Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«СПАРТАК» КЛУБЫНА АДАЛДЫҒЫ ҮШІН»

31.12.2013
«СПАРТАК» КЛУБЫНА АДАЛДЫҒЫ ҮШІН»
FacebookWhatsappTelegram

10 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы – «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінен

 

Әйгерім Сәрсенғали,

«Семей таңы»

 

Қаламызда, тіпті, елімізде бұрын соңды орын алмаған оқиға. 10 мың АҚШ доллары ең үздік және елімізге танымал «Спартак» командасының ойыншысына берілмек.  Жүлдегер атанудың   басты шарты ойыншы өз командасының патриоты, яғни, осы командада үздіксіз 10 жыл бойы тер төккен ойыншы болуы керек. Бұл жағымды жаңалық жайлы қала әкімінің футбол федерациясы қызметкерлерімен кездесуінде жүлде ұсынып отырған «Семей таңы»-«Вести Семей» газеттерінің директор-Бас редакторы Риза Молдашева хабарлады. Қала әкімі Айбек Кәрімовтің айтуынша, бұл күнге дейін бірде-бір БАҚ аймақта, тіпті Қазақстан Республикасы көлемінде спортты қолдау үшін осындай жүлде тағайындап көрмепті. Жүлде «Спартак клубына адалдығы үшін» деп аталады. Сондай-ақ, футбол федерациясының отырысына дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері, «Спартак» футбол клубының өкілдері мен футбол ардагерлері, қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Күн тәртібінде бұқаралық футболдың дамуы, балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболдың дамуы, «Спартак» футбол клубының келесі маусымға дайындығы және басқа да мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ, бұл жиында жыл қорытындысы шығарылып, елі-мізде футбол саласында бұрын соңды орын алмаған тың идея жүзеге асты.

 

— Бұқаралық футболды дамыту үшін қаламызда бірқатар істер жүзеге асырылып жатыр,- деген дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев келесі кезекте – «Спартак» футбол клубының резерві үшін қаламызда 4 футбол мектебі бар. Ол олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдер мектебі, «Спартак» балалар командасы, «Цементник», С.Смақов футбол мектебі. Жалпы, 20 топта 600 бала футболмен айналысуда. 2014 жылдың жоспарына келер болсақ, келер жылы Сіздің тапсырмаңыз бойынша қалалық футбол чемпионатын өткізу жоспарланған. Чемпионат-қа 20 команда қатыспақ,- деді.

Іс жүзінде жоспарды әлі бекіте қоймаған баяндамашының сөзіне көңілі толмаған қала әкімі бұл турнирге, қандай командалар қатысатынын, қай футбол алаңдарында ойын өткізілетінін әлдеқашан жоспарлап қою керектігіне тоқталды. Жиынға қатысушылар қала чемпионатына 10 команда қатысса жеткілікті деп шешті.

Футбол ойындарын ұйымдастырушыларды жарна мәселесі толғандырады екен. Кейбір футбол командалары 30-40 мың теңге жарнаны өтеуге шамалары келмейтін көрінеді. Осы орайда, қалалық әкімшілік жарна мәселесіне жәрдемдессе деген де өтініш айтылды. Бұл сұраққа қала басшысы: «Жарна міндетті түрде болу керек. Бұл ең алдымен    жауапкершілікті, жеңіске деген құлшынысты арттырмақ. Екіншіден, ойын өткізілетін алаңдар да тегін берілмейді. Кәсіпорындар өз командаларына 150 мың теңге бөле алмайды деген сөз ақылға қонымсыз.

Жарнаны төлей алмайтын команданы команда деп санамаймын»,- деген қала басшысы қалалық әкімдіктен чемпионат жарысына қаржы бөлінбейтінін де айтты. Сонымен қатар, қала әкімі Айбек Мүталапханұлы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысына футбол федерациясының мүшелерімен чемпионат жарнасының бағасын анықтауға, ойынға қатысушы кәсіпорын командаларымен келісім жасап, футбол ойыны өтетін алаң басшыларымен келісіп, 10 қаңтарға дейін атал-ған жұмыстарды аяқтауды тапсырды.

— Біз тағы бір команданы қайта құруды ойға алдық. «ССК» (Семейлік спорттық клуб) ата-уымен, ол өздеріңіз білетіндей Қазақстанның, Семейдің ең алғашқы футбол клубы. «ССК» командасының жарғысы мен шарттарын  жасап, командада ойнаймын деушілердің тізімін жасап, іріктеу өткізу керек,- деп атап өтті қала әкімі Айбек Кәрімов өз кезегінде. Бұл қадам Қазақстан футболының Отаны болып табылатын Семей қаласындағы футболдың ары қарай дамуына жаңа серпін, бәсекелестік әкелмек.

«Спартак» футбол командасының резервін толықтыру керектігін айтқан қала басшысы қалалық чемпионат өткізіп, «Спартак» командасының мүшесі болғысы келетін әр ойыншының өзін көрсетуіне мүмкіндік сыйлау керектігін алға тартты.

— Футбол – үлкен өнер мен мәдениет. Футбол ақша табу үшін ойналмайды.  Кеңес ке-зінде, қаламызда бұрын бірде-бір футболшы ақша үшін доп теппеген, ақшаның соңынан жүгірмеген. Ойын үшін қандай ақы алатындарына да бас қатырмаған. Сонда бүкіл әлем Кеңес футболшыларының ойындарына қайран қалған. Солар қайда қазір?- деген Айбек Мүталапханұлы жас футболшыларды тәрбие- леу үшін ең алдымен идеология болу керек, сол идеологиямен тәрбиелеу керектігін айтты. Сондай-ақ, мықты команда құру үшін  ойыншыларды сырттан іздемей, өз Отаны, өз қаласы, өз  командасы үшін «отқа да, суға да түсетін» патриоттарды топтастыру керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, қала басшысы жасөспірімдер футболына қатысты  облыс әкімімен сөйлескендігін,  қаржы мәселесі шешілгендігін және Шығыс Қазақстанның футбол орталығы Семей қаласында болатындығын да айтып өтті.

Келесі кезекте қала басшысы Айбек Кәрімов елімізде тұңғыш рет бастама көтеріп, футболға қолдау көрсетіп, дамуына атсалысып жатқан «Семей таңы-Вести Семей» газеттерінің директор-Бас редакторы, қалалық мәслихаттың депутаты Риза Асанқызына сөз берді:

— Баршаңызды Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймын! Футбол федерациясы мен семейлік командаға жаңа жеңістер тілеймін. Бұрын біздің басылымдарымыз тек ақпараттық қолдау көрсетсе, енді біз бір футболистке бір жүлде ұсынып отырмыз. Ол өз командасының патриоты болуы керек және жеңіске лайықты жеңімпаз, кем дегенде 10 жыл үздіксіз осы команда сапында болуы шарт. Жүлде көлемі – 10 мың АҚШ доллары. Бұл болашақ жеңімпаздарға, біздің футболшыларға көрсетілген қолдау, құрмет,- деді. Сонымен қатар, Риза Асанқызы бұл бастаманың дәстүрлі түрде алдағы жылдарда да жалғасын табатындығын айтты.

Отырыс соңында жыл қорытындысы ре-тінде  футболдың дамуына атсалысқан бір топ азаматтарға  «Қазақстан футболына 100 жыл» медалі табысталды. Еліміз бойынша, бұл медаль 300 адамға тиесілі болса, оның 100-і семейліктер еншісінде екен.  Сондай-ақ, ҚР футбол федерациясының арнайы марапатымен А.Кәрімов, В.Шевелев, Т.Бейсенбеков,         Р.Абдуллаев, А.Шолтыновтар марапатталды.

Осылайша, жылан жылы спорттағы     табысты жеңісті келе жатқан  жылқы жылына табыстады.

Связанные новости

Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

12.06.2026
Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

В соответствии с поручением Президента Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев в рамках программы модернизации вокзальной инфраструктуры национальной компании «Қазақстан темір жолы»...

Читать далее ...

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

12.06.2026
В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

В Департаменте государственных доходов по области Абай продолжают разъяснять нормы налогового законодательства, касающиеся имущественных доходов физических лиц. Об этом сообщила...

Читать далее ...

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

12.06.2026
Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

В Семее вопросы обращения с твердыми бытовыми отходами остаются одними из наиболее актуальных. Об этом сообщили специалисты городского Управления санитарно-эпидемиологического...

Читать далее ...

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

11.06.2026
Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай поступила обращение гражданина К. касательно приобретённого дорогостоящего часа бренда Garmin...

Читать далее ...

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

11.06.2026
В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай  поступило обращение потребителя Ж. из города Алматы по вопросу ненадлежащего...

Читать далее ...

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

11.06.2026
Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

Горожане очистили набережную и территорию исторического объекта «Белый балкон», внося вклад в сохранение одной из главных природных достопримечательностей города. 10...

Читать далее ...

Новости

Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

7 часов назад

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

1 день назад

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

1 день назад

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

2 дня назад

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

2 дня назад

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

2 дня назад

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

3 дня назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

4 дня назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

4 дня назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС