Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨРІС АЛҒАН ӨРКЕНДІ БАСТАМА

31.12.2013
ӨРІС АЛҒАН ӨРКЕНДІ БАСТАМА
FacebookWhatsappTelegram

Ежелден төрт түліктің өсуіне қолайлы өңір саналатын Көкпекті ауданында бүгінде мал шаруашылығының ет бағытындағы әлеуетін арттыру өміршең деп танылып отыр. Жергілікті сала өкілдері де бұл ретте бастамашылдығымен танылғанын атап өткен абзал. Бірінші кезекте ауызға «Елім-ай-Көкпекті» жобасы ілінері мәлім.  Сапалы ет өндірісіне жол ашатын бұл бастама кең ауқымдылығымен көзге түсті.

Мал шаруашылығының әлеуетiн арттырып, жергiлiктi iрi қараны асылдандыру мақсатында «Елім-ай-Көкпекті» аргоөнеркәсіп кешені АҚШ-тан асыл тұқымды ірі қара сатып алды. Жоғары өнiмдi ангус сиырларының алғашқы легi өңiрге былтырғы жылы жеткізілген болатын. Жаңа жыл қарсаңында серпінді жобаға тың қарқын беру мақсатында тағы да 467 бас ірі қара әкелінді. Америка құрлығынан жеткізілген малдың 457 басы құнажын болса, 10 басы бұқа. Жалпы шаруашылық 467 бас Ангусты иелену үшiн 325 млн. теңге жұмсапты. Бұл 2 миллион АҚШ долларынан астам қаражат. Жоғары өнiмдi тайыншалар мемлекеттiк бағдарлама аясында «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен сатып алынған.

Көкжайыққа асыл тұқымды сиырлар легi тiкелей АҚШ-тың Монтана штатынан жеткiзiлдi. Жоғары өнiмдi «Абердин Ангус» аталатын iрi қара 16 тәулік бойы Тынық мұхитты, 6 тәулік автокөлікпен кәрі құрылықты артқа тастап, елге жеткізілді. Шетелдiк зеңгi баба төлдерiнiң қазақ жерiне аяқ басуы мал шаруашылығы әлеуетiн арттыру ұлттық жобасының жемiсi. Бұл қадамды Елбасы Жолдауында ет экспортының әлеуетін арттыру бағытында берілген тапсырмасының шынайы іске асуы деп білуге болады.

 

Бұл американдық «Абердин Ангус» қысы суық өңірлерде өсіруге аса қолайлы. Жоба мақсаты – келешекте өңірде асыл тұқымды мал басын арттыру және экспорттық әлеует құру. Нәтижесінде, аудандағы ет өндірісі еселеп өсіп, жоғары деңгейлі экспорттық әлеует қалыптасады. Жаңадан әкелінген ірі қара біздің жақтың ауа райына бейiмделгенше қамауда күтiлiп — бағылуда. Әзiрге 30 күн бойы мал ветеринарларының жiтi қарауында болады.

 

Құнажындардың бүгiнгi күйi жаман емес. Қазiрдiң өзiнде 10-12 айлық төлдердiң салмағы 250-330 келi шамасында. Ангустар 800 кг дейін салмақ бере алады. Бiрақ оған дәруменге бай, теңестiрiлген арнайы жем-шөп пен ерекше күтiм қажет. Ол үшiн серiктестiкте барлық жағдайлар жасалған. АҚШ-тан әкелінген сиырдың бабы ерекше. Үнемі бақылап отыру қажет екен. Қазір сиырдың құлағында нөмір бар. Сол арқылы ет өнімділігін арттыру сапасын бақылауға мүмкіндік бар. Селекция жұмыстары да назарда. Ең үздік өнімділік беретін құнажындарды осылайша анықтауға болады.

Болат Бекбердинов, шаруашылық басшысы:

— Кешенде қыстап шығатын қора-қопсы заман талабына сай тұрғызылған. Мал азығы жөнiнен де қам жемеймiз. Түрлi микро, макро қоспалы жем-шөп қоры жеткілікті. Егер бастамамыз сәттi жүзеге асса, келер жылы тағы да мұхиттың арғы бетінен асыл тұқымды ірі қара сатып алуды көздеп отырмыз. Оларды ұстайтын арнайы қоралар биылғы жылы салынды. Қоршаудың ішінде сиырлар тәулік бойы үздіксіз берілетін жылы суды арнайы орнатылған шетелдік құрылғыдан ішеді. Желден қорғау мақсатында қалқа тұрғызылды. Жалпы алғанда 38 кешеннің аумағы бірыңғай үлгіде қоршалды.        16 шақырым бойында электр желісі тартылып, кешен толықтай жарықтандырылды.

Қазақ халқы ықылым заманнан төрт түлік малды береке мен байлықтың басы санап, көп игілігін көріп келді. «Мал — елге құт» деген сөз бар дана халқымызда. Төрт түліктің берекесін игілігімізге пайдаланып, ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілетті салаларының біріне айналдырсақ, нұр үстіне нұр болмақ. Ендеше, іскерлігімен танылып отырған көкжайықтық мал өсірушілерге тек сәттілік тілейміз.

Дархан БЕРДІБЕК

Связанные новости

Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

12.06.2026
Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

В соответствии с поручением Президента Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев в рамках программы модернизации вокзальной инфраструктуры национальной компании «Қазақстан темір жолы»...

Читать далее ...

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

12.06.2026
В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

В Департаменте государственных доходов по области Абай продолжают разъяснять нормы налогового законодательства, касающиеся имущественных доходов физических лиц. Об этом сообщила...

Читать далее ...

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

12.06.2026
Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

В Семее вопросы обращения с твердыми бытовыми отходами остаются одними из наиболее актуальных. Об этом сообщили специалисты городского Управления санитарно-эпидемиологического...

Читать далее ...

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

11.06.2026
Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай поступила обращение гражданина К. касательно приобретённого дорогостоящего часа бренда Garmin...

Читать далее ...

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

11.06.2026
В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай  поступило обращение потребителя Ж. из города Алматы по вопросу ненадлежащего...

Читать далее ...

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

11.06.2026
Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

Горожане очистили набережную и территорию исторического объекта «Белый балкон», внося вклад в сохранение одной из главных природных достопримечательностей города. 10...

Читать далее ...

Новости

Первые два модернизированных железнодорожных вокзала в стране введены в эксплуатацию в области Абай

7 часов назад

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

1 день назад

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

1 день назад

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

2 дня назад

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

2 дня назад

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

2 дня назад

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

3 дня назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

4 дня назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

4 дня назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС