Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨНЕРЛІ ЖАСТАРМЕН ОЙ БӨЛІСТІ

31.12.2013
ӨНЕРЛІ ЖАСТАРМЕН ОЙ БӨЛІСТІ
FacebookWhatsappTelegram

Әйгерім Сәрсенғали,

«Семей таңы»

Таяуда қала әкімі Айбек Кәрімов қалалық мәдениет үйінде «Дариға-ай» жастар театрының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында өнерлі жастардың «Ақ кеме», «Ромео мен Джульетта» және желтоқсан оқиғасына байланысты қойылған қойылымдарының бейнежазбасын тамашалап, әртістердің  жағдайларымен танысып, сауалдарына жауап қайтарды.

Театр өнері адамзат баласын тәр-биелейтін бірден-бір орта деп бағалайтын қала әкімі:

— Қаламыздағы ең маңызды мәселелердің бірі – мәдениет мәселесі. Жастардың мәдени деңгейлері төмендеп барады. Мәдениет болмаған жерде ұлттың болашағын елестету мүмкін емес. Бізді жастар арзанқол, талғамсыз мәдениетті қалай қабылдап алып жатыр деген мәселелер ойландырады. Сол мәдениеттілікке сіздер арқылы, шығармашылық зиялылар арқылы тәрбиелеу керек. Жастар санасына ұлттық тәрбиені сіңіруіміз керек. Сіздер тәрбиелемесеңіздер мына жастарды ешкім тәрбиелемейді, — деген Айбек Мүталапханұлы жас кездерінде театрға жиі баратындықтарын, өнер  — мәдениеттің тұнып тұрған ортасы екендігін айтты. Театр өз қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаумен қатар, терең ой тастауы керек деп санайтын Айбек Кәрімов студент шақтарында тамашалаған «Бесеудің хаты» әлі күнге дейін ойында екенін жасырмады.

 

— Көрерменді ешқашан алдай алмайсыздар. Шынайы қойылым болса, көрермендер өздері іздеп келеді. Сіздер «Ақ кемені» қойып жатырсыздар. Қырғыз халқының тұрмысынан сыр шерткен өте әдемі қойылым. Өзге ұлттың мәдениетін танытатын тамаша қойылым. Енді өзіміздің ұлттың тарихын трагедиялық тұрғыдан емес, ата-бабаларымыздан келе жатқан туындыларды сахналай отырып, жетістіктерімізді дәріптесеңіздер, қалған мұраларымызды насихаттап, жастар санасына сіңірсеңіздер екен дейміз,- деп аяқтады өз сөзін. Сондай-ақ, қала әкімі жастар театрының қоржыны тәрбиелік мәні бар, ұлттық болмыстың иісі аңқитын қойылымдармен толықтырса, нұр үстіне нұр болатындығын да айтып өтті.

 

«Дариға-айдың» репертуарында тәрбиелік мәні бар қойылымдардың мол қоры бар екендігін айтқан театр директоры Амангелді Бахтинов бүлдіршіндерге арналған қойылымдарымызды ұсынсақ, мектеп пен «Дариға-ай» арасындағы алтын көпір білім бөлімі болса деген ұсыныс білдірді.   Театрдың сөз өнері бөлімінің жетекшісі Мейрамгүл Алепарова Семейдің атын асқақтатып жүрген жас актерлер екенін, олар мемлекеттік дәрежеде  мадақтауға лайық екендігін айта келе, алдағы уақытта мүмкіндігінше өнерпаздар қатарын молайтуды, кадр мәселесін толықтыруды сұрады.

Театр басшылығы болашағынан үміт күттіретін өрен, дарынды режиссер деп бағалайтын Дәурен Төлеубаев жастарға тұрғын үй мәселесіне қатысты  қолдау болса деген ой тастады.

Түрлі сауалдарды зерделеген қала басшысы алғашқы сауал төңірегінде білім бөлімімен тығыз байланыс орнату мүмкіндігі бар екенін,  ұжым қызметкерлерінің жалақыларының аздығын, жалдамалы пәтерде тұратындығын жақсы білетіндігін, түсінетіндігін айта келе, материалдық жағдайлар қалыпқа келеді, рухани дүниені жоғалтпау керектігін айтып, кездесуді қорытындылады.

Связанные новости

Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

12.06.2026
Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

В соответствии с поручением Президента Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев в рамках программы модернизации вокзальной инфраструктуры национальной компании «Қазақстан темір жолы»...

Читать далее ...

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

12.06.2026
В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

В Департаменте государственных доходов по области Абай продолжают разъяснять нормы налогового законодательства, касающиеся имущественных доходов физических лиц. Об этом сообщила...

Читать далее ...

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

12.06.2026
Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

В Семее вопросы обращения с твердыми бытовыми отходами остаются одними из наиболее актуальных. Об этом сообщили специалисты городского Управления санитарно-эпидемиологического...

Читать далее ...

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

11.06.2026
Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай поступила обращение гражданина К. касательно приобретённого дорогостоящего часа бренда Garmin...

Читать далее ...

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

11.06.2026
В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай  поступило обращение потребителя Ж. из города Алматы по вопросу ненадлежащего...

Читать далее ...

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

11.06.2026
Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

Горожане очистили набережную и территорию исторического объекта «Белый балкон», внося вклад в сохранение одной из главных природных достопримечательностей города. 10...

Читать далее ...

Новости

Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

7 часов назад

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

1 день назад

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

1 день назад

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

2 дня назад

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

2 дня назад

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

2 дня назад

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

3 дня назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

4 дня назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

4 дня назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС