Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

27.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей мемлекеттік медицина университеті ұжымының және ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Семей өңірі бойынша бөлімшесінің ұйымдастыруымен терапевт, акушер — гинеколог, жалпы тәжірибелік және жанұялық дәрігерлерге арналған «Жүктілік кезіндегі асқынуларды ерте кезеңде анықтау» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

{jcomments on}Семей өңіріндегі перинаталдық өлім-жітім көрсеткішін төмендету, ана өлімінің алдын алу, дәрігерлердің біліктілігін арттыру – конференцияның басты мақсаты. СММУ-нің акушерия және гинекология бойынша интернатура кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Гульяш Танышева «Антенатальды күтімнің проблемалары және оны шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.

— Бұрын жүкті әйелдерді тек акушер — гинеколог бақыласа, қазір жанұялық дәрігерлер де бақылап, терапевтер кеңес беріп отырады. Сондықтан көтеріліп отырған тақырып әрбір конференцияға қатысушы үшін, бала күткен аналар үшін, қала берді қоғам үшін маңызды,- деді Г.Танышева. Сонымен қатар баяндамашы өз сөзінде ана мен бала өлімі тұрғысында Семей өңіріндегі жағдайға тоқталды.

 

— Семей өңірі бойынша соңғы жылдары ана өлімі болған жоқ. Алайда бала өлімі кездеседі. Бала өліміне мерзімінен ерте босану, қағанақ суының ерте кетуі, жатырішілік пневмания, қан қысымының көтерілуі әсерінен жүктілік кезінде асқыну пайда болып, ұрық өмір сүруін тоқтатады. Біз осы жағдайларды ескеріп, ерте кезеңде болашақ ананың жағдайын зерттеп, инфекциялық аурулары болса, балаға берілмеуін қадағалауға тырысуымыз керек. Ұрықтың даму ақауларына да байланысты өмір сүруі мүмкін немесе мүмкін емес болады. Ақау бола тұра, өмір сүру қабілеті мүмкін жағдайда хирургиялық жолмен бала өмірін сақтап қалуға тырысу керек. Ал кері жағдайда, жүктілікті босану уақытына жеткізбей тоқтату керек,- дей келе Г.Танышева көп жағдайда жүкті әйелдер босанудың алғашқы белгілерін қалыпты жағдайға балап, қағанақ суы кетіп қалған соң барып қана жедел жәрдем шақыртатынын, соның салдарынан бала мен ана өміріне айтарлықтай қауіп төнетінін атап өтті. Бұл ретте акушерлер қабылдауына келген жүкті әйелдерге қандай жағдайларда жедел жәрдем шақыру керектігін түсіндіру маңызын атап өтті.

 

Бала өлімінің тағы бір басты себебі – ерте жастан босану. Медицина қызметкерлерінің келтірген мәліметіне сүйенсек, 2013 жылы жасы кәмелетке толмаған, ағзасы ана болуға толыққанды әзірленіп үлгермеген 56 жасөспірім ана атанса, өткен жылы олардың қатары артып, 102-ге жеткен. Дәрігерлердің айтуынша, ананың денсаулығында кінәрат болса,  дені сау ұрпақтың дүниеге келуі екіталай. Сондықтан да білім ордаларында, мектептерде қыз тәрбиесіне көңіл бөлуге басымдық берген жөн екенін айтады дәрігер мамандар.

Конференцияға қатысқан ақ халатты абзал жандар бірауыздан дүниеге ұрпақ әкелу үшін болашақ ана психологиялық тұрғыдан да, медициналық тұрғыдан да әзір болуы керек деген пікір ұсынды. Кеңес қажет еткен жандар үшін медициналық университет пен перинаталдық орталықтың ұйымдастыруымен «Болашақ аналар мектебі» жұмыс жасауда.

Конференция барысында ана мен бала өліміне қатысты біршама мәселелер қозғалып, оларды шешу жолдары талқыланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акушерлер мен жанұялық дәрігерлер, терапевтер үшін мұндай іс-тәжірибе алмасуға бағытталған конференция әлі де жалғасын табатын болады.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

14 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС