Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

31.12.2013
ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
FacebookWhatsappTelegram

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Кеше қала басшысы Айбек Кәрімовтің жетекшілік етуімен қалалық әкімдіктің отырысы өтті. Жиынға барлық бөлім басшылары мен мемлекеттік мекеме жетекшілері және қала маңындағы ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Жиын барысында Мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мүлікті тиімді пайдалану туралы және Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 2013 жылғы қаржылық қызметінің қорытындысы туралы мәселелер қаралды. Аталмыш мәселелер бойынша алдымен қала әкімі Айбек Кәрімовтің кіріспе сөзінен соң, қалалық қаржы бөлімінің басшысы Роза Кәкімова сөз алды.

 

— Мемлекеттік мүлік саласындағы қызмет 2011 жылдың 1 наурызында қабылданған «Мемлекеттік мүлік   туралы» Заңы негіз болып табылатын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі, — деген Роза Құдайбергенқызы, — бүгінгі күнде әкімдіктен құрыл-ған 172 мемлекеттік заңды тұлғалар қызмет етеді. Олардың 32-і мемлекеттік органдар, 82-і МКМ, 46-ы КМҚК болса, 6-ы КМК және 6 — мемлекеттің қатысуы бар ЖШС, — дейді.

 

Одан әрі Роза Кәкімова баяндамасы барысында мүлікті иелену мен оның сақталуы және тиімді пайдаланылуы жайлы айтты.

— Мүлікті пайдаланудың тиімді түрлерінің бірі – жалға беру. Осылай жыл сайын коммуналдық мүліктің 10865,7 шаршы метр аудандары беріледі. Соның ішінде, жалға берілетін алаңдардың барлық көлемінен 64,97 пайыз құрайтын 9664 шаршы метр білім нысандарының алаңдары. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  Заңына сәйкес, білім саласының мекемелерінде  білім беру үрдісіне қатысы жоқ басқа қызмет түрлерінің болуына рұқсат етілмейді, — деген баяндамашы, — 633 шаршы метр қала әкімдігінің және ауылдық округ әкімдіктері ғимараттарында (асхана, пошта, банкомат), ал, 370 шаршы метр қалалық мәдениет сарайында жалға берілуде. Мүлікті    жалға беруден түскен түсім өткен жылы 20 млн. теңгеден астам қаржыны құраса, биылғы қорытынды бойынша 26 млн. теңгеден астам қаржы күтілуде, — дейді.

Сонымен қатар, қалалық қаржы бөлімінің басшысы әкімдіктің қаулысы негізінде 3 жылдан бері коммуналдық мүлікті сату жұмыстарының ұйымдастырылғанын, сатылым нәтижесінде 2011 жылы 8,3 млн. теңге, өткен жылы 4,5 млн. теңге және үстіміздегі жылы 6,7 млн. теңге, жалпы 19,6 млн. теңге қаржы пайдаға жарағанын сөз етті. Осы мәселелерге қатысты кеңірек баяндады.

Жиынға қатысушылар тарапынан біршама сұрақтар қойылып, баяндамашы да нақты жауап қайтарып отырды. Мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мүлікті тиімді пайдалану және Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 2013 жылғы қаржылық қызметінің қорытындысы туралы мәселелері жайлы қалалық қаржы бөлімінің басшысы Роза Кәкімованың баяндамасынан соң қала әкімдігі қаулы қабылдады.

Ал, қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуының алдын-ала қорытындылары туралы ақпараттар бо-йынша қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуов сөз алып, әлеуметтік – экономикалық дамуы жағынан биылғы жылғы көрсеткішке сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Абай мен Күршім аудандары алғашқы орында тұрғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, Сүлеймен Медеуұлы қаладағы шағын және орта бизнестің дамып келе жатқанын, кәсіпорындарда да өткен жылмен  салыстырғанда биыл айрықша өсім бар екенін жеткізді. Кейбір өндіріс орындарындағы атқарылған істерді де атап өтті.

— Үстіміздегі жылдың маусым айынан бері «СемАз» ЖШС-і «Беларусь 920», «Беларусь 892» тракторлары мен «Урал» және «SHAСMAN» маркалы жүк көліктері сияқты жаңа техникаларды шығара бастады. Ал, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС-і ұзындығы 11-12 метр болатын 2-3 есікті «Daewoo ВС212МА» маркалы шағын автобустарды шығара бастады, — деп жиынға қатысушыларды өзге де өндіріс орындарының жұмыс-тары жайлы ақпараттардан Сүлеймен Медеуов құлағдар етті.

Қала әкімі биылғы жылдың Семей үшін жаман болмағанын, қала экономикасының қарқынды дамып келе жатқанын сөз етіп, «ШАМ — С» ЖШС-нің жұмысына көңілі толмайтынын, аталмыш кәсіпорынның өз міндеттерін ойдағыдай атқара алмағандығын жеткізді. Мамандардың сөзіне сүйенсек, бұл мәселе бойынша кәсіпорынға қатысты іс алдағы уақытта сотта қаралмақ. Қала әкімі жеке меншік кәсіпорындардың осындай жауапсыздығы атқарушы билік өкілдерінің беделіне нұқсан келтіретінін де тілге тиек етті. Сонымен қатар, Айбек Мүталапханұлы қаладағы «Дариға-ай» жастар театрының да жай-күйін сөз етті. Жастар театрының Астана мен Алматыдан кейін тек Семейде ғана бар екендігін айт-қан қала басшысы өңірдің мәдение-тіне елеулі үлес қосып жүрген өнер ұжымына қолдау көрсету керектігін айтты.

Одан кейін қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев сөз алып, 31 желтоқсан күні Орталық алаңда кешкі сағат 23.00-ден бастап түнгі сағат 01.00-ге дейін Жаңа жылға арналған мерекелік шаралардың өтетінін, мерекелік отшашу болатынын жеткізді.

Жиын соңында қала басшысы барша қатысушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, денсаулық, әр отбасына бақыт, алдағы Жаңа жылда жаңа жетістіктерге жете беруге тілектестігін білдірді. Семейдің жағдайының да облыс орталықтарынан кем еместігін көрсету керектігін де айтты. Мамандарға қала басшысы тарапынан талай тапсырмалар  жүктелді.

Связанные новости

В СЦК запущен Центр по борьбе с дезинформацией

02.08.2025
В СЦК запущен Центр по борьбе с дезинформацией

Новая структура станет важным элементом в обеспечении права граждан на получение достоверной информации. Среди основных задач Центра - выявление и...

Читать далее ...

В Семее проходит выставка Аңсаған Мустафы, посвящённая Абаю

02.08.2025
В Семее проходит выставка Аңсаған Мустафы, посвящённая Абаю

В рамках десятидневных мероприятий, приуроченных к 180-летию великого мыслителя Абая Кунанбаева, состоялось открытие авторской выставки известной художницы Аңсаған Мустафы под...

Читать далее ...

На острове Бейбітшілік в Семее открылся этноауыл в честь юбилея Абая

01.08.2025
На острове Бейбітшілік в Семее открылся этноауыл в честь юбилея Абая

В Семее на острове Бейбітшілік стартовал этноауыл, приуроченный к 180-летию великого поэта и мыслителя Абая Кунанбаева. Праздничная площадка на берегу...

Читать далее ...

В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

31.07.2025
В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

В Абайском гарнизоне артиллерийские подразделения продемонстрировали свою боевую готовность в ходе комплексной проверки. В частности, в мероприятии приняла участие воинская...

Читать далее ...

До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

31.07.2025
До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

Общая протяжённость автодорог республиканского значения в Абайской области составляет 2 176 километров. Из них 1 592 километра находятся в ведении...

Читать далее ...

Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

31.07.2025
Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

Министерство культуры и информации РК объявило о начале приёма заявок на соискание Государственной молодёжной премии «Дарын». Ежегодная премия вручается талантливым...

Читать далее ...

Новости

В СЦК запущен Центр по борьбе с дезинформацией

15 часов назад

В Семее проходит выставка Аңсаған Мустафы, посвящённая Абаю

15 часов назад

На острове Бейбітшілік в Семее открылся этноауыл в честь юбилея Абая

23 часа назад

В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

2 дня назад

До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

2 дня назад

Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

2 дня назад

Вице-премьер ознакомился с подготовкой к юбилею Абая

2 дня назад

В области Абай 83,8% населения охвачено медицинским страхованием

2 дня назад

Казахстан и Турция укрепляют стратегическое партнёрство: Токаев и Эрдоган подписали ряд ключевых соглашений

2 дня назад

В области Абай стартует ночной рейд, родители могут быть привлечены к ответственности

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС