — деп құттықтау тілегін білдірген Елбасының сөзі сахна төріндегі үлкен экран арқылы жеткізілді.

Президенттің ұлағатты сөздерінен соң сахнада мың бұралған бишілер тобы өнер көрсетті. Одан кейін қала басшысы Айбек Кәрімов сөз алды:

— Қадірменді балалар! Келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Үлкен мерекелік шара өтіп жатқан Жастар мен балалардың шығармашылық сарайына көңілді де бақытты өмір сүріп, өсіп-өркендеп келе жатқан оқуда озат, тәрбиелі де үлгілі оқушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтайық деп шақырып отырмыз. Жоғарыда баршаңызды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құттықтап, сендерге үлкен-үлкен өсиетін айтып, тілегін жолдады. Сендер – еліміздің келешегісіңдер. Ал, сендердің алаңсыз ойнап, сапалы білім алып, жақсы өмір сүрулерің үшін, болашақтарың үшін Үкімет тарапынан барлық жағдайлар жасалуда. Жаңа мектептер мен тұрғын үйлер, емханалар, сонымен қатар, спорт кешендері мен мәдени орындар салынуда. Мұның бәрі мемлекеттің болашағы  — сендерге деген үлкен қамқорлықтың көрінісі.  Сондықтан, Қазақстанды 2050 жылы, одан ары қарай да дамытатын өздеріңсіңдер. Ол үшін денсаулықтарың мықты, ой-өрістерің кең болуы керек. Қазірден бастап «келешекте кім боламын?» деген арман-мақсатты алға қою керек. Ал, сол арман-мақсаттарыңды жүзеге асыру үшін сабақтарыңды жақсы оқуларың қажет, — деген Айбек Мүталапханұлы, — келе жатқан Жылқы жылы да жақсы жыл болады деп үміттенеміз. Себебі, жылқы – қазақ елі үшін төрт түліктің ішіндегі ең қасиетті жануар. Сондықтан, сендердің нағыз тұлпарлар сияқты қашанда топ жаратын үлкен азамат болып өсулеріңе тілектеспін. Жаңа жыл жақсылығын ала келсін! — деді өз сөзінде.

Қала басшысының сөзінен кейін мерекелік шара балғындардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. Концерт барысында әсем әндер шырқалып, көңілге қонымды көріністер қойылды. Сонымен қатар, сахнадағы үлкен экран арқылы еліміздің техникалық және технологиялық жетістіктері көрсетілетін индустрияландыру мен ашық алаңдар нышаны болып саналатын “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесін өткізуге қалай әзірленіп жатқаны жайлы бейнесюжеттер беріліп тұрды. Мерекелік кеш    соңына қарай сахнаға мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар шығып, Жаңа жылдық шыршаның шырағын жақты. Ақ сақалды Аяз  атаның ала дорбасындағы қысқы киім, бас киім, спорттық киімдер, тәттілер басқа да сыйлықтар барлық бүлдіршіндерге үлестірілді. Көңілдері шат-шадыман болған балғындар Аяз ата – Ақшақармен естелік суретке түсіп тарқасты.

Связанные новости

Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

12.06.2026
Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

В соответствии с поручением Президента Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев в рамках программы модернизации вокзальной инфраструктуры национальной компании «Қазақстан темір жолы»...

Читать далее ...

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

12.06.2026
В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

В Департаменте государственных доходов по области Абай продолжают разъяснять нормы налогового законодательства, касающиеся имущественных доходов физических лиц. Об этом сообщила...

Читать далее ...

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

12.06.2026
Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

В Семее вопросы обращения с твердыми бытовыми отходами остаются одними из наиболее актуальных. Об этом сообщили специалисты городского Управления санитарно-эпидемиологического...

Читать далее ...

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

11.06.2026
Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай поступила обращение гражданина К. касательно приобретённого дорогостоящего часа бренда Garmin...

Читать далее ...

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

11.06.2026
В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай  поступило обращение потребителя Ж. из города Алматы по вопросу ненадлежащего...

Читать далее ...

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

11.06.2026
Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

Горожане очистили набережную и территорию исторического объекта «Белый балкон», внося вклад в сохранение одной из главных природных достопримечательностей города. 10...

Читать далее ...

Новости

Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

7 часов назад

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

1 день назад

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

1 день назад

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

2 дня назад

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

2 дня назад

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

2 дня назад

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

3 дня назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

4 дня назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

4 дня назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС