Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢА ЖЫЛҒА ЖАҚСЫ ТІЛЕК БІЛДІРДІ

31.12.2013
ЖАҢА ЖЫЛҒА ЖАҚСЫ ТІЛЕК БІЛДІРДІ
FacebookWhatsappTelegram

Жаңа жыл қарсаңында Үржар ауданының әкімі Серік Зинабекұлы Зайнулдин аудан әкімшілігінде келелі жиын өткізді. Оған мәслихаттың хатшысы Мұхаметқали Бітімбаев, аудан басшысының орынбасарлары, әкімдіктің бөлім  басшылары, сондай-ақ, басқарма, сала жетекшілері, дін басылары, құқық қорғау органдарынан басшылары  қатысты. Жиында Серік Зинабекұлы аудан халқын 2014 — Жылқы жылымен құттықтап, бір топ азаматтарға сый-сияпат үлестірді.  Жыл аяқталар  алдында  Жылан жылының болжамды қорытындысын жариялап, алға қойған жаңа жоба, мақсат-мүдделермен таныстырды.

-Жалпы,  2013 жыл біз үшін жаман аяқталған жоқ,-деді ол,- Ауданымыз ауылшаруашылығымен айналысатындықтан, бұл сала біз үшін өз маңызын жоймақ емес. Сондықтан да салаға айрықша назар аударып, жаңа жобаларды іске енгізу басты мақсат болып қала бермек. Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев мен Үржар ауданына әкім болып тағайындалған сәтте біршама тапсырмаларды жүктеген еді. Сол тапсырмалардың үдесінен шығу жолында біраз  жұмыстар атқарылды деуге болады. Рас, әлі де күрмеуі қиын түйіндер бар. Мәселен, аудан көлемінде 38 мың гектар суармалы жерлердің бар болғаны 13 мыңдайы ғана игеріліп, қалған 25 мың гектар алқаптар игерілмей жатыр. Ұсақ    шаруа қожалықтарын ірілендіру, мал бордақылау алаңдарының санын арттыру, асыл тұқымды малдарды көбейту секілді кезек күттірмейтін мәселелер баршылық. Биыл «Алғабас» ЖШС шет елден 500 бас «Абердин Ангус» тұқымын әкелді, 24 шаруашылық пен серіктестік 62 жаңа техника сатып алды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша біршама қаржы келіп, қожалықтар субсидия алуда да әжептәуір жетістіктерге қол жеткізді. Қазір өңірімізде 2346 ұсақ шаруа қожалықтары бар. Оларды ірілендіруді  де  қолға алу жұмысы тұр.

 

Ең алдымен, салық мәселесіне келсек, әзірге болжам бойынша 40 миллион теңге салық түседі деп жоспарлап отырмыз. Бюджеттегі қаржының игерілуі 6 миллиард 117 миллион теңге болды. Былайша айтқанда, 99,9 пайызы игеріліп отыр. Әрине, бұл жаман көрсеткіш емес. Алдағы жылы біз бұдан да жоғары жетістіктерге жетеміз деп жоспарлап отырмыз. Тек инвестиция тарту, құрылыс қарқынын ұлғайту жағынан ақсап отырғанымыз жасырын емес. «Бақты-Таскескен» автожолының салыну мерзімі де ұзап барады.  Бұл да өзінің кері әсерін тигізіп отырғаны анық.Тарих қойнауына еніп бара жатқан бұл жылы өнеркәсіпте 4 миллиард 844 миллион теңгенің өнімін өндірдік. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш бар болғаны 3 миллиард 273 миллион болған. Сөйтіп, биыл біз 148 пайызға артық өнім өндірдік деп мақтанышпен айтуымызға болады. Бұл, құрметті ағайындар,  сіздер мен  біздің  бірлесе,  береке-бірлікпен атқарған шаруаларымыздың жарқын айғағы деуімізге болады. Рас, әлі де алда тұрған жобалар жетерлік. Олардың қатарына бір кездері жұмыс істеп, бүгінде тұралап қалған ірімшік зауытын, көкөніс бақша өнімдерін өңдейтін цехтар ашуды жатқызуға болады…

 

Аудан әкімі Серік Зинабекұлы бұдан кейін биылғы жылы құрылысы аяқталған бірқатар нысандарды да тілге тиек етті. Олардың қатарында Таскескендегі мәдениет үйін, Көктерек, Қарабұта, Бестерек, Барқытбел ауылдарындағы бүгінгі күнге сай жабдықталып, жаңадан салынған  емхана үйлері мен Жанай ауылындағы мектеп ғимараты да бар. Бұдан өзге мектептердің жылу қазандықтары мен  төбелері жаңартылған бірқатар ғимараттарды қосыңыз.

-Осының бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларынан бастау алатын тапсырмалар  мен облыс әкімі Бер-дібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың басшылығымен атқарылып келе жатқан ауқымды істер, — дейді аудан басшысы Серік Зайнулдин.

Аудан әкімі жиын соңынан көптеген азаматтарға Жаңа жылдық құттықтауларын арнап, сый-сияпаттарын таратты. Олардың қатарында облыс әкімінің көмекшісі, облыстық мәслихаттың депутаттары Рысхан Жанкүшікова және Нағима Жақиянова, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат хатшысы М. Бітімбаев, аппарат жетекшісі Найманғазы Қараталов, ішкі істер бөлімінің басшысы Жеңіс Жүрсімбаев, дін басылар мен  өзге де  лауазымды тұлғалар бар.

Мәслихат хатшысы Мұхаметқали Қойжанұлы жиын соңынан аудан әкімі Серік Зинабекұлына әріптестер атынан құттықтау хатын оқып берді.  Жиынды аудан басшысы  қорытып, биік белестерді болашақта да бірлесіп бағындыратындықтарын, сол үшін «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» еңбек ету керектігін алға тартты.

-Аудандағы елге еңбегі сіңген ақсақалдарды, апай, ағалар мен қарындастарды, әріп-тестерімді есігін ашқалы тұрған Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!-деді аудан басшысы.

Берікхан ТАЙЖІГІТ

Связанные новости

Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

12.06.2026
Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

В соответствии с поручением Президента Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев в рамках программы модернизации вокзальной инфраструктуры национальной компании «Қазақстан темір жолы»...

Читать далее ...

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

12.06.2026
В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

В Департаменте государственных доходов по области Абай продолжают разъяснять нормы налогового законодательства, касающиеся имущественных доходов физических лиц. Об этом сообщила...

Читать далее ...

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

12.06.2026
Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

В Семее вопросы обращения с твердыми бытовыми отходами остаются одними из наиболее актуальных. Об этом сообщили специалисты городского Управления санитарно-эпидемиологического...

Читать далее ...

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

11.06.2026
Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай поступила обращение гражданина К. касательно приобретённого дорогостоящего часа бренда Garmin...

Читать далее ...

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

11.06.2026
В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай  поступило обращение потребителя Ж. из города Алматы по вопросу ненадлежащего...

Читать далее ...

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

11.06.2026
Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

Горожане очистили набережную и территорию исторического объекта «Белый балкон», внося вклад в сохранение одной из главных природных достопримечательностей города. 10...

Читать далее ...

Новости

Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

7 часов назад

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

1 день назад

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

1 день назад

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

2 дня назад

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

2 дня назад

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

2 дня назад

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

3 дня назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

4 дня назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

4 дня назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС